2015 жылғы 26 мамырдағы № 415 ""Ұлан ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 374 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 415 ""Ұлан ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық акт тіркеу тізілімінде 3978 нөмерімен 2015 жылғы 29 мамырда тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 57 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
      Ұлан ауданының әкімі Д. Батырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады