"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 шілдедегі № 169/НҚ бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 334/НҚ бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 шілдедегі № 169/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысында электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы реттеушілік, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады";

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысында электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;";

      14-тармақта:

      26) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 39-1), 39-2), 39-3), 39-4), 39-5), 39-6), тармақшалармен толықтырылсын:

      "39-1) ақпараттандыру, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысында электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      39-2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысында электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39-3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарым беру;

      39-4) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39-5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      39-6) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабарлауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
А. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады