Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 228 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына, сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Брендт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін Жітіқара ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 7955 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) құрылтай құжатының тіркеуші орган Жітіқара ауданының Әділет басқармасына тіркеуге жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 26 октября 2021 года № 228

      В соответствии с пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, акимат Житикаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить товариществу с ограниченной ответственностью "Брендт" публичный сервитут, для проведения операций по разведке полезных ископаемых на земельные участки общей площадью 7955 гектара, расположенные на территории Житикаринского района.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата Житикаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных со дня подписания настоящего постановления направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Житикаринского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Житикаринского района Н. Утегенов