2022 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, басшышылық лауазымдарын атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 15-2 шешімі

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8 және 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2022 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының басшылық лауазымдарын атқаратын адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерге берілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауға – айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік несие.

      2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Ақжар аудандық мәслихат хатшысы А.Хоршат

О предоставлении в 2022 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим, за исключением лиц, занимающих руководящие должности, аппаратов акимов сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района

Решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 3 марта 2022 года № 15-2

      В соответствии с пунктами 8 и 9 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" маслихат Акжарского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим, за исключением лиц, занимающих руководящие должности, аппаратов акимов сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района в 2022 году:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Действие пункта 1 настоящего решения распространяется также на ветеринарных специалистов ветеринарных пунктов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования, и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2022 года.

      Секретарь Акжарского районного маслихата А. Хоршат