Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 3 маусымдағы № 179 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С.Ертай

  Арыс қаласы әкімдігінің
03 маусымдағы 2016 жылғы
№ 179 қаулысына қосымша

Арыс қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2832 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2014 жылғы 25 қазандағы № 45 (5935) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
      2. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 304 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3220 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2015 жылғы 11 шілдедегі № 28 (5970) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
      3. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 25 "Арыс қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3013 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 8-9 (5951) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
      4. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 46 "Арыс қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 25 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3602 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 15 (6009) нөмірінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады