Шардара аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-34-VI шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаттың кейбір нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы И.Әділхан
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Муталиев

  Шардара аудандық мәслихатының
2016 жылғы 22 маусымдағы
№ 4-34-VІ шешіміне қосымша

Шардара аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 26-167-V "Шардара аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2647 тіркелген, 2014 жылдың 23 мамырдағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 39-238-V "Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 26-167-V "Шардара аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 тіркелген, 2015 жылдың 17 сәуірдегі "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімі;
      3. Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 39-237-V "Шардара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3104 тіркелген, 2015 жылдың 17 сәуірдегі "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімі;
      4. Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2416 тіркелген, 2013 жылдың 9 желтоқсандағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімі.
      5. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 25-156-V "Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2580 тіркелген, 2014 жылдың 4 сәуірдегі "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімі.
      6. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 27-178-V "Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2667 тіркелген, 2014 жылдың 30 мамырдағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімі.
      7. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 36-218-V "Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2965 тіркелген, 2015 жылдың 13 ақпандағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады