Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштерін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 5/30 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы: Б.Омарбеков
      Мәслихат хатшысы: М.Нахипбеков

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2016 жылғы 30 маусымдағы № 5/30
шешіміне қосымша

Бәйдібек аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 23/119 "Бәйдібек аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2627 тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Шаян" газетінде жарияланған) шешімі:
      2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 37/200 "Бәйдібек аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 23/119 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3206 тіркелген, 2015 жылғы 6 шілдедегі "Шаян" газетінде жарияланған) шешімі:
      3. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 34/175 "Бәйдібек аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3027 тіркелген, 2015 жылғы 13 наурыздағы "Шаян" газетінде жарияланған) шешімі:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады