"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 374 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережеде:

      осы Ереженің 13-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Ұлттық санақтар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21) статистикалық жіктеуіштерді әзірлейді және бекітеді;

      22) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

      23) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      24) штаттан тыс санақ бөлімінің штат кестесін, құрылымы мен ережесін әзірлейді және бекітеді;

      25) санақ парақтарын әзірлейді және бекітеді;

      26) ұлттық санақтар жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлейді және бекітеді;

      27) ақпараттық жүйелерді интеграциялаусыз мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлейді және бекітеді;

      28) ұлттық санақтар жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен бірлескен актілерді әзірлейді және бекітеді;

      29) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыруды және жариялауды қамтамасыз етеді;

      30) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекітеді;

      31) ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы бекітеді;

      32) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекітеді;

      33) үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекітеді;

      34) уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға пікіртерім жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен тестілеу жүргізу және жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың жобаларын талқылау қағидалары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;

      36) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің санын және олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын бекітеді;

      37) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын бекітеді;

      38) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын бекітеді;

      39) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекітеді;

      40) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келіседі;

      41) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұйғарым енгізу және кассациялық наразылық білдіру туралы өтінішхат береді;

      42) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыларына, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарайды;

      43) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтерді ұсынады;

      44) қағаз жеткізгіштердегі және электронды түрдегі алғашқы статистикалық деректерді, әкімшілік деректерді белгіленген мерзімдерде сақтауды қамтамасыз етеді;

      45) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, деректер базаларын және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, Комитеттің интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеуді және өзектілендіруді етуді қамтамасыз етеді;

      46) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      47) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуға жататын ресми статистикалық ақпараттың таратылуын қамтамасыз етеді;

      48) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың оң қорытындысы алынған техникалық-экономикалық негіздемені, оның ішінде түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме мен ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бекітеді.";

      осы Ереженің 14-тармағында:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттiк статистика органдарының статистикалық қызметiнiң Комитет бекiткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөнiндегi статистикалық әдiснамаға сәйкестiгiне талдау жүргiзеді және талдау жүргiзуге қажеттi құжаттарды (ақпаратты) сұратады;

      5) респонденттерге бармай, профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) бағаларды тіркеуді жүргізеді;";

      осы Ереженің 16-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7), 11-8), 11-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-3) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарауды жүзеге асыру;

      11-4) Комитеттің қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға пікіртерім жүргізу;

      11-5) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен тестілеу жүргізу және жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын талқылау;

      11-6) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту;

      11-7) тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп тұрғындар арасында ұлттық санақтар жүргізудің мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      11-8) аумақтық статистика органдарының санақ персоналын іріктеуі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ұлттық санақтарға қатысуға шарттар жасасуы;

      11-9) уәкілетті органның шешімі бойынша пилоттық санақ жүргізу арқылы санақ парақтарын сынау, жүргізілуін ұйымдастыруды және алынған деректерді өңдеуді байқаудан өткізу, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы санағы субъектілерінің тізімдерін қалыптастыруы, нақтылауы, сондай-ақ Комитетке ұсынуы;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады