"Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 134/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 184/6 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ә. Сқақов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 134/1 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының жер қатынастары" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5Б-үй.

      10. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкiмдiгi атынан "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінiң құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      16. Міндеттері:

      1) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;

      2) жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;

      3) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау.

      17. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша проблемаларды жедел шешу мақсатында облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;

      "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларымен келісімі бойынша жұмысқа тарту;

      жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, сотта облыс әкімінің, әкімдігінің, "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;

      құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

      мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алу;

      өз құзіреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан және өзге ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды өтеусіз түрде (сұраулар негізінде) алу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық сот органдарында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      мемлекеттік органдарда, сотта "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      18. Функциялары:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін) жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану, магистральдық құбыржолдарды, мұнай мен газды қайта өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу (реконструкциялау) бойынша, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, кәсіпкерлік қызметке сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдар салу (реконструкциялау) үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, сондай-ақ осы мәселе бойынша, оның ішінде жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) облыстың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      5) жерді резервте қалдыру бойынша ұсыныстар дайындау;

      6) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      8) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондарды) жүргізуді ұйымдастыру;

      10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      11) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

      13) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      15) жер-кадастр жоспарын бекіту;

      16) облыстың жергілікті атқарушы органының жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, ол туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау; 17) облыстың жергілікті атқарушы органының ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;

      18) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерлерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;

      19) орман қоры жерлерін қоспағанда, Кодекстің 90-бабында көзделген жағдайларда жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органы шешімдерінің жобаларын дайындау;

      20) Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттарды белгілеу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы шешімдерінің жобаларын дайындау;

      21) жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      22) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға жайылымдарды ұтымды пайдалану туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;

      23) Қазақстан Республикасы Жер кодексінiң 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған мемлекеттік органдарға қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге ұсыну;

      24) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің жобаларын дайындау;

      25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің облыс шегінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеуі туралы облыстың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысының жобасын дайындау, олар:

      Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жеке меншік құқығымен;

      уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн;

      26) "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      27) облыс әкімінің тапсырмаларын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау;

      28) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және тұрақты түрде дамыту;

      29) "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;

      30) жер қатынастары саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      20. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және қызметін басқарады;

      2) "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ функцияларын белгілейді;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалау қолдануды жүзеге асырады;

      5) "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік түріне қарамастан өзге де мекемелерде білдіреді;

      8) "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      9) "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмысының перспективті және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      23. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      24. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      25. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

      28. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление земельных отношений Павлодарской области"

Постановление акимата Павлодарской области от 20 мая 2022 года № 134/1

      В соответствии с пунктом 2 статьи 40 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 124 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", пунктом 3 статьи 65 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Типовым положением о государственном органе, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590, акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Управление земельных отношений Павлодарской области".

      2. Отменить постановление акимата Павлодарской области от 22 июля 2021 года № 184/6 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление земельных отношений Павлодарской области".

      3. Государственному учреждению "Управление земельных отношений Павлодарской области" в усатновленном законном порядке обеспечить:

      направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области;

      принятие иных необходимых мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Утешова М.О.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Скаков

  Утверждено
постановлением акимата
Павлодарской области
от 20 мая 2022 года
№ 134/1

Положение о государственном учреждении "Управление земельных отношений Павлодарской области"

Глава 1.Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере земельных отношений на территории Павлодарской области.

      2. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами первого руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области": Республика Казахстан, Павлодарская область, 140000, город Павлодар, площадь Победы, 5Б.

      10. Режим работы государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области":

      дни работы: понедельник-пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота-воскресенье.

      11. Полное наименование государственного органа на государственном языке: "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области".

      12. Учредителем государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" является государство в лице акимата Павлодарской области.

      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области".

      14. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" осуществляется из областного бюджета.

      15. Государственному учреждению "Управление земельных отношений Павлодарской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями управления земельных отношений Павлодарской области.

      Если государственному учреждению "Управление земельных отношений Павлодарской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области"

      16. Задачи:

      1) установление оснований, условий и пределов возникновения, изменения и прекращения права собственности на земельный участок и права землепользования, порядка осуществления прав и обязанностей собственников земельных участков и землепользователей;

      2) регулирование земельных отношений в целях обеспечения рационального использования земель;

      3) охрана прав на землю физических и юридических лиц и государства.

      17. Полномочия:

      1) права:

      вносить на рассмотрение акимата и акима области предложения в целях оперативного решения проблем по вопросам регулирования земельных отношений;

      запрашивать и получать в установленном порядке по согласованию с государственными органами, должностными лицами, организациями и гражданами информацию по вопросам, связанным с исполнением задач, поставленных перед государственным учреждением "Управление земельных отношений Павлодарской области";

      привлекать к работе специалистов других исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов, по согласованию с их руководителями;

      взаимодействовать с государственными органами, предприятиями, организациями по вопросам регулирования земельных отношений;

      представлять интересы государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области", акима, акимата области в государственных органах, организациях, суде в пределах своей компетенции, установленной Положением;

      заключать договоры, соглашения в пределах своей компетенции;

      получать от государственных органов статистическую информацию о состоянии земельного фонда;

      получать, в установленном законодательством порядке безвозмездно (на основании запросов), необходимые информационные материалы из местных органов государственного управления и других организаций, в пределах своей компетенции;

      осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      представлять интересы акима, акимата области во всех судебных, государственных органах, учреждениях, предприятиях и иных организациях в пределах своей компетенции, установленной настоящим Положением;

      представлять интересы государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" в государственных органах, суде;

      осуществлять иные функции, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      18. Функции:

      1) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков для целей недропользования (для проведения работ по добыче; по совмещенной разведке и добыче; по строительству и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей), строительства (реконструкции) магистральных трубопроводов, объектов переработки нефти и газа, объектов по использованию возобновляемых источников энергии, для индустриально-инновационных проектов субъектов индустриально-инновационной деятельности, реализации инвестиционных приоритетных проектов в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан, создания и расширения особо охраняемых природных территорий местного значения, а также по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд при обнаружении и под разработку месторождений полезных ископаемых, для строительства (реконструкции) магистральных трубопроводов, а также подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по данному вопросу, в том числе по созданию и расширению особо охраняемых природных территорий местного значения;

      2) реализация государственной политики в области регулирования земельных отношений;

      3) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков государственным научно-исследовательским организациям и их опытным хозяйствам, а также государственным семеноводческим хозяйствам и племенным заводам;

      4) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению и изъятию земельных участков для нужд обороны и национальной безопасности;

      5) подготовка предложений по резервированию земель;

      6) определение делимости и неделимости земельных участков в пределах его компетенции;

      7) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;

      8) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель области;

      9) организация проведения земельных торгов (аукционов) в пределах его компетенции;

      10) проведение экспертизы проектов и схем областного, городского, районного значений, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;

      11) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования в пределах компетенции и осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;

      12) составление баланса земель области на основании данных районов, городов областного значения;

      13) подготовка предложений по выдаче разрешений местным исполнительным органом области на использование земельных участков для проведения изыскательских работ в соответствии со статьей 71 Земельного кодекса Республики Казахстан (далее - Кодекс);

      14) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;

      15) утверждение земельно-кадастрового плана;

      16) подготовка проектов решений местного исполнительного органа области по формированию состава земельной комиссии, разработке положения о ней и направлению на утверждение в соответствующий местный представительный орган;

      17) подготовка проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков под скотопрогонные трассы временного пользования межрайонного значения;

      18) регулирование земельных отношений в части предоставления земель, находящихся на территории одного района, города областного значения, в долгосрочное пользование другому району, городу областного значения;

      19) подготовка проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению и изъятию, в том числе для государственных нужд, земельных участков в случаях, предусмотренных статьей 90 Кодекса, за исключением земель лесного фонда;

      20) подготовка проектов решений местного исполнительного органа области по установлению публичных сервитутов в соответствии со статьей 69 Кодекса;

      21) осуществление координации деятельности районных, городских (областного значения) исполнительных органов в части использования и охраны земельных ресурсов;

      22) представление полугодовых и годовых отчетов уполномоченному органу в области развития агропромышленного комплекса о рациональном использовании пастбищ;

      23) представление на согласование в государственные органы, указанные в части второй пункта 1 статьи 120 Земельного кодекса Республики Казахстан, материалов по вопросам предоставления и изъятия земельных участков для нужд обороны и национальной безопасности;

      24) подготовка проектов решений областных представительных и исполнительных органов об установлении и изменении границ (черты) городов областного значения по согласованию с Правительством Республики Казахстан;

      25) подготовка проекта совместного предложения представительных и исполнительных органов области об установлении Правительством Республики Казахстан предельных (максимальных) размеров земельных участков сельскохозяйственного назначения по видам сельскохозяйственных угодий в пределах области, которые могут находиться:

      на праве частной собственности у гражданина Республики Казахстан для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, негосударственного юридического лица Республики Казахстан без иностранного участия и его аффилированных лиц для ведения сельскохозяйственного производства;

      на праве временного землепользования у гражданина Республики Казахстан для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, негосударственного юридического лица Республики Казахстан без иностранного участия и его аффилированных лиц для ведения сельскохозяйственного производства;

      26) осуществление взаимодействия с государственными органами, должностными лицами для реализации задач, возложенных на работников государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области";

      27) исполнение поручений акима, актов акима и акимата области;

      28) установление и постоянное развитие связей с общественностью через средства массовой информации;

      29) разработка планов деятельности государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области";

      30) осуществление иных функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере земельных отношений.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области"

      19. Руководство государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение задач, возложенных на государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области", и осуществление им своих полномочий.

      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Павлодарской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области":

      1) организует работу и руководит деятельностью государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области";

      2) определяет обязанности, полномочия, а также функции работников структурных подразделений государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области";

      3) назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      4) осуществляет в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан, поощрение сотрудников государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области", оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взысканий;

      5) издает приказы и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области";

      6) утверждает Положения о структурных подразделениях государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области", должностные инструкции сотрудников;

      7) представляет государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" во всех государственных органах и иных организациях независимо от форм собственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      8) обеспечивает разработку структуры государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области";

      9) утверждает перспективные и текущие планы работы государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области";

      10) противодействует коррупции и несет за это персональную ответственность;

      11) осуществляет иные полномочия, определенные законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством;

      22. Взаимоотношения между государственным учреждением "Управление земельных отношений Павлодарской области" местным исполнительным органом регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      23. Взаимоотношения между государственным учреждением "Управление земельных отношений Павлодарской области" и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      24. Взаимоотношения между администрацией государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" и трудовым коллективом определяются в соответствии с законодательством о государственной службе, Трудовым кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.

Глава 4. Имущество государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области"

      25. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      26. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление земельных отношений Павлодарской области", относится к областной коммунальной собственности.

      27. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Павлодарской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение (ликвидация) государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области"

      28. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление земельных отношений Павлодарской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.