"Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазаңдағы № 807 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 152 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 480 Заңының 27 бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазаңдағы № 807 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қарашада № 5-8-118 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 65, "Пульс района" газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 66 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Н.Лазуринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады