Мәслихаттың "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 381 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 шешімі

      Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 381 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны Лисаков қаласы Октябрь кенті (бұдан әрі - кент) халқының жалпы санына байланысты айқындалады - 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі.

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      кент бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      қала бюджетінен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, кент бюджетін түзетуді келісу;

      кенттің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі кент әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

      кент бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      кент бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      кенттің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін;

      кент әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Лисаков қалалық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Лисаков қаласы қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) кент әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      кент әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      5. Жиналысты кент әкімі дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жиналысты қала әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға Лисаков қалалық мәслихатының (бұдан әрі – қалалық мәслихат) депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.";

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кент әкіміне беріледі.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді кент әкімі қарайды және кент әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Кент әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді.

      Кент әкімі екі жұмыс күні ішінде қала әкімінің және қалалық мәслихаттың атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен қалалық мәслихаттың таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін қала әкімі шешім қабылдайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы С. Шалдыбаева

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 6 января 2020 года № 381 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества"

Решение маслихата города Лисаковска Костанайской области от 13 декабря 2021 года № 85

      Лисаковский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества" от 6 января 2020 года № 381 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8901) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу решения изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Лисаковский городской маслихат РЕШИЛ:";

      в Регламенте собрания местного сообщества, утвержденном указанным решением:

      дополнить пунктами 3-1 и 3-2 следующего содержания:

      "3-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом, количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения поселка Октябрьский города Лисаковска (далее - поселок) - до 10 тысяч населения 5-10 членов собрания.

      3-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.";

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета поселка и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета поселка в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из городского бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата акима поселка по управлению коммунальной собственностью поселка (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета поселка;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета поселка;

      согласование отчуждения коммунального имущества поселка;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      согласование представленных акимом города Лисаковска (далее – аким города) кандидатур на должность акима поселка для дальнейшего внесения в Лисаковскую городскую избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы поселка;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима поселка;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      5. Собрание созывается и проводится акимом поселка самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.";

      часть вторую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима города, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты Лисаковского городского маслихата (далее – городского маслихата), представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.";

      часть четвертую пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акиму поселка, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима поселка.";

      пункты 13 и 14 изложить в следующей редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом поселка и доводятся аппаратом акима поселка до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима поселка, вопрос разрешается акимом города.

      Аким поселка, в течение двух рабочих дней, направляет в адрес акима города и городского маслихата протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Аким города после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании городского маслихата вопросов, вызвавших несогласие между акимом поселка и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь городского маслихата С. Шалдыбаева