"Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 208 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мурзиев

  Аудан әкімдігінің 2022 жылғы
  "25" мамырдағы № 208 қаулысымен
бекітілген қосымша

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Аудан әкімінің аппараты) аудан әкімдігінің және әкімнің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Аудан әкімінің аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Аудан әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Аудан әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Аудан әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Аудан әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі 2.

      10. Осы Ереже аудан әкімінің аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Аудан әкімінің аппаратының қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Аудан әкімінің аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен аудан әкімінің аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер аудан әкімінің аппараты заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіліктері

      13. Мақсаттары:

      аудан әкімі мен әкімдігінің тиімді және ұдайы қызметін қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіліктері:

      1. құқықтары:

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, облыстың жергілікті атқарушы органдарынан және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан белгіленген шектерде қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, аудан әкімі мен әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға;

      2. міндеттері:

      1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

      2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      3) облыс әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, ауданның барлық жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың өзара жауаптылығын белгілеу;

      15. Функциялары:

      1) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес:

      тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы ұсыныс енгiзудi ұйымдастырады;

      тиiстi мәслихатқа "Ауданның құрметтi азаматы" атағын беруге ұсыныс енгiзудi ұйымдастырады;

      аудандық жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестiреді;

      ауданның басқару схемасын аудандық мәслихаттың бекiтуiне енгiзудi ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      терроризмге қарсы комиссиялар арқылы аудан аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;

      әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

      әкiмдік іс қағаздарын жүргiзу және әкімдікке түсетiн хат-хабарларды өңдеу;

      аудан әкімдігі қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптамадан өткізу;

      аудан әкімдігі мүшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі мәжілістерінде қарау үшін материалдар дайындауды, күн тәртібін жасауды, тоқсан сайынғы мәселелер тізбесін дайындауды ұйымдастыру;

      сот органдарында аудан әкімі мен аппараттың мүдделерін білдіру және қорғау;

      бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін жариялау;

      аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылық профилатикасы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, мемлекеттік наградалар жөніндегі, жергілікті атқарушы органдардың бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес ішкі бақылауды, Мемлекет Басшысының, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрінің Кеңсесі басшыларының актілерінің, тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларының орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін үйлестіреді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      4) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар" туралы Заңына сәйкес құпия іс жүргізуін, арнайы байланыс, хат-хабарларды өңдеу, құпиялық режимін қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру;

      6) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" Заңына сәйкес аппаратта гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады;

      8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдану жұмыстарын ұйымдастыру;

      9) заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Аудан әкімінің аппаратын басқаруды басшы жүзеге асырады, ол аудан әкімінің аппараты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Аудан әкімінің аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Аудан әкімінің аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Аудан әкімінің аппараты басшысының өкілеттіліктері:

      1) Аппаратқа жүктелген мақсаттарды iске асыруды ұйымдастырады;

      2) өз құзыретi шегiнде аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;

      3) аппараттың құрылымы мен штат кестесiн, оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;

      4) Аппараттың тәртiптiк және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүзеге асырады;

      6) қызметтiк тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      7) еңбек қатынастары мәселелерi жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған жұмыскерлердi қоспағанда, аппараттың мемлекеттiк қызметшiлерiн iссапарға жiберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгiлеу мәселелерiн шешедi;

      8) еңбек қатынастары мәселелерi жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған жұмыскерлердi қоспағанда, аппараттың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң тәртiптiк жауаптылығы мәселелерiн шешедi;

      9) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;

      Аудан әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Аудан әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Аудан әкімінің аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Аудан әкімінің аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Аудан әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе аудан әкімінің аппараты, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органның қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Аудан әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Аппарат акима Курмангазинского района Атырауской области"

Постановление акимата Курмангазинского района Атырауской области от 25 мая 2022 года № 208

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпункта 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" от 1 сентября 2021 года № 590, акимат Курмангазинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое положение государственного учреждения "Аппарат акима Курмангазинского района Атырауской области" в новой редакции.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Курмангазинского района Атырауской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Курмангазинского района Атырауской области".

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района М. Мурзиев

  Приложение утвержденное
постановлением акимата
№ 208 от "25" мая 2022 года

ПОЛОЖЕНИЕ государственного учреждения "Аппарат акима Курмангазинского района Атырауской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Курмангазинского района Атырауской области" (далее Аппарат акима района) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах обеспечивающее деятельность акимата и акима района.

      2. Аппарат акима района не имеет ведомств.

      3. Аппарат акима района осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат акима района является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат акима района вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат акима района имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат акима района по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения аппарата акима района и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Курмангазинского района Атырауской области" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 060400, область Атырауская, район Курмангазинский, сельский округ Құрманғазы, село Құрманғазы, улица Смағұл Көшекбаев 2.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом "Аппарата акима Курмангазинского района Атырауской области".

      11. Финансирование деятельности аппарата акима района осуществляется из местного бюджета в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату акима района запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями аппарата акима района.

      Если аппарату акима района законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      обеспечение эффективной и бесперебойной деятельности акима и акимата района.

      14. Полномочия:

      1. права:

      запрашивать и получать необходимую информацию от исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, местных исполнительных органов области и территориальных подразделений центральных исполнительных органов, а также из иных государственных органов;

      запрашивать у предприятий, учреждений и организаций всех форм собственности в установленных пределах необходимую информацию, документы, иные материалы, устные и письменные разъяснения по вопросам, входящим в компетенцию акима района и акимата;

      2. обязанности:

      1) информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима и акимата района;

      2) координация деятельности исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета;

      3) обеспечение взаимодействия с аппаратом акима области, районным маслихатом, правохранительными органами, средствами массовой информации, общественными организациями и гражданами; обеспечение согласованных действий должностных лиц всех местных исполнительных органов района;

      4) установление взаимной ответственности местных исполнительных органов при выполнении актов и поручений Президента, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата и акима области, его заместителей и руководителя аппарата.

      15. Функции:

      1) в соответствии Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан":

      организует внесение представления о награждении соответствующих лиц государственными наградами, присвоении им почетных и иных званий;

      организует внесение в соответствующий маслихат представления на присвоение звания "Почетный гражданин района";

      координирует работу местных исполнительных органов района;

      организует внесение схемы управления района на утверждение районного маслихата;

      организует и обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан об обороне и Вооруженных Силах, о призыве и воинской службе, мобилизационной подготовки и мобилизации, а также в области гражданской обороны;

      организует деятельность по профилактике терроризма, а также минимизации и (или) ликвидации последствий терроризма на территории района через антитеррористические комиссии;

      участвует в профилактике чрезвычайных ситуаций социального характера, а также минимизации и (или) ликвидации их последствий на территории района;

      ведение делопроизводства акимата и обработка корреспонденции, поступающей в акимат;

      проведение экспертизы проектов постановлений акимата, решений и распоряжений акима района;

      организация подготовки материалов к рассмотрению на заседаниях районного акимата, разработка повестки дня, подготовка перечня вопросов на квартал по предложению членов районного акимата, руководителей исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;

      представительство и защита интересов акима района и аппарата в судебных органах;

      публикация информации о деятельности акима района и акимата в средствах массовой информации;

      обеспечение деятельности районных комиссии по противодействию коррупции, профилактике правонарушений, профилактике правонарушений среди несовершенолетних, награждению государственными наградами, подбору кандидатов на вакантные административные государственные должности в местных исполнительных органах;

      2) в соответствии Закона Республики Казахстан "Об административных процедурах" осуществление внутреннего контроля, контроля за сроками исполнения актов, поручений Главы государства, Правительства, Премьер - Министра, его заместителей, Руководителей Администрации Президента и Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, постановлений акимата области, решений и распоряжений акима области, поручений акима области, его заместителей и руководителя аппарата;

      3) координирует деятельность местных исполнительных органов по оказанию государственных услуг, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных услугах", обеспечивает повышение качества и доступность оказания государственных услуг в соответствии с реестром государственных услуг;

      4) в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных секретах" обеспечение конфеденциальности, специальной связи, обработки корреспонденции, режима секретности;

      5) рассмотрение обращений физических и юридических лиц в соответствии с административно процедурно-процессуальном кодексом, организация приема физических и представителей юридических лиц акимом района, его заместителями и руководителем аппарата;

      6) осуществление функции государственного управления в отношении коммунальных предприятияй и учреждениям) в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      7) в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных гарантиях равных прав и равных возможностей мужчин и женщин" реализует соответствующие меры по укреплению гендерного равенства в аппарате;

      8) рассмотрение дел об административных правонарушениях и организация работы по применению административных взысканий;

      9) осуществление иных функций, возложенных законодательством.

Глава 3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      16. Руководство аппаратом акима района осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима района задач и осуществление им своих функций.

      17. Руководитель аппарата акима района назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Руководитель аппарата акима района не имеет заместителей.

      19. Полномочия руководителя аппарата акима района:

      1) организует выполнение, поставленных перед аппаратом задач;

      2) организует, координирует и контролирует работу структурных подразделений аппарата в пределах своей компетенции;

      3) утверждает структуру и штатное расписание аппарата, положение о его структурных подразделениях;

      4) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий аппарата;

      5) в пределах своей компетенции выполняет функции уполномоченного по этике;

      6) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      7) решает вопросы направления государственных служащих аппарата в командировки, предоставления им отпуска, материальной помощи, их обучения, переподготовки, повышения квалификации, поощрения, надбавок за исключением работников, трудовых отношений с которыми отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц;

      8) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих аппарата, за исключением работников, трудовые отношения с которыми отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц;

      9) в пределах своей компетенции обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции.

      Исполнение полномочий руководителя аппарата акима района в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Аппарат акима района возглавляется руководителем аппарата акима района, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество государственного органа

      21. Аппарат акима района может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество аппарата акима района формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за аппаратом акима района относится к коммунальной собственности.

      23. Аппарат акима района не вправе самостоятельно отчуждать или ным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение аппарата акима района осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.