"Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 5-29/VI шешiмi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 44-314/V "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 6 тамызында № 3308 тіркелген, "Мәртөбе" газетінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 35 және "Пульс Сайрама" газетінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 33 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Сессия төрағасы Е.Беркінбаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ж.Сүлейменов

  Сайрам аудандық мәслихатының
2016 жылғы 3 маусымдағы
№ 5-29/VІ шешiмiмен
бекiтiлген

"Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесi аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Сайрам аудандық мәслихат хатшысының өкiмдерi мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек жолы даңғылы, № 95 үй, индекс 160800.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы: "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы:
      ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Сайрам аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      15. Мiндеттерi:
      Сайрам аудандық мәслихаты депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
      16. Функциялары:
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асырады.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз құзыретi шегiнде Сайрам аудандық мәслихаты Регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      2) мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi;
      3) азаматтардың (сайлаушылардың) мәслихатқа жолдаған хаттарын, арыз-шағымдарын тiркейдi және қарайды, депутаттардың назарына жеткiзедi, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;
      4) "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
      5) Сайрам аудандық мәслихатының актiлерiн әзiрлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен оларды әдiлет органдарына тiркеуге жолдайды;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен Сайрам аудандық мәслихатының шешiмдерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етедi;
      7) Сайрам аудандық мәслихатының ic-жүргiзу қызметiн жүргiзедi;
      8) мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      19. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Сайрам аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      20. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
      21. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексерудi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес ұйымдастырады;
      8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      9) мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихаты атынан өкiл болады;
      11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      12) заңнамада белгiленген тәртiппен аппарат қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      13) "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйiне дербес жауапты болады;
      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Сайрам аудандық мәслихатының шешiмдерiне сәйкес мiндеттердi жүзеге асырады;
      "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      22. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      23. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiннiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады