Ордабасы аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 4/9 шешiмi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасының 06.06.2016 жылғы № 2-26-3/3881 хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшаларына сәйкес Ордабасы аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық шешімдерің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы
С.Алтыбаев
      Аудандық
мәслихат хатшысы
Б.Садвахасов

  Ордабасы аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 22 маусымдағы
№ 4/9 шешіміне қосымша

Ордабасы аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2385 нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 2 қарашадағы "Ордабасы оттары" газетінің № 44 нөмінде жарияланған).
      2. Ордабасы аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 31-наурыздағы № 30/15 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 14-сәуірдегі № 2604 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі "Ордабасы оттары" газетінің № 19 нөмірінде жарияланған).
      3. Ордабасы аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 16-ақпандағы № 41/1 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 24-ақпандағы № 3051 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпандағы "Ордабасы оттары" газетінің № 12 нөмірінде жарияланған).
      4. Ордабасы аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27-қазандағы № 46/4 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 13-қарашадағы № 3427 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қарашадағы "Ордабасы оттары" газетінің № 50 нөмірінде жарияланған).
      5. "Ордабасы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 30/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 22-сәуірдегі № 2616 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы "Ордабасы оттары" газетінің № 20 нөмірінде жарияланған).
      6. Ордабасы аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26-наурыздағы № 42/10 "Ордабасы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 30/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 14-сәуірдегі № 3123 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірдегі "Ордабасы оттары" газетінің № 19 нөмірінде жарияланған).
      7. "Ордабасы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 45/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 20 қазандағы № 3370 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 7-қарашадағы "Ордабасы оттары" газетінің № 47 нөмірінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады