2022 жылға арналған Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 2/12 шешімі

      Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімінің 4-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" № 72 бұйрығына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.

      2. Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Тереңкөл на 2022 год

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 17 ноября 2021 года № 2/12

      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2022 в соответствии с пунктом 4 настоящего решения.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2022 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Тереңкөл, социальную поддержку для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Предоставить в 2022 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Тереңкөл, подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата района Тереңкөл по социальной сфере и законности.

      4. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2022 года.

      Секретарь маслихата района Тереңкөл С. Баяндинов