Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 85 шешімі

      Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін:

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауыл және ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады: 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.";

      4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      ауыл, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда ауыл, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      ауыл, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауыл, ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;

      ауыл, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауыл, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауыл, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін.

      ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін ауыл, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      ауыл, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау."

      5. Жиналысты ауыл, ауылдық округ әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет-ресурстарды қоса алғанда үздіксіз жариялау тарату тәсілдермен хабардар етеді.

      "Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Жиналысты аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға аудан мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.";

      12-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауыл, ауылдық округ әкіміне беріледі.";

      13 және 14-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауыл, ауылдық округ әкімі қарайды және ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауыл, ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені аудан әкімі шешеді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі екі жұмыс күні ішінде әкімнің және аудан мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті қоғамдастық жналысының арасында келіспеушілік туындаған жағдайда аудан мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін аудан әкімі шешім қабылдайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бараншина

О внесении изменений и дополнений в решение Узункольского районного маслихата Костанайской области от 17 января 2020 года № 343 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества"

Решение маслихата Узункольского района Костанайской области от 24 декабря 2021 года № 85

      Узункольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества" от 17 января 2020 года № 343 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8916) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Узункольский районный маслихат РЕШИЛ:";

      в Регламенте собрания местного сообщества, утвержденном указанным решением:

      дополнить пунктами 3-1, 3-2 и 3-3 следующего содержания:

      "3-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом, количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения села и сельского округа: до 10 тысяч населения - 5-10 членов собрания;

      3-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.

      3-3. Для административно-территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 3-2 настоящего Регламента.";

      пункты 4 и 5 изложить в новой редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета сел, сельских округов и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета сел, сельских округов в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата сел, сельских округов по управлению коммунальной собственностью сел, сельских округов (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета сел, сельских округов;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета сел, сельских округов;

      согласование отчуждения коммунального имущества сел, сельских округов;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима сел, сельских округов для дальнейшего внесения в районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы сел, сельских округов;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима сел, сельских округов;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.";

      "5. Собрание созывается и проводится акимами сел, сельских округов самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или непрерывным публичным распространением массовой информации, включая интернет-ресурсы, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.";

      пункт 10 изложить в новой редакции:

      "10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты районного маслихата, представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.";

      часть четвертую пункта 12 изложить в новой редакции:

      "Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акимам сел, сельских округов, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сел, сельских округов.";

      пункты 13 и 14 изложить в новой редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимами сел, сельских округов и доводятся аппаратом акима села, сельского округа до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима села, сельского округа, вопрос разрешается акимом района.

      Акимы сел, сельских округов, в течение двух рабочих дней, направляют в адрес акима района и районного маслихата протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Аким района после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании районного маслихата вопросов, вызвавших несогласие между акимом села, сельского округа и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата А. Бараншина