Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 2 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-52) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_________Н. Айдапкелов

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________Е. Тұрғымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2020 жылғы 8 қаңтар № 2
және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 13 қаңтар
№ 15 бірлескен бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1-30 қазан аралығындағы кезеңде халықтың ұлттық санағын өткізу мерзімдері (бұдан әрі – халық санағы) және 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

      2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары (келісім бойынша) енгізілген.

      3. Жоспарға, сондай-ақ "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19465 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда); бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдар және уақытша жоқ адамдарды және уақытша тұратындарды және (немесе) келгендерді қоса алғанда, әскери бөлімдердің және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұратын азаматтық тұрғындар (бұдан әрі – респондент) жатады.

      Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Халық санағы ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдаланумен:

      1) интервьюерлердің респонденттерге 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы сауал салуы;

      2) халық санағының басталуымен біруақытта 2020 жылғы 1-15 қазан аралығында алғашқы 15 (он бес) күнтізбелік күнде халық санағы Интернет желісі арқылы www.sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтында онлайн режимде, көрсетілген сайтта тіркеліп және электрондық санақ парақтарын өз бетінше толтырғаннан кейін өткізіледі.

2-тарау. ҚР ІІМ объектілерінде халық санағын ұйымдастыру

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелері мен оның ведомстволарында (бұдан әрі – ҚР ІІМ объектілері) халық санағын ұйымдастыру және өткізу мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша ұйымдастыру іс-шаралары өткізіледі.

      5. Халық санағын өткізудің толықтығы мен сапасын бақылау ҚР ІІМ объектілерінің қолбасшыларына, командирлеріне, бастықтарына жүктеледі.

      6. ҚР ІІМ-де мыналар құрылады:

      1) Халық санағына дайындық және өткізумен байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді үйлестіру және жәрдемдесу жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі – Орталық комиссия). Орталық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі;

      Орталық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) өзара іс-қимылды, ҚР ІІМ объектілерінде жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ҰЭМ СК-ға көмек көрсетуді, халық санағын өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      2) Халық санағын ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарында құрылған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Халық санағы бойынша комиссия). Халық санағы бойынша комиссияның құрамы ҚР ІІМ-нің объектілері командирлерінің, бастықтарының бұйрығымен бекітіледі.

      Халық санағы бойынша комиссия ҚР ҰЭМ СК аумақтық органдарымен (бұдан әрі – Департаменттер) өзара іс-қимылды, жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жәрдемдесуді, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының өңірлік қолбасшылықтарында, құрамаларында, әскери бөлімшелерінде және әскери оқу орындарында, білім беру ұйымдарында, арнайы мекемелерде, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінде халық санағын ұйымдастыру және өткізу бойынша күнтізбелік жұмыс жоспарларын құруды, жауапты қызметкерлерді іріктеу және оқытуды, 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде аумақтық белгісі бойынша мекенжайларды, шекараларды көрсете отырып, контингенттер орналасқан объектілер тізбесін құру және нақтылауды жүзеге асырады.

3-тарау. ҚР ІІМ объектілерінде халық санағын өткізу тәртібі

1-бөлім. Жауапты қызметкерлер

      7. ҚР ІІМ объектілерінде ҚР ІІМ қызметкерлері немесе әскери қызметшілері санынан жауапты қызметкерлердің көмегімен жүргізіледі.

      Жауапты қызметкерлер халық санағын өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша Департаменттер өткізетін оқыту семинарларында оқытудан өтеді.

      8. ҚР ІІМ объектілерінде жауапты қызметкерлер үй-жайлармен және Интернетке шығатын компьютерлермен қамтамасыз етіледі.

2-бөлім. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және санақ құралы

      9. Департаменттер жауапты қызметкерлерге 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған электронды санақ парақтарымен (бұдан әрі – санақ парақтары) бірге халық санағы аяқталған соң Департаментке қайтарылатын соққыға төзімді қорғайтын қабы, алдын ала орнатылған қауіпсіздік әйнегі, зарядтау құрылғысы, USB шнуры, стилусы, портативтік құрылғысы бар жиынтықтағы (Powerbank USB шнурымен жиынтықта) планшеттерді (бұдан әрі – планшеттер) қабылдау-тапсыру актісі бойынша береді. Сондай-ақ халық санағын өткізуге қажетті қағаз жеткізгіштегі санақ құралы (бұдан әрі – санақ құралы) беріледі:

      1) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірме;

      2) халық санағынан өту туралы анықтама беріледі.

3-бөлім. Санақтан өтуге жататын халықтың санаттары

      10. ҚР ІІМ объектілерінде санақтан өтуге мынадай халықтың санаттары жатады:

      1) мерзімді қызмет сарбаздары, сержанттары;

      2) арнайы немесе әскери білімі жоқ, білім беру ұйымдарының тыңдаушылары;

      3) рұқсаты шектелген, ҚР ІІМ объектілерінің аумағында тұратын офицерлер, әскери қызметшілер және келісімшарт бойынша істейтін қызметшілер;

      4) рұқсаты шектелген, ҚР ІІМ объектілерінің аумағында тұратын азаматтық тұрғындар;

      5) әскери оқыту орындарының тәрбиеленушілері, ұландары, кадеттер және курсанттар;

      6) арнаулы мекемелердегі адамдар;

      7) сотталғандар және санақ күні ҚР ІІМ объектілерінде тергеумен қамалған адамдар;

      8) ҚР ІІМ объектілері жанындағы балалар үйіндегі сотталған әйелдердің балалары;

      9) медициналық мекемелерде, демалыс үйлерінде және санаторийлерде стационарлық емделуде жүрген адамдар.

      11. Қазақстан Республикасының жабық аумағынан тыс тұратын келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен келісімшарт бойынша қызметшілерді тұрақты тұрғылықты жері бойынша азаматтық тұрғындар ретінде Департаменттердің санақ персоналы өздерінің отбасылары құрамында санақтан өткізеді.

      12. Қарулы Күштер бөлімшелерінде атқаратын лауазымдарынан босатусыз демалыста және шетелдік іссапарларда жүрген әскери қызметшілер жеке істері және басқа да есепке алу деректері бойынша тұрақты қызмет ететін орны бойынша санақтан өтеді.

      13. Офицерлер, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері мен әскери госпитальдарда ем қабылдаудағы басқа да азаматтық тұлғалар (егер олардың келгеніне 1 жылдан аспаса) уақытша тұратындар ретінде санақтан өткізіледі.

      14. ҚР ІІМ объектілері аумағында тұратын, запасқа босатылған, бірақ санақ күні ҚР ІІМ объектілерінен шықпаған әскери қызметшілерді ҚР ІІМ-нің жауапты қызметкерлері тұрақты тұратын азаматтық тұрғындар санында санақтан өткізеді.

      15. ҚР ІІМ объектілеріндегі алмастырушы құрам тұрғылықты жері бойынша (казарма, жатақхана және басқалары) санақтан өтеді. Ортақ тұрғын үй алаптарында тұрған жағдайда алмастырушы құрамды Департаменттердің санақ персоналы санақтан өткізеді.

      16. 12 айдан аспайтын оқыту мерзімімен курстарда немесе жиындарда оқып жатқан, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері уақытша тұратындар ретінде санақтан өткізіледі.

      17. 12 айдан асатын оқыту мерзімімен курстарда оқып жүргендер тұрақты тұрғлықты жерінде болмау ұзақтығына қарамастан ҚР ІІМ обектісінде тұрақты халық ретінде санақтан өтеді.

      18. ҚР ІІМ объектілерінде тұратын азаматтық тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес санақтан өткізеді.

5-бөлім. Халық санағын өткізу кезеңдері

      19. ҚР ІІМ объектілеріндегі халық санағы 2 кезеңге бөлінеді:

      1) бірінші кезеңде халық санағына жататын респонденттердің тізімі 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жасалады және Департаментке беріледі.

      2) екінші кезеңде халық санағынан өтуге жататын респонденттерге сауал салу және бірінші кезеңде жасалған тізімдерге сәйкес электрондық санақ парақтарын планшеттерде немесе Интернет желісі арқылы онлайн режимде "sanaq.gov.kz" сайтында толтыру өткізіледі.

      Респондентке сауал салу мүмкіндігі болмаған жағдайда жауапты қызметкерлер санақ парақтарын толтыру үшін кадр қызметінен мәліметтер алады.

      Интернет желісі арқылы онлайн режимде санақтан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер www.sanaq.gov.kz сайтында өз бетінше немесе жауапты қызметкерлердің көмегімен тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторизациялаудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің базасына түседі.

      Планшетте VPN-каналы бар болған жағдайда алынған деректер деректерді жөнелту туралы белгісімен (сақтау күні мен уақыты) Халық санағы деректерінің базасына бөлінген қорғалған байланыс арнасы бойынша жіберіледі.

      Қашықтыққа немесе жергілікті жерлерде ұялы байланыс желісінің қолжетімділік нүктелерінің болмауына байланысты алынған деректерді планшеттен жүктеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, деректер USB шнуры арқылы Департамент қызметкерінің электронды жеткізгішіне жүктеледі.

      20. "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 21-бабы 4-тармағына сәйкес ұлттық санақтар барысында алынған мәліметтер алғашқы статистикалық деректерге жатады және олар жеке немесе заңды тұлғаға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуын қиындату мақсатында пайдаланылмауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады