Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 599 "Жылыой ауданы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" және 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 366 "Жылыой ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" және 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлықтарына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 599 "Жылыой ауданы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2824 болып тіркелген, 2014 жылы 9 қаңтарда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 366 "Жылыой ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3319 болып тіркелген, 2015 жылы 29 қазанда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә. Шәкіровке жүктелсін.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады