"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 170 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 26.10.2023 № 1-НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-Ө бұйрығының 20-тармағы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес;

      2) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;

      6) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;

      7) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;

      8) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы" 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығы жоққа шығарылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға А. Тұрлыбек

  Қазақстан Республикаcы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитеті
төрағасының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 170 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады. Инспекцияның Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында бөлімдері бар.

      2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Инспекция қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау осы Ереженің қосымшасында ұсынылған.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 120008, Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі, 107 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүзеге асыру;

      3) су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;

      5) су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру;

      6) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру;

      7) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

      10) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      11) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

      12) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

      13) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

      14) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

      15) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

      16) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      17) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;

      18) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті су көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;

      19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      20) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;

      21) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

      22) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

      24) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      25) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      26) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      27) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асы

      28) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      29) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, су қорын падалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен су тұтыну және су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      30) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      31) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      32) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiне бақылауды жүзеге асыру;

      33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      34) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

      36) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      38) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;

      39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      40) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      41) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      42) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;

      43) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      44) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      45) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      15. Инспекцияның құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттілерді қабылдау;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алу және сұрату;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.

      17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      19. Инспекция Басшысының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;

      3) Инспекция қызметшілерінің міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте Инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;

      6) Комитет басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде Инспекция басшысы мен басшы орынбасарларының іссапарлары мәселелерін шешеді, көтермелеу жөнінде ұсынысты жоғары органның басшылығына енгізеді;

      7) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Инспекцияның мүддесін ұсынады.

      Инспекция Басшысы болмаған уақытта өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Инспекция Басшысы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. Инспекцияның мүлігi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлігі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекция өзгесі заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдарья бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау

      Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы қызметінің аумағына ағыстарымен Сырдария өзенінің бассейні және Қазақстан Республикасы аумағындағы Арал теңізінің бір бөлігі кіреді.

      Әкімшілік жоспарда бассейндік инспекциясы қызметінің аумағына Шымкент қаласы, Түркістан облысының көп бөлігі, барлық Қызылорда облысы дерлік және Ақтөбе облысының кішігірім бөлігі кіреді.

      Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының батыс шекарасы Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан басталады (1 нүкте).

      Жағалау сызығын қайталай отыра, шекара Құмсуат мысына дейін солтүстікке барады және 2 нүкте Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімшілік шекарасынан өтеді.

      Кейін, бассейн шекарасы солтүстік-шығысқа қайшы келеді және солтүстікке қарай Тұщыбас мен Кіші Арал теңізінің шығанағында Қызылорда және Ақтөбе облыстарын бөлетін әкімшілік шекарасы боймен, Кіші-Борсық құмдары арқылы, Алтын-Шоқысу таулары арқылы өтеді және Арал-Сырдария, Жайық-Каспий және Тобыл-Торғай бассейндері шекараларын өткен нүктесінде Қолмас таулары ауданында тұйықталады (3 нүкте).

      Бұл жерде бассейн сызығы қайта кері қайтады, бірақ оңтүстік-шығысқа кетеді және Баршақұм құмдары арқылы Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шекарасы бойы Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әкімшілік шекараларының қиылысына дейін барады (4 нүкте).

      Одан кейін су шаруашылығы шекарасы Қызылорда және Қарағанды облыстарын бөлетін әкімшілік сызығы бойымен, Жіңішкеқұм, Арал маңы қара құмдарын, Бөріойнақ (солтүстікке қарай) жоталарын, Арысқұм құмын қия отыра өтеді және Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандары шекараларымен қиылысқанға дейін жетеді (66 және 5 нүктелер).

      Бұл жерден бассейн шекарасы оңтүстік-батысқа бұрылады, жоғарыда аталған аудандарды бөлетін әкімшілік шекаралар бойымен жүреді, Сырдария ауданы аумағына ауысады, Сарыапан жерімен қиысады, Сырдария және Шиелі аудандарын бөлетін әкімшілік шекараға қайта оралады. Одан әрі, су шаруашылығы шекарасы оңтүстік-батысқа қарай Телікөл жеріне барады және одан кейін оңтүстік-шығысқа Телікөл арнасы арқылы Арал-Сырдария, Нұра-Сарысу және Шу-Талас бассейндерін бөлетін су шаруашылығы шекарасына бұрылады (6 нүкте).

      Одан кейін, бассейннің су шаруашылығы шекарасы Қаратау тауларының су бөлгіші бойымен өтеді және Ақсөмбе (Түркістан облысының Созақ ауданы) және Шолақ (Қызылорда облысының Шиелі ауданы) өзендерінің су бөлгіші ауданында 7 нүктеде қиылысады.

      7 нүктеден 8 нүктеге қарай, шекара Қызылорда және Түркістан облыстары арасындағы әкімшілік шекарасының контурын қайталайды, жеке учаскеден басқа (Курдон жерінде бассейннің шекарасы Қаратау жотасына ауысады және Ран жері әкімшілік шекараға ауысады).

      Өз бағытын ауыстырмай, бассейн шекарасы Түркістан облысының Түркістан қаласы және Созақ аудандарының облыстық шекарасына (Бажы, Тұрлан жерлері арқылы) өтеді және 9 нүктеге дейін жетеді, қиылысу орны Байдыбек және Созақ аудандары (Түркістан облысы) және Сарысу ауданы (Жамбыл облысы) шекараларында жатады.

      Одан әрі бассейндік инспекциясы Жамбыл облысы аумағымен өтеді, Түркістан және Буденый кіші елді мекендері арасында, Бүркітті және Шабақты өзендерінің су бөлгіштерімен бір жағынан және Арыстанды мен Шаян екінші жағынан. 1260 белгісіне дейін шекара Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімшілік шекаралары бойымен өтеді. Кейін оңтүстік-батысқа кейін бұрылумен оңтүстік-шығысқа бұрылады, Теріс және Қошқарат өзендері арасында (Жуалы ауданы) Боралдайтау тауларына өтеді және 1813 нүктесінің маңында (10 нүкте) оңтүстік-шығысқа бұрылады.

      10 нүктеден бастап 11 нүктеге дейін шекара Түркістан және Жамбыл облыстарын бөлетін әкімшілік шекара бойымен өтеді.

      Одан әрі Боралдайтау тауының суды бөлгіші бойымен өтеді, Арыс өзенінің жоғары жағын алады, одан әрі Түркістан және Жамбыл облыстарын бөлетін әкімшілік шекара бойымен барады, Майдантал асуларының жанындағы мемлекеттік шекараға өтеді (12 нүкте).

      Одан әрі, Арал-Сырдария бассейнінің оңтүстік шекарасы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасын бөлетін мемлекеттік шекара бойымен өтеді және Арал теңізінің жағалауында, Байкобекмұрын мысының оңтүстігінде 1 нүктеде тұйықталады.

Бұрылыс нүктелердің географиялық координаттары Арал-Сырдария бассейні

Нүкте №

С.Ш. - градустар°

С.Ш. - мин.

В.Д. - градустар°

В.Д. - мин.

1

45°

34'

58°

36'

2

45°

57'

59°

2'

3

47°

50'

61°

56'

4

47°

11'

62°

57'

5

46°

10'

66°

54'

6

44°

54'

66°

52'

7

44°

21'

67°

28'

8

44°

1'

68°

3'

9

43°

26'

69°

25'

10

42°

41'

70°

23'

11

42°

26'

70°

40'

12

42°

19'

70°

51'

66

46°

10'

66°

52'

  Қазақстан Республикаcы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитеті
төрағасының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 170 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарынпайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады, оның қызметі Алматы қаласына, Алматы облысына, Жамбыл облысының Мойынқұм және Қордай аудандарына жекелей, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына, Қарқаралы және Шет аудандарына жекелей, Балқаш қаласына, Приозерск қаласына, Шығыс Қазақстан облысының Үржар және Аягөз аудандарының аумағына өкілдігі таратылады

      2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Инспекция қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау осы Ереженің қосымшасында ұсынылған.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 050016, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 2 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүзеге асыру;

      3) су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;

      5) су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру;

      6) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру;

      7) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

      10) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      11) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

      12) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

      13) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

      14) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

      15) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

      16) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      17) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;

      18) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті су көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;

      19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      20) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;

      21) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

      22) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

      24) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      25) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      26) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      27) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      28) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      29) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, су қорын падалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен су тұтыну және су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      30) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      31) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      32) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiне бақылауды жүзеге асыру;

      33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      34) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

      36) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      38) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;

      39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      40) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      41) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      42) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;

      43) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      44) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      45) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      15. Инспекцияның құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттілерді қабылдау;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алу және сұрату;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.

      17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      19. Инспекция Басшысының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;

      3) Инспекция қызметшілерінің міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте Инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;

      6) Комитет басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде Инспекция басшысы мен басшы орынбасарларының іссапарлары мәселелерін шешеді, көтермелеу жөнінде ұсынысты жоғары органның басшылығына енгізеді;

      7) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Инспекцияның мүддесін ұсынады.

      Инспекция Басшысы болмаған уақытта өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Инспекция Басшысы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. Инспекцияның мүлігi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлігі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекция өзгесі заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Балхаш-Алакөл бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау

      Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы қызметінің аумағы, басты түрде, Балқаш көлі және көлдерінің Алакөл-Сассықкөл жүйесі облысының аумағымен біріктірілген. Әкімшілік жоспарда ол барлық Алматы облысын, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігін және Шығыс-Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін және Жамбыл облысының солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды.

      Балқаш-Алакөл бассейнінің оңтүстік шекарасы Жамбыл мен Алматы облысын бөлетін әкімшілік сызығымен белгінің мемлекеттік сызығымен қиылысу нүктесінен (Қазақстан-Қырғыстан) басталады (13 нүкте) және Кастек жотасы бойынша солтүстік-батысқа барады, Қарақоныс және Кастек арқылы өтеді, Жетіжол жотасының бойынша келеді, кейін Жетіжол жотасы бойынша 2405 биік белгісіне дейін жетеді (14 нүкте).

      Одан кейін су шаруашылығы бассейнінің шекарасы Жамбыл облысы аумағымен жүреді. 14 нүктеден шекара солтүстік-батыс бағыттарында суды бөлгіш бойынша баруға жалғасады, топырақ жолдарынан өтеді, Жамбыл облысының Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр елді мекендердің солтүстік-шығыстан айналады және Балашово елді мекендіне дейін жетеді. Қордай асулары арқылы өткен кезде, шекара Кіндікбас тауларының су бөлгішімен, Айтау тауының су бөлгіші бойынша жалғасады, №3 пикет елді мекеніне дейін жетеді (15 нүкте).

      Одан әрі шекара Айтау және Майжарылған тауларының су бөлгіштері бойынша барады, Орынбай құдықтың қасынан, Сарыбастау және Қаршығалы өзендерінің арасынан өтеді. Одан кейін Желтау тауларының су бөлгіші бойымен солтүстік-батыс бағытында қозғалады, Ақтасты құдығына жақын болған жол қиылысады және Қызылтан тауына дейін жетеді (16 нүкте).

      Кейін, шекара Шоқпаржал тауларына барады, Тасбұлақ құдығының маңында жолдан өтеді және 62 нүктеде Қарағанды облысының әкімшілік шекарасымен қиылысады.

      Одан әрі бассейн шекарасы солтүстікке бағытын ауыстырады және 664 белгісіне дейін (Қарабас тауы) 631 биіктік белгісі (Екітау тауы) арқылы Қарағанды облысының аумағынан өтеді (17 нүкте).

      17 нүктеден бассейн шекарасы Ақсортопырақ және Сайдамұлды арасынан өтеді, 940 биіктік белгісі (Шауыпкелді тауы) және 563 (Кемер дөңесі), Ұйбұлақ бұлағы (Шұнақ тауы) арқылы өтеді және 955 белгісіне 18 нүктеде жұмылады (Ұшқызыл тауы).

      Одан әрі шекара солтүстік-батысқа бұрылады және бір жағынан Сарыбұлақ және Шағажай өзендерінің су бөлігінен және басқа жағынан Мойынтыдан жалғасады, Қызылтас тауына 1037 белгісіне дейін Ұзынжал тауына барады (19 нүкте).

      Бассейн шекарасының сызығының шығысына тез бұрылып, Мойынты өзенінің жоғары сағалауын жинайды, 1133 белгісі арқылы өтеді (Ешкіөлмес) және Ақтас тауы (солтүстік) Киік-Ақадыр темір жолынан өтеді (Ақшағыл және Босаға елді мекендері арасында) және Шүмек өзенінің жоғары ағысында солтүстік-шығысына бұрылады. Кейін, 839 белгісі арқылы, одан әрі 930 белгісі арқылы Қотырселтей тауына және Сақаубұлақ құдығына ауысады, Қарағанды және Қарабидайлық өзендері көздерінің арасында 1053 биіктік белгісіне ауысады (20 нүкте).

      Ол жерден шекара Бесшоқы тауына дейін шығысына барады (1110 м), кейін 1058 биіктік белгісіне оңтүстік-шығысына қайтарылады, одан әрі 1140 белгісіне дейін Қара Тоғанбай тауының оңтүстік бөлігі бойынша Қарағанды облысының Шеткі және Ақтоғай ауданының әкімшілік шекарасын бөлетін, өз бағытын жалғастырады. Шерубайнұр, Бидайық, Қарасай өзендерінің көздерінен және Токрау өзенінен бастап, сондай-ақ Қызылбас тауына 1138 белгісіне жақын өткен кезде, шекара сызығы 21 нүктеге дейін солтүстік-шығысына барады (Соран тауының 1208 белгісі).

      Бұл жерден шекара оңтүстік-шығысқа бұрылады, Қарағанды облысының Ақтоғай және Қарақаралы аудандары арасында аудандық шекарасынан өтеді, Тоқырау және Қараменді өзендерінің солтүстік бұлақтан өтеді, Көктал өзендері көзінің оңтүстіктен шығады, солтүстік-шығысқа бұрылады және 1268 белгісімен Ақбиік тауына ауысады (22 нүкте).

      Бассейн сызығының осы белгісімен солтүстік-шығыстағы су бөлгіші бойымен қозғалуды жалғастырады, солтүстік жағындағы Талды сияқты және оңтүстік жағынан Данбұлақ, Ақтайлақ сияқты өзендер арасында 28 нүктеге, Балқаш-Алакөл, Нұра-Сарысу және Ертіс үш бассейндік инспекецияларын аумақтарының қосылған жеріне дейін ұзарады.

      Одан кейін шығысқа бұрылады, Белдетас елді мекенінің оңтүстігінен өтеді және солтүстікте Ақжарық және оңтүстікте Шақабай, Қаражан және Құрөзек өзендерінің ағыстары арасындағы су бөлгіштің бойымен өтеді. Одан әрі Қызылащы өзен көзінің маңында Шығыс-Қазақстан облысының шекарасынан өтеді, солтүстікте Сарыөзек өзенінің ағысымен бұрылады, оңтүстікке барады, Ащысу өзен көзінің маңындағы 23 нүктеден өтеді.

      Одан әрі, шекара шығысқа бұрылады және Барлылақ өзенінің солтүстігінен өтеді, кейін Шығыс-Қазақстан облысының Семей, Аягөз, абай аудандарының шекарасы қиылысқан жерге жақын Ақтөбекөл көлінің оңтүстігінен өтеді. Одан кейін Абай ауданы аумағы бойынша оңтүстік-шығысқа бұрылады, Шаған өзені көзінің оңтүстігіне бұрылады, одан әрі солтүстік-шығысқа бұрылады, 1052 белгісі арқылы өтеді, оңтүстік-шығысқа бұрылады және Шыңғыстау жотасының бойымен жалғасады. Осы учаскеде шекара сызығы Шаған. Қараулөзек, Тақыр, Мұқыр, Құндызды, Қос және Ащусу өзендерінің бассейн көздерінің су бөліктері бойымен бір жағынан және Бақанас, Көксала, Аягөз, Тансық, Ай және Қаракөл өзендерінің бассейндерінің екінші жағынан өтеді. Бассейн сызығы Абай-Аягөз ауданының шекарасынан өтеді, Жұмақ тауларының батысында, оңтүстікке су бөліктері бойымен өтеді және 1304 метр белгісімен Қособа тауына дейін жетеді (24 нүкте).

      Осы белгіден шекара ең алдымен шығыс бағытына қозғалады, кейін, Қалғұтты және Қорымбай өзендерінің арасынан өтіп, оңтүстікке бұрылады, одан әрі оңтүстік-шығысқа өз бағытын өзгертеді, Қалғұтты өзені және Қалғұтты және Дөненбай елді мекендері бойымен жалғасады. Теңіз деңгейінің 910 белгісіне жеткеннен кейін, солтүстік-шығысқа бұрылады, Аягөз-Жарма темір жолынан өтеді, Аккіле ауылының және Қалғұтты мен Мамырсу өзендерінің арасынан өтеді, Топар елді мекенінің маңынан қозғалады. 961 м белгісінен алыс емес Жарма және Аягөз облыстарының шекарасынан өтеді, Құп өзенінің солтүстігіне қарай жылжып, Құп және Арбалы өзендері арасынан өтеді, оңтүстікке бұрылады, қайта Жарма мен Аягөз аудандарын бөлетін шекарадан өтеді және 1033 метр белгісімен Қайрақты тауына дейін барады (25 нүкте).

      Оңтүстік-шығысқа қозғала отыра, шекара Кіндікті өзенінің қасынан өтеді. Су шаруашылығы бассейнінің шекарасы, Аягөз ауданынан Тарбағатай ауданына өте келе, оңтүстікке бұрылады, Үмбет және Балтатарақ өзендерінің арасында болған кезде, 1189 белгісінен өтеді, Бұғазы – Еспе өзендерінің арасынан шекара Тарбағатай ауданынан Аягөз ауданына ауысады, Барлы және Бұғаз өзендерінің арасынан өтеді. Барлы өзеніне және Аягөз-Тарбағатай өзендерімен түйісетін жерге параллелді қозғала отыра, су шаруашылығы бассейнінің белгі сызығы оңтүстікке бұрылады және Тарбағатай ауданында болады. Жіңішке өзенінің шығысына қарай қозғала отыра, 1804 белгісімен Желдіқара тауына қарай, шығысқа қарай бағытын өзгертеді, осы жерде шекара оңтүстік-батысқа бұрылады, теңіз деңгейінен 2028 метрге жоғары белгісімен Оқпекты тауына дейін созылады (26 нүкте).

      Кейін Аягөз өзенінің бойымен қозғала отыра, Тарбағатай-Ұржар аудандарының әкімшілік шекарасынан өтеді, Тікжолдынасуы жерінен өтеді және шекара бойымен қозғала отыра Тарбағатай ауданына ауысады. Қызасу жерінде 2214 белгісімен Тарбағатай тауларының жотасына ауыса келе, жоғарыда аталған аудандардың шекарасымен барады және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасын бөлетін мемлекеттік шекараға дейін ұзарады (27 нүкте) және осы шекара бойынша созылады және Кастек жотасының 13 нүктесінде тұйығады.

      27 нүктеден 13 нүктеге дейінгі учаскеде бассейннің шығыс бөлігі Хан-Теңгри шыңына дейін Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасын бөлетін мемлекеттік шекарасы бойымен қатаң өтеді және одан әрі оңтүстікте Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасымен сәйкес келеді.

Бұрылыс нүктелердің географиялық координаттарыБалқаш-Алакөл бассейні

Нүкте №

С.Ш. - градустар°

С.Ш. - мин.

В.Д. - градустар°

В.Д. - мин.

13

42°

56'

75°

49'

14

43°

15'

75°

16

15

44°

11'

74°

7'

16

45°

47'

72°

37'

17

46°

35'

72°

33'

18

47°

24'

72°

47'

19

47°

50'

72°

31'

20

48°

30'

73°

41'

21

48°

54'

74°

39'

22

48°

48'

75°

42'

23

48°

53'

77°

25'

24

48°

14'

79°

39'

25

48°

21'

81°

8'

26

47°

32'

81°

40'

27

47°

12'

83°

1'

28

49°

1'

76°

9'

62

45°

59'

72°

28'

  Қазақстан Республикаcы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитеті
төрағасының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 170 бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады. Инспекцияның Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бөлімдері бар.

      2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Инспекция қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау осы Ереженің қосымшасында ұсынылған.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 071410, Семей қаласы, Өтепбаев көшесі 4 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүзеге асыру;

      3) су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;

      5) су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру;

      6) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру;

      7) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

      10) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      11) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

      12) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу

      13) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

      14) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

      15) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

      16) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      17) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;

      18) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті су көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;

      19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      20) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;

      21) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

      22) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

      24) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      25) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      26) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      27) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асы

      28) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      29) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, су қорын падалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен су тұтыну және су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      30) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      31) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      32) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiне бақылауды жүзеге асыру;

      33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      34) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

      36) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      38) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;

      39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      40) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      41) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      42) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;

      43) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      44) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      45) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      15. Инспекцияның құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттілерді қабылдау;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алу және сұрату;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.

      17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      19. Инспекция Басшысының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;

      3) Инспекция қызметшілерінің міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте Инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;

      6) Комитет басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде Инспекция басшысы мен басшы орынбасарларының іссапарлары мәселелерін шешеді, көтермелеу жөнінде ұсынысты жоғары органның басшылығына енгізеді;

      7) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Инспекцияның мүддесін ұсынады.

      Инспекция Басшысы болмаған уақытта өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Инспекция Басшысы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. Инспекцияның мүлігi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлігі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекция өзгесі заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Ертіс бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге
қосымша

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау

      Ертіс бассейндік инспекциясы қызметінің аумағы ағыстары бар Ертіс өзенінің бассейнімен, Өлеңті, Шідерті, Ащысу және Тұндық ағынсыз аумақтарына кіретін өзендердің ұсақ бассейндерімен анықталады.

      Әкімшілік жоспарда ол толығымен Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарын, Ақмола (батыста) және Қарағанды облыстарының (оңтүстік-батыста) маңызды емес фрагменттерін қамтиды.

      Ертіс бассейнінің оңтүстік шекарасы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасын бөлетін мемлекеттік шекарадан басталады (27 нүкте), Тарбағатай таударының жотасы бойынша және Тарбағатай-Ұржар аудандарының әкімшілік шекарасымен (келесі учаскелерден басқа – Кіші Сырғанақ жеріне жақын және 2214 белгісімен Қызасу жері және Ұржар ауданы аймағындағы маңызды емес бөлігі) жылжиды. Қызасу асуынан шекара жоғарыда аталған аудандардың шекарасы бойынша солтүстік-батыс бағыттарында жалғасады, одан әрі оңтүстік-батысқа (Ұржар ауданының аумағында) бұрылады, Базар және Кіші Ұржар өзендері арасынан өтеді, Тікжолдынасуы асуы мен Базар өзенінің жоғарғы сағасы кіреді және солтүстікке қарай қозғала отыра, Тарбағатай ауданына оралады. 26 нүктеге дейін (Оқпепты тауының 2328 белгісі), Аягөз және Тарбағатай ауданының қиылысу ауданындағы бассейн шекарасының маңызды емес бөлігі Тарбағатай ауданының аумағына өтеді және Аягөз өзенінің бойымен созылады.

      Оқпекты тауынан (26 нүкте), шекара Кішкенебұғаз және Жіңішке өзендері арасынан өтеді, Тарбағатай ауданы аумағының солтүстік-шығысына қозғалады, 1804 метр ең жоғары белгісімен Желдіқара тауына дейін созылады, кейін Орта Бұғаз және Жіңішке арасын бөліп, батысқа бұрылады. Орта Бұғаз және Жіңішке өзендері арасынан өтіп, бассейн сызығы қайтадан солтүстікке бағытын ауыстырады, ол Борлы өзенінің сағасына және Аягөз-Тарбағатай аудандарының шекарасынан өтеді. Одан кейін бассейн шекарасы Борлы (Аягөз ауданының аумағы) өзенінің бойымен солтүстік-батысқа барады, одан батысқа қарай 1503 белгісі бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырады, Еспе-Бұғаз өзендеріне дейін созылады.

      Одан әрі шекара Тарбағатай ауданының аумағына кіреді, 1189 белгісімен батыс қыратынан өтеді, бір жағынан Балта-Тарақ және Еспе өзендерінің су бөлгіштері арқылы және екінші жағынан Үмбет және Кіндікті өтеді. Сағымжал тауында (1212 белгісі) солтүстік-батысқа бұрылады және Аягөз ауданы аймағына қозғала отыра 1033 белгісімен Қайрақты тауының ауданында Көкпекті өзенінің көзіне барады (25 нүкте).

      25 нүктеден шекара маңызды емес бүгіліс жасайды, алдымен солтүстікке бұрылады, кейін оңтүстік-батысқа бұрылады, 961 белгісіне дейін Жарма ауданынан Құп өзенінің бойымен өтеді. Осы белгіден бассейн сызығы Жармадан Аягөз ауданына ауысады, темір және автомагистрал жолдарынан өтеді, Ақкілет, Дөненбай, Қалгұты елді мекендерінің оңтүстігіне барады, Қалғұтты және Айғыз өзендерінің арасында Ақшатау жотасының солтүстігіне бұрылады. Одан әрі батысқа 24 нүктеге, 1304 метрдің ең жоғары белгісімен Қосаба тауына жете бұрылады.

      Одан әрі, Ақшатау жотасы бойынша, Шет, Сарыөзек, Қос, Құндызды, Мұқыр және Тақыр (солтүстік бөлігі) және Көксала, Балқыбек, Байқошқар (оңтүстік бөлігі) өзендерінің су бөлгіші арасында, су шаруашылығы бассейнінің шекарасы алдымен Аягөз ауданының аумағынан және 1119 белгісіне Шыңғыстау тауының су бөлгішінің солтүстік-батысына қозғалады. Жұмақ абай ауданының аумағында болады. Одан әрі шекара қозғалысы Шыңғыстау жотасы бойымен солтүстік-батысқа қарай Қызылоба тауының солтүстігіне ауысады (1064 белгі), Қараулөзек, Қарлыбұлақ және Бақанас өзенінің сағасынан өтеді. Кейін бассейн сызығы, Шатқалан өзенінің сағасынан бастап (Байқошқар өзенінің ағысы) оңтүстік-батыс бағытында өтеді, 1052 белгісі арқылы өтеді. Шаған өзенінің жоғарғы жағында бассейн шекарасы солтүстік-батысқа бұрылады, Ақтабекөл көлінің маңында өтеді және 973 белгісінен алыс емес Ақшоқы тауында қала әкімдігінің Семей аумағының солтүстік-батысына бұрылады (г.а.). Одан әрі шекара сызығы Аягөз ауданы мен Семей м.а. арасындағы аудандық шекарасының солтүстігінде жатады және Барлылақ көлінің маңында 893 белгісіне дейін оңтүстік-батысқа бұрылады, одан әрі батысқа бұрылады және Мейізек елді мекенінің қасында 23 нүктеге дейін жетеді.

      23 нүктеден бастап шекара Құрөзек өзеніне параллелді солтүстік-батыс бағытына қозғалады. Осы өзеннің сағасында Ертіс БИ сызығы оңтүстік-батысқа бұрылады, автожол бойымен қозғалады, Семейден Қарағанды облысына ауысуды жүзеге асырады және Ұшқын, Қосай қыстықтарының оңтүстігіне, сондай-ақ Белдеутас елді мекеніне кетеді. Одан әрі шекара сызығы Нұра-Сарысу, Балқаш-Алакөл және Ертіс БИ үш бассейндік инспекциясы қызметінің аумағын бөлетін 28 нүктеге дейін жетеді.

      Солтүстікке бағыттала отыра, бассейн сызығы Кент тауынан шығады, Кадыр және Ақжарық өзенінен өтеді, Ақтау тауымен (1175 м) және 29 нүкте Бақты тауына жетеді.

      Одан жылжи отыра, солтүстік-батысқа қозғала отыра, Айнабұлақ елді мекенінің батысына ауысады, екі рет автомагистралмен қиылысады және Тоуылөзен өзенінің бойымен қозғалуды жалғастыра отыра, Бала Түндік және Талды өзендерінің арасында болады, Қарасу бұлағының маңында Қарағанды-Павлодар шекарасына жетеді (30 нүкте).

      Оңтүстік-батыс бағытына қозғала отыра, сызық Қырған өзенінің жанынан және 749 биік белгісімен өтеді, Айыр тауларына жетеді және Өгізтөбе тауында 793 м белгісіне жетеді (31 нүкте).

      Бассейн сызығы, солтүстікке қарай жылжи отыра, Павлодар облысының аумағына ауысады, кейін Ескі Жайма (тұрғын емес) елді мекеніне жете батысқа бағытталады, кейін шекарадан өте және Қарағанды облысының аумағына кіреді.

      1049 биіктік белгісімен бастап, шекара ұсақ көлдерінен оңтүстікке қарай бағыттан батысқа барады, Бұқар-Жырау ауданы аумағында бойынша, Жартас және Аққора өзендеінің суды жинау алаңын бөлуге және Ақжар ауылында 32 нүктесіне жақын солтүстік-шығыстың өз бағытына тез ауысады.

      Ақжар елді мекенінен (32 нүкте) шекара Шантеміс және Жартас өзендері арасында өтеді, одан әрі созылады, 776 және 658 м белгісіне жетеді. Кейін солтүстік-шығысқа бұрылады, Қараащы кентінің ауданында Қарағанды және Павлодар облыстарының облыстың шекарасынан өтеді, 584 м белгісіне дейін жетеді, Павлодар облысының Баян-Ауыл ауданының аумағы бойынша солтүстік-батысқа бағытты ауыстырады. Бассейн шекарасы 621 белгісінің оңтүстігінде және 578 м солтүстігінде жатыр, №8 Гидротүйіннің су қоймасының оңтүстік-батысқа өтеді және Қ.Сатпаев атындағы арналардың №7 Гидротүйіннің батысына өтеді, кейін Көктөбе елді мекенінен өтеді және Қарағанды-Павлодар облыстарының әкімшілік сызығына кіреді (33 нүкте) және 34 нүктесіне дейін жалғасады.

      Осы нүктеден бастап бассейн белгісі Сарыбұлақ тауына дейін оңтүстік-батысына қозғалады (35 нүкте).

      Одан әрі сызықты Қарағанды облысының аумағына кіреді (Осакаров ауданы), 580 биіктік белгісіне дейін батысқа барады, одан әрі оңтүстік-батысқа бағытын өзгереді, Құтұмсық елді мекені арқылы, Қаракөл көлінің батысында (36 нүкте) орналасқан. Сондай-ақ, бұл нүкте Нұра-Сарысу, Ертіс және Есіл үш бассейндік инспекциясы қызметін аумақтарға бөлу орын болып табылады. Солтүстік-батысқа бағыттай отыра, бассейн шекарасы автомагистральды қиып өтеді, Қарғалы өзенінің сағасына бұрылады және Ақмола және Қарағанды облыстарының бөлу сызығына жетеді (37 нүкте).

      Белоярка елді мекенінен шыға (Ақмола облысының Аршалы ауданы), Ермейментау тауының бойымен және Белодым саяжайының маңында қозғала отыра (Қарағанды облысының Оскаровка ауданы), Өленті, Мойылды және Селенттері жоғарғы жағының су бөлгіштерін бөлумен, шекара 705 м белгісімен Сүйкімбай тауына дейін жетеді (38 нүкте).

      Одан әрі бассейн Ақмола облысының Ерейментау қала түріндегі елді мекенімен қиылысқанға дейін солтүстік-батысқа қарай бұрылады, биіктігі 431 м болатын Қоянды тауына дейін Үлкен Шырышты және Ащыкөл көлдерінің солтүстік-шығысына қарай қозғалады (39 нүкте).

      Осы нүктеден бастап, бассейн сызығы солтүстік-шығысқа бағытталады, Санқасы және Майсор көлдерінің оңтүстігінде, Танеке және Катпа өзендерінің арасында Павлодар-Ақмола облыстарының шекарасына дейін жетеді (40 нүкте).

      Одан әрі, су шаруашылығы бассейнінің шекарасы Ақтоғай ауданы мен Павлодар облысының Екібастұз қалалық әкімшілігін бөлетін әкімшілік шекарасы бойымен қатаң түрде өтеді (41 нүкте).

      Одан әрі солтүстік-шығысқа тез бұрылады, Шолақсор және Шығанақ көлдерінің арасынан өтеді және Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарын бөлетін әкімшілік сызықтарына дейін жетеді (42 нүкте).

      Одан әрі, шекара Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарын бөлетін сызықтар бойынша баруды жалғастырады, кейін солтүстікке, Ертіс ауданына бағытты өзгертеді. Сладковский елді мекенінің батысынан өтеді және 154 белгісінің шығысында Жарсор ауылына дейін солтүстік-батысқа кетеді, Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарын бөлетін әкімшілік сызықтарына дейін барады (43 нүкте).

      Кейін, су шаруашылығы бассейнінің шекарасы Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарын бөлетін әкімшілік сызықтары бойынша қатаң түрде барады, Силентытеңіз көлінің бойында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясын бөлетін мемлекеттік шекарасына дейін барады (44 нүкте).

      Солтүстікте және шығыста бассейндік инспекция қызметінің аймағында шекара (44 нүктеден 27 нүктеге дейін) ілеспе мемлекетінің мемлекеттік шекарасымен сәйкес келеді (Үгілген асуына дейін, 3871 белгісінің маңында – Ресей Федерациясымен және Хабарсу асуына дейін – Қытау Халық Республикасымен).

Бұрылыс нүктелердің географиялық координаттары Ертіс бассейні

Нүкте №

С.Ш. - градустар°

С.Ш. - мин.

В.Д. - градустар°

В.Д. - мин.

23

48°

53'

77°

25'

24

48°

14'

79°

39'

25

48°

21'

81°

8'

26

47°

32'

81°

40'

27

47°

12'

83°

1'

28

49°

1'

76°

9'

29

49°

27'

76°

21'

30

50°

12'

75°

51'

31

49°

59'

75°

1'

32

50°

15'

74°

29'

33

51°

12'

73°

59'

34

51°

14'

73°

52'

35

50°

56'

73°

44'

36

50°

48'

73°

12'

37

50°

52'

0'

38

51°

31'

73°

11'

39

52°

6'

73°

24'

40

52°

19'

73°

59'

41

52°

30'

74°

16'

42

52°

39'

73°

55'

43

53°

10'

73°

46'

44

53°

25'

73°

26'

  Қазақстан Республикаcы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитеті
төрағасының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 170 бұйрығына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады. Инспекцияның Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бөлімдері бар.

      2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Инспекция қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау осы Ереженің қосымшасында ұсынылған.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 000001, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Сейфуллин көшесі 29 үй, вп-4.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүзеге асыру;

      3) су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;

      5) су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру;

      6) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру;

      7) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

      10) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      11) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

      12) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

      13) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

      14) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

      15) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

      16) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      17) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;

      18) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті су көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;

      19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      20) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;

      21) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

      22) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

      24) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      25) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      26) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      27) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асы

      28) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      29) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, су қорын падалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен су тұтыну және су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      30) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      31) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      32) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiне бақылауды жүзеге асыру;

      33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      34) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

      36) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      38) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;

      39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      40) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      41) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      42) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;

      43) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      44) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      45) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      15. Инспекцияның құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттілерді қабылдау;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алу және сұрату;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.

      17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      19. Инспекция Басшысының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;

      3) Инспекция қызметшілерінің міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте Инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;

      6) Комитет басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде Инспекция басшысы мен басшы орынбасарларының іссапарлары мәселелерін шешеді, көтермелеу жөнінде ұсынысты жоғары органның басшылығына енгізеді;

      7) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Инспекцияның мүддесін ұсынады.

      Инспекция Басшысы болмаған уақытта өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Инспекция Басшысы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. Инспекцияның мүлігi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлігі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекция өзгесі заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге
қосымша

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау

      Есіл бассейндік инспекциясы қызметінің аумағы Есіл-Ертіс өзен араларының ағыстарымен және жанындағы ағынсыз аймақтарымен Есіл өзенінің бассейні анықталады (Шағалалы, Сілеті).

      Әкімшілік жоспарда ол толығымен Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысының толық аумағын, Қостанай облысының (батысты) маңызды емес фрагментін, Павлодар облысының (шығыста) және Қарағанды облысының (оңтүстік-шығысында) маңызды емес фрагментін алады.

      Есіл бассейнінің шығыс шекарасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан басталады (44 нүкте) және Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарын бөлетін әкімшілік шекарасы бойымен қатаң түрде Сілетітеңіз көлінің жағалау сызығын барады (43 нүкте).

      43 нүктеден Жарсор кентінде, шекара Ертіс ауданының аумағында оңтүстік-шығысқа барады және 154 шығыс белгісі (Сладковский елді мекенінің батысында) Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарын бөлетін сызығының оңтүстігінде қатаң түрде болады (42 нүкте).

      Одан әрі бассейн желісі оңтүстік-шығысқа бұрылады, Шолақсор және Шығанақ көлдерінің арасынан өтеді және Павлодар облысының Екібастұз қалалық әкімшілігін және Ақтоғай ауданын бөлетін әкімшілік сызықтарына дейін жетеді (41 нүкте).

      41 нүктеден 40 нүктеге дейін су шаруашылығы бассейнінің шекарасы Павлодар облысының Екібастұз қалалық әкімшілігін және Ақтоғай ауданын бөлетін әкімшілік сызықтары бойымен қатаң барады және Павлодар және Ақмола облыстарын бөлетін шекарадан өтеді (40 нүкте).

      Облыстық шекарасынан бассейн желісі оңтүстік-батысқа жалғасады, Санқасы мен Майсор көлдерінің оңтүстігіне өтеді, Танеке және Катпа өзендерінің арасынан өтеді және Қоянды тауында 431 м биіктік белгісіне дейін жетеді (39 нүкте).

      Одан әрі бассейн сызығы Үлкен Шырықты және Ащыкөл көлдерінің шығысында Ақмола облысының Ерейментау қала түріндегі елді мекенімен қиылысқанға дейін жалғасады, одан кейін 705 м белгісімен Сүйкімбай тауына оңтүстік-шығысына бұрылады (38 нүкте).

      38 нүктеден шекара Ерейментау ауданының Алғабас елді мекеніне дейін оңтүстік-батыс бағытына барады, кейін, Ерейментау жотасы бойымен оңтүстік-шығысқа барады, екі рет Қарағанды облысының Осакаровка ауданының аудандық сызығынан өтеді. Белодым саяжайының маңындағы (Қарағанды облысының Осокаровка ауданы) бассейнінің сызығы Ленинское елді мекенінің оңтүстік-батысына бұрылады, Өлеңті, Мойылды және Сілеті бассейндерінің жоғарғы өзенінің су бөлігімен өтеді (Ақмола облысының Аршалы ауданы) және оңтүстік-шығысқа бағытын өзгерте отыра Қарағанды және Ақмола облыстарының облыстық шекарасына ауысады (37 нүкте).

      Одан әрі сызық 755 биіктік нүктесіне дейін Қарағанды облысының (Осокаровка ауданы) аумағы бойымен оңтүстік-шығысқа бағытталады, Нұра-Сарысу, Ертіс және Есіл үш бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтарын бөледі (36 нүкте).

      Оңтүстік-батысқа бағытын ауыстырып, су шаруашылығы бассейнінің шекарасы Нияз тауларының бойымен, 814 (Жақсы Нияз тауы) және 748 (Жаман Нияз) биіктік белгісі арқылы (сонымен қатар осы екі белгісінің арасында Есіл өзенінің ағысында) өтеді және 773 м белгісімен нүктеге дейін созылады (45 нүкте).

      Одан әрі, батыста бассейннің бағытында 686 биіктік белгісімен Нияз тауы арқылы өтеді, Астана-Қарағанды темір жолынан өтеді және Батпақты ауылы арқылы ауданында және 653 белгісі солтүстік-батысқа бұрылады, Есіл өзенінің (Жыланды, Балабатпақ және Батпақ ағымдары) және Нұра өзенінің (Үлкен Құндызды ағымдары) бассейнінің өзендері су бөлгіштері белгіленеді. Кейін шекара оңтүстік-батысқа бұрылады, Осокаровка елді мекенінің оңтүстігінде, Үлкен Құндызды өзенінің солтүстігінде және Ақмола және Қарағанды облысын бөлетін облыстық шекарадан өте келе, Ұзыбай сораңында 547 белгісіне дейін жетеді (46 нүкте).

      Ақмола облысының Аршалы ауданының аумағында солтүстік-батыс бағытында, Есіл бассейнінің сызығы 486 және 475 белгілері арасынан өтеді, Көкпекты өзендерінің жоғарғы сағасынан өтеді және 464 белгісіне келеді. Жібек Жолы ауылына дейін (Аршалы ауданы) бассейн сызығы Целиноград және Аршалы ауданын бөлетін әкімшілік шекарасынан өтеді. Пригородное және Қосшы ауылдарына дейін (солтүстікте) сызық Астана г.а. және Целиноград ауданы әкімшілік шекарасының бойымен өтеді. Одан әрі Тайтөбе елді мекені арқылы Целиноград ауданының аумағымен оңтүстік-батысқа барады, Нұра және Есіл өзендерінің бойымен және Шенет ауылының маңындағы ауданда солтүстік-батысқа бағыт алады және Қорғалжын-Астана автомагистралімен қиылысқан ауылда Жалаңаш көлінің солтүстігінде орналасқан 47 нүктеде қиылысады (47 нүкте).

      Кейін су шаруашылығы бассейнінің шекарасы осы автомагистралінің бойымен оңтүстік-батысына бұрылады, 424 м белгісімен биіктік арқылы және 353 белгісіне дейін Жантеке кентінен бастап Қорғалжын және Егіндікөл аудандарын бөлетін шекара бойымен өтеді. Одан әрі 373 белгі арқылы солтүстік-батысқа бұрылады, Спиридоновка елді мекені, Астрахань және Егіндікөл аудандарының шекарасына дейін Жосалы көлінің солтүстігінде Спиридоновка елді мекеніне бұралады. Солтүстікке бұрыла отыра, 391 белгісіне дейін жоғарыда аталған аудандарының шекарасымен барады, кейін батысқа бұрыла отыра, темір жолдан өтеді және 354 м белгісіне дейін Бесбидайық разъезіне жетеді (48 нүкте).

      48 нүктеден бассейн сызығы оңтүстік-батысқа бұрылады, Жолан және Бауман елді мекендері арасында болады, Егіндікөл және Атбасар аудандары шекараларынан өтеді, Есенкелді елді мекенінің маңынан өтеді және Қарағанды және Ақмола облыстарын бөлетін әкімшілік шекарасына дейін жетеді (49 нүкте).

      Одан әрі автомагистральға дейін жоғарыда аталған әкімшілік шекарасының бойымен шығыс жаққа қозғала отыра, шекара, Нұра ауданының аумағымен келе отыра, алдымен оңтүстікке бұрылады, кейін Талды, Ащылы өзендерінің, Құнақай көлі сағасының оңтүстік жағынан келе отыра Сарыдонғал тауында 400 белгісіне дейін жетеді (50 нүкте).

      50 нүктеден сызық 453 және 520 белгілері арқылы оңтүстік-батысқа бұрылады, Нұра және Ұлытау аудандарының әкімшілік шекарасынан өтеді, одан әрі 575 белгісі арқылы, Терісаққан және Қыпшақ өзендерінің су бөлгішін білдіреді. 589 белгісінен бастап Сарыжол тауында, бассейн сызығы оңтүстік-шығысқа бұрылады, кейін батысқа бұрылады (осылайша, оңтүстік жағынан Терісаққан өзенінің сағасында) және 748 белгісінде Бақаншанышқанға бұрылады (51 нүкте).

      Терісаққан өзенінің сағасына бұрылуын жалғастыра, бассейн сызығы ең алдымен оңтүстікке барады, кейңн қиылысу нүктесіне дейін батыста Нұра-Сарысу, Есіл және Тобол-Торғау үш бассейндік инспекциясы қызметінің қиылысына дейін барады. Барақкөл көлінің маңында, шекара 638 белгісіне дейін солтүстік-батысқа бұрылады, кейін батысқа бұрылады, Көлбұлақ бұлағының маңында, Көскөл көлі (оңтүстігінде), Балға өзенінің сағасының бойында орналасқан.

      Одан әрі солтүстікке қарай, Үлкен Сабасалды және Торғай өзендері ауданында Қостанай және Қарағанды облытсарының облыстық шекараларынан өтеді. Кейін екі рет Қостанай облысының Амангелді ауданының шекарасынан өтеді, Арқалық г.а. аумағына ауысады, Қайынды (Ақсоқыр) және Бала Терісаққан Қайыңды тауының 470 белгісіне дейін қозғалады (52 нүкте).

      Өзен араларын білдіруді жалғастыра отыра, бассейн сызығы бірден шығысқа бұрылады, кейңн 416 және 392 белгілері арқылы өтіп солтүстікке бұрылады. 392 белгісінен кейін сызық Арқалық қаласына дейін Ащытас өзенінің көзін доға бойынша Қостанай және Ақмол облыстарын бөлетін әкімшілік шекарасына дейін Родина ауылы арқылы солтүстікке бұрылады (53 нүкте).

      53 нүктеден 54 нүктеге дейін (Сарыадыр тауының 316 белгісі) шекара сызығы, батыс жағында 347 м Қарынсалды өзенінің жоғарғы жағында дөңес доғаны түзе отыра Жарқайыңды ауданына барады және облыстық шекарада қайта оралатын 330 белгі учаскесінен басқа, облыстық әкімшілік сызығы бойынша қатаң түрде тұрады. Одан әрі осы белгіден шекара Қостанай және Ақмола облыстарының әкімшілік сызығы бойынша қатаң қозғалады және 316 биіктік белгісіне дейін жетеді (54 нүкте).

      54 нүктеден бастап, бассейн сызығы, Ақмола облысы Жарқайың ауданының аумағынан 322 биіктік белгісіне Мойылды өзенінің жанынан батысқа қарай бұрылумен солтүстікке бағытын өзгертеді. Одан әрі шекара солтүстікке бұрылады, Жарқайың және Есіл аудандарының аудандық шекарасы арқылы өтеді және 313 биіктік белгісінің маңында, Есіл, Жарқайың әкімшілік шекараларынан және Қостанай облысы Қарасу ауданынан өту нүктесінен кейін өтумен батысқа доға тәрізді бұрылады (55 нүкте).

      Осы нүктеден 56 нүктеге дейін бассейн сызығы Қостанай, Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарын бөлетін әкімшілік шекарасы бойымен қатаң түрде өтеді (56 нүкте).

      Одан кейін, су шаруашылығы учаскелерінің сызығы әкімшілік шекарамен қатаң түрде өтеді, бірақ Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облысын бөледі және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттік шекарасына дейін барады және Филиппово елді мекенінің маңындағы 57 нүктеде шоғырланады. Есіл бассейнінің солтүстік сызығында Қазақстандық-Ресей шекарасымен өтеді (57 нүктеден 44 нүктеге дейін).

Бұрылыс нүктелердің географиялық координаттары Есіл бассейні

Нүкте №

С.Ш. - градустар°

С.Ш. - мин.

В.Д. - градустар°

В.Д. - мин.

36

50°

48'

73°

12'

37

50°

52'

0'

38

51°

31'

73°

11'

39

52°

6'

73°

24'

40

52°

19'

73°

59'

41

52°

30'

74°

16'

42

52°

39'

73°

55'

43

53°

10'

73°

46'

44

53°

25'

73°

26'

45

50°

27'

73°

5'

46

50°

29'

72°

2'

47

51°

5'

71°

0'

48

51°

16'

68°

57'

49

50°

48'

68°

34'

50

50°

11'

68°

1'

51

49°

23'

67°

41'

52

49°

45'

66°

48'

53

50°

29'

66°

58'

54

50°

57'

65°

56'

55

51°

23'

65°

31'

56

52°

26'

66°

0'

57

54°

38'

66°

4'

  Қазақстан Республикаcы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитеті
төрағасының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 170 бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады. Инспекцияның Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бөлімдері бар.

      2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Инспекция қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау осы Ереженің қосымшасында ұсынылған.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 060002, Атырау қаласы, Абай көшесі 10А үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүзеге асыру;

      3) су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;

      5) су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру;

      6) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру;

      7) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

      10) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      11) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

      12) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

      13) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

      14) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

      15) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

      16) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      17) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;

      18) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті су көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;

      19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      20) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;

      21) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

      22) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

      24) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      25) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      26) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      27) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асы

      28) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      29) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, су қорын падалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен су тұтыну және су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      30) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      31) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      32) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiне бақылауды жүзеге асыру;

      33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      34) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

      36) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      38) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;

      39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      40) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      41) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      42) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;

      43) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      44) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      45) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      15. Инспекцияның құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттілерді қабылдау;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алу және сұрату;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.

      17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      19. Инспекция Басшысының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;

      3) Инспекция қызметшілерінің міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте Инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;

      6) Комитет басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде Инспекция басшысы мен басшы орынбасарларының іссапарлары мәселелерін шешеді, көтермелеу жөнінде ұсынысты жоғары органның басшылығына енгізеді;

      7) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Инспекцияның мүддесін ұсынады.

      Инспекция Басшысы болмаған уақытта өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Инспекция Басшысы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. Инспекцияның мүлігi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлігі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекция өзгесі заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық -Каспий бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау

      Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы қызметінің аумағы республиканың батысын қамтиды. Ол Жайық, Жем, Еділ өзендері бассейндерімен, сондай-ақ іргелес өзен араларымен (Еділ-Жайық және Жайық-Жем) және ағыссыз Каспий маңы аумағымен анықталады.

      Әкімшілік жағынан Жайық-Каспий БСИ қызметінің аумағына толығымен Батыс-Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары және Ақтөбе облысының үлкен бөлігі кіреді.

      Жайық-Каспий бассейнінің оңтүстік шекарасы (1 нүкте) Байкөбекмұрын мүйісінің оңтүстігіне қарай Арал теңізінің жағалауынан басталады және алдымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасын бөлетін мемлекеттік шекара бойымен өтеді, кейін Қазақлышор сортаңынан Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Республикасын бөлетін мемлекеттік шекара бойынша Каспий теңізіне дейін өтеді.

      Кейін, бассейн шекарасы Каспий теңізінің жағалауы бойымен Маңыстау және Атырау облыстарының аумағы арқылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттік шекарасына дейін барады.

      Жайық-Каспий бассейнінің батыс және солтүстік шекарасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы бойымен өтеді.

      Шығыс жағы 58 нүктесінен басталады, мемлекеттік (Ресей Федерациясы жағынан) және бассейндік шекаралары (Жайық-Каспий және Тобыл-Торғай бассейндері) қиылысынан басталады.

      58 нүктеден көп қашық емес оңтүстік-батыс бағытқа қозғала отырып, бассейн шекарасы Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарының әкімшілік шекарасымен қиылысады. Әулиемола таулары аумағында (345 м белгісі) бассейн шекарасы, Өр өзені бассейніне параллел оңтүстік-шығыс бағытына ауысады, темір жолдан өтеді, 371 м белгісі арқылы өтіп Байментау тауларына ауысады, оның биіктігі 456 метрді құрайды (59 нүкте).

      Бассейн шекарасы одан әрі оңтүстік-батысқа жылжып, Тамды және Ақтасты өзендері арқылы өтеді. Сарыкөл және Тұзды көлдерінің шығысында және Ақтасты тауына (546 м) дейін жеткенде оңтүстік-шығысқа бұрылады. Жем (Құндызды және Әулие) және Шет Ырғыз (Жіңішке және Төлепсай) өзендері бассейндері арасымен өтіп, Алтынды елді мекеніне дейін жетеді, кейін оңтүстік-батысқа бағытталады, екі рет Мұғалжар және Шалқар ауданының әкімшілік шекараларымен қиылысады және Мұлғалжар тауларымен тұйығады (60 нүкте).

      60 нүктеден 236 белгіге дейін (солтүстік) шекара Шет Ырғыз өзенінің бойымен Шалқар ауданының бойымен оңтүстік-шығыс бағытына барады. Кейін шекара солтүстік-шығысқа – 247 м белгісіне дейін, шығыста – 221 м белгісіне дейін, кейін оңтүстікте - Беспан құдығына дейін бұрылады (61 нүкте).

      Одан әрі бассейн оңтүстікке - 326 м белгісіне дейін, Текелі ауылының маңына дейін қозғалады және шығысқа бұрылады, Жансенгир көлінің солтүстігіне дейін тартылады, одан кейін Тентексор жері және Жалпақсор сортаңы арасынан өтеді және 159 м белгісімен Қолмасу тауына дейін жетеді, Тобыл-Торғай, Арал-Сырдария және Жайық-Каспий үш бассейндік инспекциясы қызметінің аумағынан қиылысу нүктесіне жетеді (3 нүкте).

      Бұл жерде шекара оңтүстік-батысқа бұрылады және қатаң түрде Қызылорда және Ақтөбе облысын бөлетін әкімшілік шекарасының бойымен Құмсуат мысына дейін барады (2 нүкте).

      Осы жерден су шаруашылығы бассейнінің шекарасы Арал теңізінің жағалау сызығының бойымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасын бөлетін мемлекеттік шекараға дейін барады (1 нүкте).

Бұрылыс нүктелердің географиялық координаттары Жайық-Каспий бассейні

Нүкте №

С.Ш. - градустар°

С.Ш. - мин.

В.Д. - градустар°

В.Д. - мин.

1

45°

34'

58°

36'

2

45°

57'

59°

2'

3

47°

50'

61°

56'

58

50°

32'

59°

40'

59

49°

42'

59°

7'

60

48°

39'

58°

32'

61

48°

25'

60°

0'

  Қазақстан Республикаcы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитеті
төрағасының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 170 бұйрығына
6-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Инспекция қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау осы Ереженің қосымшасында ұсынылған.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 100012, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, Әлиханов көшесі, 11А үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүзеге асыру;

      3) су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;

      5) су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру;

      6) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру;

      7) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

      10) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      11) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

      12) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

      13) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

      14) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

      15) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

      16) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      17) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;

      18) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті су көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;

      19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      20) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;

      21) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

      22) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

      24) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      25) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      26) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      27) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асы

      28) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      29) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, су қорын падалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен су тұтыну және су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      30) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      31) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      32) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiне бақылауды жүзеге асыру;

      33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      34) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

      36) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      38) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;

      39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      40) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      41) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      42) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;

      43) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      44) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      45) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      15. Инспекцияның құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттілерді қабылдау;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алу және сұрату;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.

      17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      19. Инспекция Басшысының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;

      3) Инспекция қызметшілерінің міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте Инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;

      6) Комитет басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде Инспекция басшысы мен басшы орынбасарларының іссапарлары мәселелерін шешеді, көтермелеу жөнінде ұсынысты жоғары органның басшылығына енгізеді;

      7) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Инспекцияның мүддесін ұсынады.

      Инспекция Басшысы болмаған уақытта өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Инспекция Басшысы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. Инспекцияның мүлігi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлігі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекция өзгесі заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Нұра-Сарысу бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау

      Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы қызметінің аумағы Нұра және Сарысу өзендерінің бассейндерімен анықталады.

      Әкімшілік түрде оған Қарағанды облысының аумағы, Қызылорда және Түркістан облыстарының маңызды емес фрагменттері оңтүстік-батыста, Ақмола облысы солтүстікте және Павлодар облысы солтүстік-шығыста кіреді.

      Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы қызметі аумағының батыс шекарасы 5 нүктеден басталады, Арал-Сарысу, Шу-Талас және Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы қызметінің шекарасы қиылысқан жерінен басталады.

      5 нүктеден 5 нүктеге дейін бассейн сызығы Сырдария және Шиелі аудандарын бөлетін әкімшілік шекарасы бойымен қатаң түрде өтеді, бассейн сызығы Сарыапан асуынан өтетін учаскеден басқа жерде, Көкірім және Арысқазан артезиан құдықтарының маңында және 203 биіктік белгісінің маңынан өтеді. 5 нүктеге дейін Қарағанды және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекарасымен қиылысады.

      Одан әрі шекара жоғарыда аталған шекарасы бойымен батыс бағытында өтеді және 66 нүктеге қиылысады, Арал-Сырдария, Тобол-Торғай және Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының қызметі шекарасының қиылысу нүктесінде болады.

      Қарағанды облысының Ұлытбау ауданының аумағында жүргізе отыра, су шаруашылығы бассейнінің шекарасы солтүстік-шығыс бағытында болады, Сарысу өзенінің бойымен, батысқа қарай Мойынқұм құмдарының батысында, Мазарқұдық және Аққұдық құдықтары арасында болады. Кейін, солтүстік-батысқа бағытын өзгерте отыра, Жезді өзенінің бассейнін бөліп (Бала Жезді ағымы, Жезді су қоймасы, Бестөбе тауы) бір жағынан және Ащылысай және Құмола өзендерінің ағынсыз аймағы екінші жағынан 643 м белгісімен Қарамола тауына жетеді (64 нүкте).

      Одан әрі, шекара солтүстік-шығыс бағытына өтеді, зигзак тәрізді сызықпен, Ұлытау тауларының жоғары нүктесін білдіреді және Жезді өзені бассейндерінің су бөлгіштерін (Бала Жезді, Үлкен Жезді) және Үлкен Жыланшық (Қарағанды, Хахабай) арқылы өтеді және Ұлытау елді мекеніне дейін жетеді (65 нүкте).

      Зигзак арқылы қозғала отыра, Ұлытау тауы бойымен, шекара сызығы 704 м белгісімен Ақтасты тауының батысында және 738 м биіктік белгісімен өтеді, Сары Торғау (Жетіқыз) және Қара Кеңгір (Қазыбек) өзендерінің бойымен өтеді. 738 белгісіне дейін Барақкөл көліне дейін сызық солтүстікке барады, Қара Кеңгір, Тамды және Бекет өзендері бойымен өтеді. Солтүстік бағытта Барақкөл көлінен шекара Есіл, Тобол-Торғау және Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы қызметінің шекарасынан өту нүктесінен өтеді. Кейін солтүстік-шығыс бағытына қозғала отыра, Ащыкөл көлінің солтүстігінен өте келе, Жезқазған қ. автомагистралі өтеді және 748 м белгісімен Бақаншанышқан қаласында 51 нүктеде өтеді.

      51 нүктеден 589 белгісіне дейін Сарыжол тауында, шекара желісі Желдіадыр тауы арқылы өтеді, Терісаққан және Қыпшақ өзендерінің ағымынан өтеді және 575 белгісінің ауданында Қарағанды облысы Нұралы ауданының аумағына ауысады. Кейін 520,453 биіктік белгілері арқылы солтүстік-шығыс бағытында қозғала отырады және Қызылкөл көлі 400 м беглісімен Сарыдонғал тауына дейін жетеді (50 нүкте).

      Қозғала келе, одан әрі жоғарыда аталған әкімшілік аумағымен солтүсік-шығысқа қарай бағыттала, шекара Құнақай көлінің маңынан өтеді, батысқа қарай Теңіз көліне қарай және Талды өзенінің оңтүстік жағынан айналып өтеді, Ащылы арқылы Ақмола және Қарағанды облыстарының облытсық шекарасына барады (49 нүкте).

      Осы нүктеден сызық солтүстік-шығыс бағытына қозғала отыра Есенкелді елді мекенінің қасында өтеді, Егіндікөл және Атбасар ауданының шекарасынан өтеді, 394 белгі ауданында Жолан және Бауман елді мекендері арасында 354 белгісіне дейін жетеді (48 нүкте).

      Бұдан әрі, Бесбидайық разъезінің оңтүстік жағынан, темір жолды қиып, шекара 391 белгісіне жетеді, Астрахань және Егіндікөл аудандарын бөлетін белгілердің әкімшілік желілерінен өтеді. Кейін, сызық жоғарыда аталған аудандардың шекарасы бойынша оңтүстікке (кішігірім кесінді) бұрылады және темір жолдан сәл төмен оңтүстік-шығысына барады, Спиридоновка елді мекені және Жосалы көлі арасында, 373 белгісі арқылы өтеді. Участок 353 белгісінің солтүстігінде және Құмкөл ауылы Қорғалжын және Егіндікөл аудандарын бөлетін шекараға қосылады. Құмкөл елді мекенінен сызық солтүстік-шығысқа ауысады, сонымен қатар Қорғалжын-Астана жолдарына параллелді, 424 м белгісі арқылы, Қорғалжын және Целиноград ауданы аудандық шекарасынан өтеді және Малиновка елді мекенінің ауданында 47 нүктеде қиылысады.

      Осы нүктеден бассейн желісі оңтүстік-шығысқа ауысады, Жалаңаш көлінің солтүстігіне ауысады, Нұра өзенінің бойымен созылады және Шенет ауылының маңында солтүстік-шығысқа кетеді. Одан әрі, Нұра және Есіл өзендерінің су бөлігін білдіріп, Тайтөбе елді мекені арқылы өте келе, Қосшы және Пригородное елді мекендерінің ауданындағы шекара Целиноград ауданы мен Астана г.а. әкімшілік шекарасына ауысады.

      Оңтүстік-шығысқа бағытты ауыстырып, Жибек Жолы ауылынан (Аршалы ауданы) 464 белгісіне дейін бассейн сызығы Целиноград және Аршалы аудандарын бөлетін әкімшілік шекарасына өтеді. Осы бағытта қозғала отыра, Көкпекті өзенінің бойында, 486 және 475 белгілері арасында, Нұра-Сарысу бассейнінің сызығы Уызбай сопаңының 547 белгісіне ауысады (46 нүкте).

      Одан әрі, оңтүстік-шығысқа қарай бара, сызық Қарағанды және Ақмола облытсарын бөлетін облыстық шекарадан өтеді, Есіл өзені (Жыланды, Балабатпақ және Батпақ ағыстары) және Нұра өзені (Үлкен Құндызды ағысы) бассейндері өзендеріні су бөлгіші бойымен, Осакаровка және Батпақты елді мекенінің оңтүстігінен өтеді. 653 белгісінің солтүстігінде, солтүстік-шығыс бағытын ауыстыра отыра, шекара автомагистралдан өтеді, кейін Астана-Қарағанды темір жолы өтеді, кейін 686 биіктік белгісімен Нияз тауы арқылы өтеді және 773 белгісімен жотаға дейін жетеді (45 нүкте),

      Одан әріғ су шаруашылығы бассейнінің сызығы солтүстікке бұрылады, Нияз тауы бойымен өтеді, Жаман Нияз тауының биіктік белгісімен өтеді (748 м) және Жақсы Нияз (814 м), Крешеновка ауылының шығысында Есіл өзенінің көзінен шығады және Есіл, Ертін және Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы қызметінің шекарасынан, 775 м биіктігіне өтеді (36 нүкте).

      Осокаровка ауданы бойымен солтүстік-шығысқа қарай қозғала отыра, Каракөл көлінің батысынан өтіп, Өленті-Шідерті көлдері арқылы өтеді, 580 белгісі арқылы Сарыбұлақ тауының 559 белгісіне жетеді (35 нүкте).

      Солтүстік-шығысқа бағыттала, белгі сызығы Павлодар және Қарағанды облыстарын бөлетін әкімшілік шекарасына дейін барады (34 нүкте) және онымен Ертіс-Қарағанды арнасынан өтеді, №5 гидротүйіннің су қоймасы және №7 гидротүйінінің су қоймасы арқылы өтеді (33 нүкте).

      Бұдан әрі, Павлодар облысының Екібастұз г.а. аумағында, су шаруашылығы бассейнінің сызығы Алкей Марғұлан елді мекеніне дейін оңтүстік-шығысна барады (Көктөбе) және 480 белгісіне жақын Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімшілік шекарасына дейін оңтүстікке бағытын өзгертеді (501 м белгісінің маңында). Жоғарыда аталған аудандық шекарасынан бастап, бассейн сызығы оңтүстік-шығысқа кетеді, Қызылтұмсық және Ұзынбұлақ елді мекендері арасынан, Саумалкөл көлдерінің шығысыда, 578 және 621 белгілері арасында өтеді. 584 белгісінің аумағында шекара оңтүстік-батысқа тез бұрылады, Павлодар және Қарағанды облыстарының облыстық шекарасымен қиылысады. Кейін, Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданының бойымен, 658 белгісінен сызық оңтүстікке қарай бағытын өзгертеді, Шантеміс және Жартас өзендері арасынан өтеді және Ақжар елді мекеніне дейін жетеді (32 нүкте).

      32 нүктеден, Жартас өзенінің жоғарғы жағында, бассейн сызығы Ақмола және Павлодар облыстарының әкімшілік шекарасы қиылысқанға дейін шығысқа бағытталады (Рудник көлінің оңтүстігінде). Кейін, Баянауыл ауданының аумағына шекара оңтүстікке бұрылады, Ащысу өзенінің жағалауын белгілеп, қайтадан Ақмола және Павлодар облытсарының шекарасынан өтеді және 793 биіктік белгісіне дейін жетеді (Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Өгізтөбе тауы) (31 нүкте).

      Одан әрі, Айыр таулары бойымен, Кемер, Барақ, Есенаман және Қарғын өзендері бойымен өте, Павлодар және Қарағанды облыстарын бөлетін әкімшілік шекараға дейін жетеді (30 нүкте).

      Осы жерден бассейн шекарасы оңтүстік-шығысқа бағытын өзгертеді, кейін оңтүстікке бұрылады,Қарасу, Құржар және Өзенбай ағынсыз өзендерімен бір жағынан және Бала Тіндік өзенімен екінші жағынан, Опырмалы (тұрғын емес) және Теректі елді мекендері арасынан, Балықтыкөл көлі және Қу тауы арасында өтеді және Бақты тауына дейін жетеді (29 нүкте).

      29 нүктесінен, бассейн сызығы Қадыр және Ақжарық өзендері арасында оңтүстік-батыс бағытына өтеді және Белдеутас елді мекенінің маңында дөңеске дейін жетеді (28 нүкте). Осы нүкте Балқаш-Алакөл, Ертіс және Нұра-Сарсысу бассейндік инспекциясы қызметінің шекарасынан өткен жер болып табылады.

      Одан әрі, осы бағытта жүре келе, Талды және Қазанғап өзендерінің бөлінетін жері бойынша, су шаруашылығы бассейнінің шекарасы 1268 м белгісімен Ақбиік тауына дейін жетеді (22 нүкте).

      22 нүктеден, оңтүстік-батыс бағытына қарай, бассейн сызығы алдымен автомагистралдан өтеді, кейін Қарқаралы және Ақтоғай аудандарының аудандық шекарасынан өтеді, (Саттыбай, Сарыөлең) және Жарлы (Көктал, Тайшық) Қаршығалы өзендерінің су бөлгіштерінен өтеді. Одан әрі, солтүстік-батыс бағытына қарай, Ақтоғай ауданы аумағымен аудандық шекараға параллелді бара отыра (шамалы оңтүстікке қарай) Ақтоғай ауданының аумағыгна қарай, Қараменді және Тоқылдақ өзендері арасында 1208 м белгісімен Саран тауына дейін жетеді (21 нүкте).

      Саран тауынан су шаруашылығы бассейнінің шекарасы Байқожа (Керегетас, Байқасқа, Ұзынбұлақ асулар) және Шерубайнұр (Кежек, Сарща, Шиіөзек, Борлыөзек асулар) өзені бір жағынан және Тоқырау (Бидайшы, Жалаңаш) және ағынсыз аймақтар (Қарасай, Бидайық, Қарабидайық) екінші жағынан бассейндері арасында оңтүстік-батыс бағытында болады. Сонымен қатар, аудандағы бассейн сызығы 1140 белгісіне Қара Тоғанбай тауында Ақтоғай және Шеткі аудандарының аудандық шекарасынан өтеді және 1058 және 1110 белгісі арқылы 1053 м белгісімен Бесшоқы тауына дейін жетеді (20 нүкте).

      Одан әрі, шекара оңтүстік-батыс бағытына қозғалады, Қарағанды және Қарабидайық көздері арасында және Қотырселтай тауынан батысырақ Ақшатау автомагистралін қиып өтеді, 839 м белгісі арқылы өтеді. Шүмек өзенінің бұлағында сызық батысқа бұрылады, Ақадыр-Сарышаған темір жолынан өтеді, Ешкіөлмес тауы арқылы өтеді (1133 белгісі) және Қызылтас тауына дейін барады (1037 белгісі) (19 нүкте).

      Зигзак тәрізді бағытта бара отыра, бассейн сызығы алдымен Мойынты өзенінен өтеді, кейін Сарыбұлақ өзенінің бұлағы және Ұзынжол (1036 м), Қызылжар (1021) және Бале тауларының арасында Ұшқызыл тауының 955 м биік белгісіне барады (18 нүкте).

      Одан әрі, бассейн шекарасы оңтүстік бағытта Шұнақ және Шауыпкелді таулары арқылы, батыста Кемер бұғыры арқылы өтеді және Қарабас тауына дейін жетеді (664 м) (17 нүкте).

      Шеткі ауданы бойымен қозғала отыра, сызық Екітау тауымен қиылысады (361 м), кейін дөңес сызық бойынша шығыста араласумен Қарағанды және Жамбыл облыстарын бөлетін әкімшілік шекараға жетеді (62 нүкте).

      62 нүктеден 63 нүктеге дейін бассейн сызығы Кеттатақыр, Соркөл шатқарлы арқылы Қарағанды және Жамбыл облыстарының шекарасымен ғана барады.

      Одан әрі, 292 белгісіне дейін Қарағанды және Түркістан облыстарының әкімшілік сызығы бойынша, Қарақойын көлінің маңында, шекара Түркістан облысының Созақты ауданының аумағы бойымен оңтүстік-батысқа, Қызылқақ солтүстік-батыс құдығына бұрылады. Байқұмбір артезиан құдығының аумағында және Тайқоңыр елді мекенінде Түркістан және Қызылорда облыстарының облыстық шекарасынан өтеді, кейін Қызылорда облысы Шиелі ауданының аумағына өтеді, 122 биіктік белгісі арқылы өте 6 нүктеге жетеді.

Бұрылыс нүктелердің географиялық координаттары Нұра-Сарысу бассейні

Нүкте №

С.Ш. - градустар°

С.Ш. - мин.

В.Д. - градустар°

В.Д. - мин.

5

46°

10'

66°

54'

6

44°

54'

66°

52'

17

46°

35'

72°

33'

18

47°

24'

72°

47'

19

47°

50'

72°

31'

20

48°

30'

73°

41'

21

48°

54'

74°

39'

22

48°

48'

75°

42'

28

49°

1'

76°

9'

29

49°

27'

76°

21'

30

50°

12'

75°

51'

31

49°

59'

75°

1'

32

50°

15'

74°

29'

33

51°

12'

73°

59'

34

51°

14'

73°

52'

35

50°

56'

73°

44'

36

50°

48'

73°

12'

45

50°

27'

73°

5'

46

50°

29'

72°

2'

47

51°

5'

71°

0'

48

51°

16'

68°

57'

49

50°

48'

68°

34'

50

50°

11'

68°

1'

51

49°

23'

67°

41'

62

46°

0'

72°

27'

63

45°

59'

69°

4'

64

47°

57'

66°

36'

65

48°

39'

67°

0'

  Қазақстан Республикаcы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитеті
төрағасының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 170 бұйрығына
7-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресрстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Инспекция қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау осы Ереженің қосымшасында ұсынылған.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүзеге асыру;

      3) су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;

      5) су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру;

      6) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру;

      7) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

      10) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      11) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

      12) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

      13) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

      14) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

      15) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

      16) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      17) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;

      18) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті су көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;

      19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      20) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;

      21) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

      22) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

      24) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      25) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      26) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      27) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асы

      28) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      29) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, су қорын падалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен су тұтыну және су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      30) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      31) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру; 32) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiне бақылауды жүзеге асыру;

      33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      34) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

      36) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      38) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;

      39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      40) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      41) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      42) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;

      43) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      44) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      45) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      15. Инспекцияның құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттілерді қабылдау;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алу және сұрату;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.

      17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      19. Инспекция Басшысының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;

      3) Инспекция қызметшілерінің міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте Инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;

      6) Комитет басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде Инспекция басшысы мен басшы орынбасарларының іссапарлары мәселелерін шешеді, көтермелеу жөнінде ұсынысты жоғары органның басшылығына енгізеді;

      7) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Инспекцияның мүддесін ұсынады.

      Инспекция Басшысы болмаған уақытта өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Инспекция Басшысы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. Инспекцияның мүлігi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлігі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекция өзгесі заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеужәне қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау

      Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы қызметінің аумағына негізінен Тобыл және Торғай өзендерінің бассейні кіреді.

      Әкімшілік жоспарда оған барлық дерлік Қостанай облысы, Ақтөбе облысының бір бөлігі – батыста, Қарағанды облысының бір бөлігі – оңтүстік-шығыста, сондай-ақ Ақмола облысының маңызды емес фрагменті – шығысында орналасқан.

      Тобыл –Торғай бассейндік инспекциясы қызметінің аумағы шекарасының бастапқы жері 57 нүктені алады – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерацияның мемлекеттік шекарасына бассейн шекарасымен түйіскен нүкте. Бұл нүкте Қостанай және Солтүстік-Қазақстан болыстары арасындағы шекараның Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына қосу нүктесімен сәйкес келеді.

      57 нүктеден бассейн сызығы Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облысын бөлетін әкімшілік шекарасы бойымен қатаң оңтүстік бағытта осы облыстардың Ақмола аумағымен қиылысу нүктесіне дейін барады (56 нүкте).

      Одан әрі Тобыл–Торғай бассейндік инспекциясы қызметінің аумағындағы шығыс шекарасы Қостанай және Ақмола облыстарының әкімшілік сызығынан Ақмола облысының Жарқайыңды-Есіл аудандары сызығымен олардың қосылған жеріне дейін жалғасады (55 нүкте).

      55 нүктеден 313 биіктік белгісіне дейін сызық Есіл ауданының аумағы бойымен оңтүстік-шығысқа барады. Кейін, бағытын оңтүстікке ауыстыра отыра, Жарқайыңды ауданының аумағына ауысады, Мойылды және Жыланды өзендерінің сағасына бара және 54 нүктенің Кен өзені ағымының (316 белгі), Қостанай және Ақмола облыстарының облыстық шекарасының қасынан өтеді(54 нүкте).

      316 м белгісінен 330 м белгісіне дейін (кішігірім кесінді) Қостанай және Ақмола облыстарының әкімшілік сызығы бойымен өтеді, кейін шығысқа бет алады, Жарқайыңды ауданының аумағы бойымен өтеді, Қарынсалды өзенінің көздерінен өтеді. Кейін қайта облыстық шекараға оралады (347 м командалық белгігі жақын) және 391 м белгісіне дейін баруды жалғастырады (53 нүкте).

      Арқалық г.а. аумағы бойымен оңтүстік бағытта қозғала отыра, бассе йн сызығы Ащытасты өзен арасымен өтеді (Жосалы, Байқожа асулары) және ағыссыз аймақтары (Алтын-Қарасу, Бадамша-Қарасу) арқылы өтеді, одар әрі Арқалық қаласымен алдымен шығысқа, кейін оңтүстікке ауыстырады. 392 және 416 биіктік белгісі арқылы өтеді, Түлкісай, Қайыңды, Ақсоқыр өзендері көздерін білдіріп, Бала Терісаққан өзендерінің сағасында (батысқа бағытты ауыстыра) 470 м белгісімен Қайыңды тауына ауысады (52 нүкте).

      52 нүктеден оңтүстікке ауысады, Бала Терісаққан өзенінің бойымен өтеді, кейін Арқалық г.а. аудандық шекарасымен өтеді, Үлкен Сабасалды Торғай өзенінің ағымын алады және Қайыңдышоқы тауына (538 м белгі) Қостанай және Қарағанды облытсарының облыстық шекарасынан өтеді. Одан әрі желі Қарағанды облысыеың Ұлытау ауданының аумағы бойынша оңтүстікке қозғалады (кішігірім кесінді), кейін шығысқа, Қоскөл көлінің оңтүстігінен, 638 м белгісі арқылы өтеді, батысқа қарай Көлбұлақ бұлағы, Балға өзінің сағасында Тобол-Торғау, Есіл және Нұра-Сарысу үш бассейндік инспекциясы қызметінің аумағынан өту орнына ауысады. Осы жерден сызық Баракөл көліне келеді және 738 м белгісіне дейін Қара Кенгір өзенінің бойымен оңтүстікке қозғалады. Ақтасты тауының солтүстік-батысына ауысады, автомагистралдан өтеді, Ұлытау елді мекеніне жетеді (65 нүкте).

      Осы нүктеден оңтүстік-батысқа қарай қозғала отыра, бассейн шекарасы Үлкен Жезді өзенінің бойымен, Ұлытау тауларымен өтеді, Ақтас және Бала Жезді өзен арасынан өтеді. Одан кейін, зигзаг тәрізді сызықпен шекара Қанттөбе (676 м), Қарамола (643 м) тауларына өтеді (64 нүкте).

      Кейін, оңтүстік-шығысқа бағыттала, Бала Жезді және Құмола өзендерінің су бөлгіштері бойымен өтеді, Қарсақбай темір жолы және Жезқазған қаласы арқылы (Құмола елді мекенінің ауданында) және теңіз деңгейінің 426 және 349 метр биіктік белгісінде өтеді. 349 м белгісінен бассейн желісі оңтүстік-батысқа бұрылады, Сарысу өзенінің бойымен және Жезқазған-Қызылорда автомагистралі бойымен қозғалады (батыста), 339, 320, 296 белгілері арқылы өтеді және Қызылорда және Қостанай облыстарының облыстық шекарасына өтеді (66 нүкте).

      66 нүктеден сызық Қарағанды және Қызылорда облыстарының облыстық шекарасы бойынша батыста Қарағанды, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының қиылысу жеріне дейін қозғалады (4 нүкте).

      Одан әрі Тобыл -Торғай бассейндік инспекциясы қызметінің аумағы Қызылорда және Ақтөбе облыстарының облыстық шекарасы бойынша солтүстік-батысқа Қалмас тауына дейін барады (159 белгі), ол Ақтөбе болысының ШалқарЫрғыз аудандарының желісімен ілеседі (3 нүкте).

      Одан әрі, бассейн шекарасы, батыс бағытынан өтіп, Мелдікөл көлінің оңтүстігінен және Тентексор асуынан өтеді, солтүстікте Жалпақсор сораңы және Жансенгір көлі өтеді, Жасыбай өзенінің ағысына параллелді, Ырғыз-Шалқар автомагистралдан өтеді және 326 м белгісінің ауданында солтүстікке бұрылады, Бесапан құдығына дейін жетеді (61 нүкте).

      Кейін бүгіліс келеді, батыста 221 м белгісі арқылы өтеді, Шет Ырғыз өзенінің бойымен және солтүстікте Қамыстыкөл көлінің солтүстігінде өтеді және 247 м белгісінің ауданында Мұлғаржар және Шалқар аудандары шекарасының оңтүстік-батысына бұрылады. Одан әрі Болғасын, Қауылжыр эәне Шет Ырғыз өзендерінің су бөлгіші бойымен батыс бағытынан жоғарыда аталған аудандардың шекарасына дейін (Мұлғалжар елді мекеніне және тауға дейін) барады (60 нүкте).

      60 нүктесінен, сызық Шалқар ауданының аумағымен алдымен солтүстік-шығыста қиылысады, кейін Мұлғаржар ауданының аумағы бойымен және Алтынды елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай бағытын өзгертеді. Сондай-ақ осы учаскедегі сызықтар Эмба (Әулие және Құндызды ағыстары) және Шет Ырғыз (Жіңішке және Төлепсай ағыстары) өзендері бассейнінің су бөлгіштері бойымен өтеді.

      Ақтасты тауынан (546 м) сызық солтүстік-шығысқа кетеді, Аққарпық тауы арқылы өтеді (525 м белгісі), Мұлғаржар және Хромтау аудандарының әкімшілік шеті, Бала Талдық, Есекжал, Ақтасты (оң жақ) және Терісбұтақ, Тамды (сол жақ) су бөлгіштері бойымен өтеді және Байментау тауына дейін жетеді (456 м белгісі) (59 нүкте).

      Осы нүктеден сызық солтүстік шығысқа жалғасады, Ор өзені бассейніне параллелді, 371 белгісі арқылы өтеді, Хромтау және Еңбекту автомагистралі арқылы өтеді. Кейін солтүстік-батысқа қарай беттейді, Әулиемола тауының ауданында темір жолмен қиылысады (345 м белгісі), шығысқа бұрылады. Әйтеке би және Ақмола облысының Хромтау ауданының әкімшілік шекарасынан өте Қазақстан мен Ресей арасының мемлекеттік сызығынан өтеді (58 нүкте).

      58 нүктеден 57 нүктеге дейін бассейн сызығы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасымен сәйкес келеді.

Бұрылыс нүктелердің географиялық координаттары Тобыл - Торғай бассейні

Нүкте №

С.Ш. - градустар°

С.Ш. - мин.

В.Д. - градустар°

В.Д. - мин.

3

47°

50'

61°

56'

4

47°

11'

62°

57'

5

46°

10'

66°

54'

52

49°

45'

66°

47'

53

50°

30'

66°

58'

54

50°

57'

65°

56'

55

51°

24'

65°

31'

56

52°

25'

66°

0'

57

54°

38'

66°

4'

58

50°

31'

59°

40'

59

49°

41'

59°

7'

60

48°

38'

58°

32'

61

48°

25'

59°

59'

62

46°

0'

72°

27'

63

45°

59'

69°

4'

64

47°

57'

66°

36'

65

48°

39'

67°

0'

66

46°

10'

66°

51'

  Қазақстан Республикаcы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитеті
төрағасының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 170 бұйрығына
8-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінiң актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Инспекция қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау осы Ереженің қосымшасында ұсынылған.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 15 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекция қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүзеге асыру;

      3) су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;

      5) су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру;

      6) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру;

      7) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

      10) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      11) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

      12) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

      13) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

      14) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

      15) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

      16) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      17) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тiркеу;

      18) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті су көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;

      19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      20) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;

      21) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

      22) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      23) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

      24) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      25) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      26) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      27) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асы

      28) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      29) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, су қорын падалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен су тұтыну және су бұрудың келісілген үлестік нормаларының болуы, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      30) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      31) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      32) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiне бақылауды жүзеге асыру;

      33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      34) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

      36) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      38) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;

      39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      40) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      41) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      42) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;

      43) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      44) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      45) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      15.Инспекцияның құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттілерді қабылдау;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алу және сұрату;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.

      17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 36-Н бұйрығымен.

      19. Инспекция Басшысының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және орнынан босатады;

      3) Инспекция қызметшілерінің міндеттерін мен құзыреттерін анықтайды және бекітеді, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) заңмен белгіленген тәртіпте Инспекция қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде шаралар қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде Инспекция қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;

      6) Комитет басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде Инспекция басшысы мен басшы орынбасарларының іссапарлары мәселелерін шешеді, көтермелеу жөнінде ұсынысты жоғары органның басшылығына енгізеді;

      7) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Инспекцияның мүддесін ұсынады.

      Инспекция Басшысы болмаған уақытта өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Инспекция Басшысы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.

4. Инспекцияның мүлігi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлігі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекция өзгесі заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Шу-Талас бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы қызметінің аумақтық салаларының шекараларын сипаттау

      Шу-Талас бассейндік инспекциясы қызметінің аумағы Талас, Шу және Асса бассейндерін қамтиды.

      Әкімшілік жоспарда бұл барлық Жамбыл облысы, Түркістан облысының бір бөлігі, Қызылорда облысының батыс жағында маңызды емес бір бөлігі кіреді.

      Шу-Талас бассейндік инспекциясы қызметінің шекарасының басталатын жері 12 нүкте – Қазақстан Республикасы мен Қырғыстан Республикасының мемлекеттік шекарасына бассейндік инспекциясының шекарасы қиылысқан нүктесі қабылданады. 12 нүктеден 11 нүктеге бассейндік инспекциясының шекарасы Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімшілік шекаралары бойымен қатаң түрде жалғасады. Одан әрі шекара солтүстік-батысқа бұрылады, Т. Дүйсенбайұлы елді мекенінің оңтүстік-батысына қарай өтеді (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы), газ құбырынан өтеді және 10 нүктеге жетеді.

      10 нүктеде шекара солтүстік-шығысқа бағытын өзгертеді, Каратас-Күренбел топырақты жолын, Ырысбек Батыр елді мекенін қиып өтеді және Қошқарат бастауында Қаратау тауынына қарай солтүстік-батысқа бұрылады. Шаян өзенінде, Шу-Талас бассейнінің сызығы Үлкен Ақтау және Қаратау жотасына қарай бұрылады, қайтадан сол шекарамен, Түркістанның маңымен бірігеді және 9 нүктеге, Жамбыл және Түркістан облысымен біріктіретін сызығына ауысады.

      9 нүктеден 8 нүктеге дейін бара отыра (1126 биіктік белгісі) бассейн шекарасы Түркістан облысы Байдыбек және Созақ ауданының бөлу сызықтарының бойымен өтеді, Жартытөбе-Шақпақ жетілдетілген жабындысымен автожолды, мұнай құбырын қиып өтеді және солтүстік жағынан Таскөмірсай елді мекенінің жанынан өтеді. Одан әрі Түркістан және Созақ аудандары шекарасының бойымен, Тұрлан және Бажы жерлерімен қиылысады.

      8 нүктеден 7 нүктеге дейін Шу-Талас бассейндік инспекциясы қызметінің шекарасы жеке учаскелерден басқа (Ран жерінің ауданында Қаратау жотасына ауысады, одан кейін Қордан жерінде қайтадан шекараға қайтып келеді) Қызылорда және Түркістан облыстарының шекарасы бойымен өтеді.

      Ақсумбе және Шолақ өзендері арасынан өте келе, солтүстік-батысқа қарай бұрылады, Қаратау жотасы бойымен Ақжарбұлақ бұлағына дейін жетеді және Телікөл арнасының бойымен созылады, Арал-Сырдария, Нұра-Сарысау және Шу-Талас бассейндік инспекциясы шекарасының қиылысу нүктесіне дейін созылады (6 нүкте).

      Осы жерден су шаруашылығы бассейнінің сызығы солтүстік-шығысқа, Ащыкөл ойына қарай, Тайқоңыр елді мекенінің және Байқұмбыр артезиан құдығының маңына бұрылады (Түркістан облысы), одан әрі Қызылқақ солтүстік-батыс құдығына жылжиды. 292 белгісінің маңында, Карақойын көлінің оңтүстік-шығысында бассейндік инспекциясының шекарасы шығысқа бұрылады және 63 нүктесінде Қарағанды және Түркістан облыстары шекарасына параллелді болады.

      Одан әрі бассейн шекарасы Қарағанды және Жамбыл облыстары аумағын бөлетін әкімшілік шекарасы бойымен, Кеттатақыр, Соркөл шатқалдары арқылы, Шоқпаржал тауларына дейін қатаң түрде өтеді (62 нүкте).

      Бұл жерден оңтүстік-шығысқа бұрылады, Қызылтаң тауына Тасбұлақ құжығының шығысында жатады, оның биіктігі 558 метрді құрайды (16 нүкте). Сол бағытқа қозғала отыра, Желтау тауының суды бөлгіші бойымен өтеді және Түлкілі Ойсексеуіл шатқалы ауданында Майжарылған тауларына бұрылады, одан кейін Сарыбұлақ өзенінің бойымен Айтау тауының №3 пикетіне барады (15 нүкте).

      Осы таулардың суды бөлгіші бойымен, шекара Жынғылды және Шоқпар өзен арасынан өтеді, Кіндіктас тауларына бағыт алады, кейін, Ұзынды және Кенен елді мекендерінің оңтүстік-батысына қарай Ұзынсу, Ірісу және Қалғыт су өзендері бойымен өтеді. Одан кейін шекара Үлкен Сұлутор және Сұлутор елді мекендерінің солтүстік-шығысынан өтеді, Көктөбе-Ақтерек топырақты ауыл жолдарынан өтеді және 2405 ең биік белгіге жетеді (14 нүкте).

      Одан әрі бассейн шекарасы, Жетіжол жотасының су бөлгішіне ауысып және Кастек жотасына бұрылып, Қарақоныс және Кастек өзендері арасында, жеке учаскеден басқа (Ұйтас тауы ауданында Алматы облысы аумағын қамтиды), Алматы және Жамбыл облыстарының әкімшілік сызықтары бойымен өтуін жалғастырады.

      Одан әрі шекара Қазақстан-Қырғыстан мемлекеттік сызығы бойымен өтеді және Майдантал жерінен солтүстікке қарай 12 нүктеге бірігеді.

Бұрылыс нүктелердің географиялық координаттары Шу-Талас бассейні

Нүкте №

С.Ш. - градустар°

С.Ш. - мин.

В.Д. - градустар°

В.Д. - мин.

6

44°

54'

66°

52'

7

44°

21'

67°

28'

8

44°

1'

68°

3'

9

43°

26'

69°

25'

10

42°

41'

70°

23'

11

42°

26'

70°

40'

12

42°

19'

70°

51'

13

42°

56'

75°

49'

14

43°

15'

75°

16

15

44°

11'

74°

7'

16

45°

47'

72°

37'

62

46°

0'

72°

27'

63

45°

59'

69°

4'



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады