Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-Ө бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 65-П бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 24.02.2023 № 65-П бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Жауапты хатшы       С. Нұрлыбай

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 5-Ө бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 01.07.2022 № 253-П бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып, Министрліктің Аппарат басшысы бекітеді.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, №8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 15-кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

      12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәні бойынша Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда ондай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Комитеттің негізгі міндеті мыналар:

      1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;

      2) табиғи ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру болып табылады;

      3) қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;

      5) эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру;

      6) кешенді экологиялық реттеуді беруді жүзеге асыру;

      7) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;

      8) Комитеттің аумақтық экология департаменттеріне басшылықты және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды әдістемелік қамтамасыз ету;

      9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту;

      10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      11) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

      14. Комитеттің негізгі функциялары:

      1) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;

      2) қауіпті қалдықтарды экспорттауға және импорттауға лицензия береді;

      3) парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін береді;

      4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;

      5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, кейіннен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы қорытындымен бірге беріледі, келісіледі немесе келісілмейді;

      6) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 87-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберінде I санаттағы объектілер үшін ықпал етуге рұқсат беруді жүзеге асырады;

      7) кешенді экологиялық рұқсат беруді жүзеге асырады;

      8) қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлерді анықтау, зерделеу және бағалау мақсатында қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүзеге асырады, кейіннен қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, оны одан әрі іске асыруға жол беріледі/жіберілмейді;

      9) кейіннен қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды бере отырып, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындайды;

      10) белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезіндегі іс жүзіндегі әсерлердің жобадан кейінгі талдауын бағалауды жүзеге асырады;

      11) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты және кешенді экологиялық рұқсатты қайта ресімдейді;

      12) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат және кешенді экологиялық рұқсат беруден бас тартуды жүзеге асырады;

      13) берілген бөлігінде түзетуді жүзеге асырады:

      - I санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат;

      - кешенді экологиялық рұқсат;

      - мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы;

      - қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын анықтау туралы қорытындылар;

      - қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар;

      14) апелляциялық комиссия құрады;

      15) апелляциялық комиссияның Ережесін және құрамын бекітеді;

      16) тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттері мен әрекетсіздігін қарайды;

      17) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді ЕАЭО елдерінен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілетін бірыңғай нысан бойынша рұқсат береді;

      18) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтірген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      19) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      20) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      21) жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасын келіседі;

      22) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      23) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғат қорғауды жобалау, нормалау; қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою);

      24) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;

      25) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      26) ең озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      27) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;

      28) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын, оның ішінде экологиялық заңнаманың сақталуын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады:

      - Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына;

      - қоршаған ортаның ластану салдарын жою бойынша шаралар өткізу;

      - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай босаған немесе басқа да процестер мен жұмыстарды бұзатын жерлерді Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оларды одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтірумен;

      -қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуына;

      - қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеп соғатын жер қойнауының ластанудан, суланудан және техногендік процестерден сақталуына;

      - жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;

      - жер қойнауы учаскесін және жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою;

      - жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды өңдеу кезінде экологиялық нормалар мен ережелерді сақтау;

      - пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдердің сақталуына;

      - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды орындауға;

      - зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға;

      - су сапасының нормативтерін сақтау;

      - атмосфералық ауаны қорғаудың, оның ішінде көлік және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезінде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге де талаптардың сақталуына;

      - қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына;

      - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуына;

      - қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде радиоактивті және өзге де экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге де айналысы қағидаларын сақтау;

      - экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғат пайдалану шарттарының орындалуымен;

      - өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру бойынша белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау;

      - ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілерге қойылатын экологиялық талаптарды сақтау;

      - тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуына;

      - өндірістік экологиялық бақылау нормалары мен ережелерінің сақталуына;

      - Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;

      - қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтау;

      - мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;

      - қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтау;

      - "Байқоңыр" кешенінің аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына;

      - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озонды бұзатын заттардың нақты әкетілген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді ұсыну туралы талаптардың сақталуына;

      - өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауы;

      - оператордың Қазақстан Республикасының Экология кодексінде айқындалған талаптарды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауымен;

      29) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      30) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      31) полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      32) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;

      33) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;

      34) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісуді жүзеге асырады;

      35) эмиссиялардың, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жылжымалы көздері үшін техникалық үлестік нормативтерін әзірлейді және бекітеді.

      36) құзыреті шегінде кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды келіседі;

      37) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүргізеді;

      38) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды, реттелетін салалардағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;

      39) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      40) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      41) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      42) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      43) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;

      44) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

      45) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      46) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;

      47) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны көрсетуді электрондық форматқа көшіру жөнінде шаралар қабылдайды;

      48) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;

      49) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;

      50) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;

      51) бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;

      52) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;

      53) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

      54) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттарға басқа да қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауын бақылайды;

      55) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;

      56) сараптамалық кеңестер құрады;

      57) нормативтік техникалық құжаттар техникалық регламенттердің талаптарын іске асыру үшін қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұлттық стандарттар ретінде әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      58) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      59) екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініштер нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      60) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін), тексеру парақтарын іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады;

      61) реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді және тексерулер жүргізудің бекітілген жартыжылдық кестелерін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      62) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;

      63) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекітеді;

      64) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;

      65) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;

      66) Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;

      67) Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      68) Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      69) Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын белгілейді;

      70) Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;

      71) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады;

      72) Қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      73) Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      74) жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы

      - мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылу барысы;

      - экологиялық залалды ремедиациялау бойынша іске асырылған іс-шаралар;

      - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған республикалық бюджеттің шығыстары;

      - мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін бюджетке өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат орналастырады;

      75) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын әзірлейді;

      76) Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77) Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      78) Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;

      79) Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      80) Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне қосу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      81) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және сезімталдық индексін айқындау жөнінде шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      82) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдіснамасын әзірлейді және бекітеді;

      83) Техникалық газды күкіртпен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      84) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      85) Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін, әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініштер нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      86) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;

      87) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін айқындайды;

      88) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді белгілейді;

      89) әсер етуге экологиялық рұқсат берілетін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді белгілейді;

      90) Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      91) қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

      92) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;

      93) бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді;

      94) өзінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      95) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      96) Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      97) Орнықты органикалық ластаушы заттар эмиссияларын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      98) Жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      99) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      100) Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      101) Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      102) Күкіртті карталарда ашық түрде орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      103) Жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      104) Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      105) I және II санаттағы объектілерге өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу, ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      106) қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      107) Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      108) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      109) Кепілдік беру, банктік салым кепілі, мүлік кепілі және сақтандыру туралы өтініштің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      110) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      111) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

      112) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

      113) Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      114) Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      115) Жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      116) Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жою үшін диспергенттер мен хердерлерді диспергенттер мен хердерлер тізбесіне қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      117) Газдарды тазарту қондырғыларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      118) Экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      119) қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      120) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      121) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді;

      122) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізеді;

      123) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      124) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындайды;

      125) реттелетін салаларда рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;

      126) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асырады;

      127) мыналарға:

      экологиялық рұқсаттар беру рәсімі, сондай-ақ кешенді экологиялық рұқсаттарды қайта қарау рәсімі шеңберінде I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлеуге;

      кешенді экологиялық рұқсаттарды беру рәсімі шеңберінде II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасын операторлар оларды ерікті түрде алған жағдайда;

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 87-бабы бірінші бөлігінің 3)8) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілеріне қатысты экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді;

      128) апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;

      129) апелляциялық комиссияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағымды шағым жасалатын мәселелер шегінде қарайды;

      130) экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация табыс етеді;

      131) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар береді;

      132) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және олардың қолданысын тоқтата тұру жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдайды;

      133) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;

      134) өндірістік және басқа да сарқынды суларды теңізге ағызу үшін мұндай суларды белгіленген нормативтерге дейін тазарту шартымен рұқсаттар береді;

      135) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      136) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар береді;

      137) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      138) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауын, оның ішінде:

      - Қазақстан Республикасы Экология кодексінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелерін сақтауын;

      - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы экологиялық талаптардың сақталуын;

      - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды консервациялау және салдарын жою, бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын;

      - оператордың Қазақстан Республикасының Экология кодексінде айқындалған талаптарды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын;

      - қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтауын;

      - жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      139) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      140) әкімшілендірілетін қондырғылардың парниктік газдардың квоталанатын шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;

      141) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      142) полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      143) белгіленген құзыреті шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      144) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісуді жүзеге асырады;

      145) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      146) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

      147) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 337-бабының 1-тармағында көрсетілген субъектілерден хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;

      148) Эмиссиялары экологиялық нормалауға жататын ластаушы заттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      149) құзыретті органмен бірлесіп, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарларын жою бойынша зерттеу нәтижелерін және жұмыстарды қабылдау тәртібін айқындайды;

      150) Нақты аумақтар және (немесе) акваториялар (немесе олардың бөліктері) шегінде табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін белгілейді;

      151) Стационарлық шығарындылар көздеріне түгендеу жүргізу, оның деректерін түзету, осындай түгендеу жүргізу және түзету нәтижесінде алынған деректерді құжаттау және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      152) Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      153) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      154) қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне олардың кіші түрлері бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді;

      155) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде сақтандырудың үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;

      156) Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      157) Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін таңдау туралы шешімді айқындау, келісу және қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      158) Теңізде мұнайдың төгілуін жоюдың жиынтық экологиялық пайдасы мен әдістерін талдау мәселелері бойынша ұсынылатын ең үздік халықаралық практикалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      159) жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келіседі;

      160) Қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін әзірлеу және бекіту, қалдықтарды басқару туралы есептілікті ұсыну және бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      161) жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктерін белгілейді;

      162) сараптама комиссияларын құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;

      163) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері туралы ережелерді және олардың дербес құрамын бекітеді;

      164) қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      165) бастапқы консультациялар барысында келісілген тәртіп пен шарттарға сәйкес қозғалатын тараптармен консультациялар өткізуді ұйымдастырады;

      166) стратегиялық экологиялық бағалау немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде өз функцияларын орындау кезінде қозғалатын тараптармен консультациялар барысында алынған, сондай-ақ қозғалатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығы ұсынған ескертпелер мен ұсыныстарды қарауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;

      167) Экологиялық рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуына жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;

      168) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар береді;

      169) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      170) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықтарды және қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекітеді;

      171) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      172) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;

      173) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік субсидиялардан экономикалық әсерді айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      174) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;

      175) қажет болған жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарады;

      176) бюджеттік мониторингті және оның нәтижелері туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;

      177) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      178) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      179) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

      180) ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      181) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      182) ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

      183) стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;

      184) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін әзірлейді, бекітеді және келіседі;

      185) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      15. Құқықтары мен міндеттемелері:

      Комитеттің құқықтары:

      1) Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау;

      2) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алу;

      3) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ұсыныстарды бекіту;

      4) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін, өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;

      5) Комитет реттейтін қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      6) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттаманы, талдау нәтижелерін және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      7) Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны және табиғат ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларының және болжамдарының жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар енгізу;

      9) өз құзыреті шегінде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетелдік заңды тұлғаларымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы қабылдаған келісімдер мен конвенцияларды, экологиялық бағдарламаларды және жобаларды орындау жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысу;

      10) аумақтық экология департаменттерінің қызметтерін қадағалау және үйлестіру және бақылау бойынша басшылықты жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде бекітілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      16. Комитеттің міндеттемелері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      2) осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      5) Комитет қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

      6) Министрлік басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;

      7) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуді, ондағы сыни ескертпелерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетті басқаруды төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      18. Төрағаны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

      19. Комитет төрағасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Аппарат басшысы бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.

      20. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделеді.

      21. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Министрліктің Аппарат басшысына Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстар береді;

      3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамаға сәйкес Комитеттің және аумақтық органдардың қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға қатысты жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, басшыларының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдары – экология департаменттерінің қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауаптылық мәселелерін шешеді;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік артады;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) аумақтық бөлімшелердің басшыларына іссапар (шетелге іссапардан қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;

      11) аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

      Төраға болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарына Комитет төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.

      27. Комитеттің осы Ережеге қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес аумақтық органдары бар.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің
Экологиялық реттеу және
бақылау комитеті"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің ережесіне
қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 5-Ө бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – экология департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып Экология департаменті (бұдан әрі - Департамент) табылады, ол экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе, Комитеттің атынан түседі.

      5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.

      6. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысымен, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып бекітіледі.

      7. Аумақтық органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің _________________________ бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Департамент экологии по _________________________ Комитета экологического регулирования и контроля Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,

      ________________________________________________________________ .

      9. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      10. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      11. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.

2-тарау. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері

      12. Департаменттің негізгі мақсаттары болып келесілер табылады:

      1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық талаптар нормативтерінің сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;

      3) табиғат пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылау жүргізуін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      4) өз құзыреті шегінде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;

      5) өз құзыреті шегінде, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;

      6) өз құзыреті шегінде, аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру.

      13. Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      4) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;

      6) қоғамдық тыңдалымдарға қатысады;

      7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;

      8) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;

      9) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      10) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;

      11) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;

      12) өз құзыреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      13) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы ұсыныс жасайды;

      14) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыреті шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;

      15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;

      16) мыналарға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;

      қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес, оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;

      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;

      жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;

      жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;

      жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;

      жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;

      пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;

      жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;

      зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;

      су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;

      атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;

      қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;

      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;

      қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;

      экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;

      өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;

      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;

      өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;

      қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;

      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;

      мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;

      қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;

      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;

      17) өз құзыретіне сәйкес, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      18) өз құзыреті шегінде, су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      19) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      20) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;

      21) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;

      22) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;

      23) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      24) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      25) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;

      26) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;

      27) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;

      28) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      30) өз құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      31) өз құзыреті шегінде кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды келіседі;

      32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      14. Департамент өз құзыреті шегінде:

      1) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алады;

      2) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ережені бекітеді;

      3) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаларды, талдау нәтижелерін және өзге материалдарды сұрастырады және алады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен бекітілген өзге құқықтарды жүзеге асырады.

      15. Департаменттің міндеттеріне мыналар кіреді:

      1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      3) Департмент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

      4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;

      5) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуді, ондағы сыни ескертпелерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды жүзеге асыру.

      16. Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, мемлекеттік экологиялық инспекторлардың құқықтарын иеленеді.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      17. Департаментті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып, комитет Төрағасының ұсынысы бойынша, Министрліктің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Басшы басқарады.

      Департамент Басшысы болмаған жағдайда оның міндетін орындау орынбасарға немесе Комитеттің және/немесе оның аумақтық бөлімшелерінің кез-келген қызметкеріне Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес жүктеледі.

      18. Департаменттің Басшысына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелері Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен рәсімделеді.

      19. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының/тиісті облыстардың Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары Басшының орынбасарлары болып табылады.

      20. Департамент Басшысы Департаменттің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілік артады.

      21. Департамент Басшысы осы мақсаттарда:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады, іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      2) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін дербес жауапты болады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттің мүддесін ұсынады;

      4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құрады, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды тартады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      22. Департамент жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие. Департаменттің мүлкі оған мемлекет, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атынан берілген мүліктің, сондай-ақ олардың құны департаменттің теңгерімінде көрсетілетін негізгі қор және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өзге мүліктің есебінен қалыптасады.

      23. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады