Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 18 қазандағы № 84/қе

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті туралы ереженің 16-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 28 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11022 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 19 маусымдағы № 114 (28592) "Егемен Қазақстан" және 2015 жылғы 20 маусымдағы № 115 (27991) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ережесінде:

      8-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 130000, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 24 шағынауданы, нөмірі 4 ғимарат.";

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" № 369 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9886 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қаңтарда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ережесінде:

      5-тармақтағы 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Кеген аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Кеген ауданы;";

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" № 80 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12254 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 шілдедегі № 138 (28866) "Егемен Қазақстан" және 2016 жылғы 21 шілдедегі № 138 (28264) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ережесінде:

      5-тармақтағы 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Железин аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Железин ауданы және Тереңкөл ауданы;";

      5-тармақтағы 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Шарбақты аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Шарбақты ауданы және Аққулы ауданы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті:

      1) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзімі ішінде хабарландырсын;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментін екі ай мерзімі ішінде ақпараттандырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады