"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 576 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 153 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      "Инвестициялық саясат департаменті-07" деген бөлімде:

      Инвестициялық саясат департаментінің директоры, С-1 санаты, 07-1, Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 07-2 мен Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының - 07-01 әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарында:

      "Білімі" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, әлемдік экономика, жобаларды басқару) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды жасау) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары білім

  ";

      "Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті-08" деген бөлімде:

      Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры, С-1 санаты, 08-1 мен Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті директоры орынбасарының, С-2 санаты, 08-2 біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:

"Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті-08

Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры, С-1 санаты, 08-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттар қауіпсіздігі жүйелері) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Департамент құрамына кіретін басқармалардың жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру және жоспарлау. Министрліктің ведомстволарын және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын үйлестіру. Мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз ету. Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысты жүзеге асыру. Денсаулық сақтау бюджетін қалыптастыруға және ақпараттандыру мен цифрландыру мәселелері бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қызметін үйлестіруге қатысу. Денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелерді құрудың, енгізу мен пайдаланудың тиімділігі индикаторларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу. Құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі жұмысын үйлестіру. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, ақпарат жинақтауды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету

Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 08-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттар қауіпсіздігі жүйелері) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Өкілеттік шеңберінде Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру, Департаменттің құрамына кіретін басқармалардың жұмысына, үйлестіру және жоспарлау. Министрліктің ведомстволары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын үйлестіру, мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді құзыреті шегінде қамтамасыз ету, Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысты жүзеге асыру, денсаулық сақтау бюджетін қалыптастыруға және ақпараттандыру мен цифрландыру мәселелері бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қызметін үйлестіруге қатысу, денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу мен пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі жұмысын үйлестіру. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, ақпарат жинақтауды және мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету

  ";

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасы мынадай мазмұндағы біліктілік талаптармен толықтырылсын:

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасы – 08-03

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасының басшысы, С-3 санаты, 08-03-01

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттар қауіпсіздігі жүйелері), экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі.

Функционалдық міндеттері

Басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады, басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауды, талдау мен ұйымдастыруды жүзеге асыру, құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасын келісуді жүзеге асыру; Құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша жұмысын үйлестіру. Құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмысын үйлестіру, ақпаратты жинақтауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы (бір бірлік), С-4 санаты, 08-03-02

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттар қауіпсіздігі жүйелері), экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмысын үйлестіру, ақпаратты жинақтауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету

  ";

      "Жобалық басқару департаменті-09" деген бөлімде:

      департамент директоры орынбасарының, С-2 санаты, 09-02 және менеджмент және корпоративтік басқару басқармасы сарапшысының, С-5 санаты, 09-03-03 біліктілік талаптары алып тасталсын;

      "Стратегиялық даму департаменті-10" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"Стратегиялық даму департаменті-10

Стратегиялық даму департаментінің директоры, С-1 санаты, 10-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Стратегияны дайындау, департамент қызметіне жалпы басшылық ету, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер мен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құқықтық актілері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру. Департаменттің құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге басшылық ету, денсаулық сақтау саласында стратегиялық құжаттардың және операциялық жоспарлардың, ақпараттық-талдау материалдарының орындалуын бақылау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жұмысына басшылық ету, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді орындау.

Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 10-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін жалпы үйлестіру, Департаменттің өкілеттігі шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйлестіру. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер мен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құқықтық актілері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру. Департаменттің құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге басшылық ету, денсаулық сақтау саласында стратегиялық құжаттарды және операциялық жоспарларды, ақпараттық-талдау материалдарының орындалуын бақылау. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау бойынша жұмысына басшылық ету, басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді орындау.

Стратегиялық жоспарлау басқармасы-10-01

Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 10-01-01

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Басқарманың жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау. Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауды, бақылауды, ұйымдастыруды және талдауды, басқармадағы өзара алмасушылықты қамтамасыз ету. Басқа ұйымдардың кеңестеріне Министрліктің атынан қатысу. Басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізу. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, стратегияларды, стратегиялық және операциялық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу және жұмысын үйлестіру. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға, конгрестерге, симпозиумдарға, семинарларға қатысу. Денсаулық сақтаудың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ведомстволарының даму жоспарларын, аумақтың даму бағдарламасын стратегиялық және өзге директивалық құжаттарға сәйкестігі мәніне келісу бойынша жетекшілікті жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық денсаулық сақтау органдарының және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша денсаулық сақтау органдарына және ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету

Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), 10-01-02

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізу, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды: Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауына ұсыныстар, 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына ұсыныстар әзірлеу, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі арасындағы қол қойылған Меморандумды, денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық даму жоспарын әзірлеу. "Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу" бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуге қатысу. Аумақтардың даму бағдарламаларының денсаулық сақтау бөлімін қалыптастыруға қатысу, ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын стратегиялық және өзге директивалық құжаттарға сәйкестігі мәніне келісу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына және ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарларға, алқаларға, конференциялар және Министрліктің талдамалы материалдарын дайындауға қатысу

Стратегиялық жоспарлау басқармасының сарапшысы, (2 бірлік), С-5 санаты, 10-01-03, 10-01-04

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Денсаулық сақтау саласындағы операциялық даму жоспарын, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу. Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша жоспарларды, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Аумақтардың дамыту бағдарламаларының денсаулық сақтау бөлімін қалыптастыруға қатысу, ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының даму жоспарларының стратегиялық және өзге директивалық құжаттарға сәйкестігі мәніне келісу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына және ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету

Жиынтық талдау және мониторинг басқармасы-10-02

Жиынтық талдау және мониторинг басқармасының басшысы, С-3 санаты, 10-02-01

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік бағдарламалар мен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарына мониторинг жүргізу. Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауды, бақылауды, ұйымдастыруды және талдауды, басқармадағы өзара алмасушылықты қамтамасыз ету. Министрліктің атынан басқа ұйымдардың кеңестеріне қатысу. Басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізу. Министрліктің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Министрліктің жиынтық талдамалық есептері мен денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын қалыптастыру

Жиынтық талдау және мониторинг басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 10-02-02, 10-02-03

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқар), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Басқармаға келіп түскен құжаттарды орындау, олардың сапалы және уақтылы орындалуына өзін-өзі талдау жүргізу. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау, мониторинг және бағалау жүргізу. "Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу" бағыты бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуге қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Министрліктің жиынтық талдамалық есептері мен ақпараттық-талдау материалдарын қалыптастыру

Жиынтық талдау және мониторинг басқармасының сарапшысы, (бір бірлік), С-5 санаты, 10-02-04

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білімі

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі

Функционалдық міндеттері

Басқармаға келіп түскен құжаттарды орындау, оларды сапалы және уақтылы орындауға өз-өзіне талдау жүргізу. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау, мониторинг және бағалау жүргізу. "Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу" бағыты бойынша Министрліктің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуге қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Министрліктің жиынтық талдамалық есептері мен ақпараттық-талдау материалдарын қалыптастыру

  ";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады