"Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" № 1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 79 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 79 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4530 болып тіркелген «Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер № 1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 79 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
      2) осы бұйрық көшірмесінің мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдануын;
      3) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А. Дауылбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»:                   «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі      Сыртқы істер министрінің
                                     міндетін атқарушы
      ______________ Е. Сағадиев     ______________ М. Тілеуберді
      «___» _________ 2016 жыл       «___» _________ 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады