"Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 181 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1659 тіркелген, 2001 жылғы 2 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 255 (23603) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастырсын;
      3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны бір апта мерзімде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы1 қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Д. Ақышев

      1"Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады