Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 79 "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 143 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 122 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 17.07.2023 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 79 "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5165 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Айтмағамбетов

О внесении изменении в постановление акимата Таскалинского района от 27 марта 2018 года № 79 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Таскалинского района" и районных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета"

Постановление акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 1 августа 2022 года № 143. Отменен постановлением акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 17 июля 2023 года № 122

      Сноска. Отменен постановлением акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 17.07.2023 № 122 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Акимат Таскалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Таскалинского района от 27 марта 2018 года № 79 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Таскалинского района" и районных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5165) следующие изменения:

      в методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Таскалинского района" и районных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета" утвержденный указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" (далее – уполномоченное лицо), создается Комиссия по оценке (далее – Комиссия), рабочим органом которой является служба управления персоналом либо в случае ее отсутствия – иное структурное подразделение (лицо), на которое возложено исполнение обязанностей службы управления персоналом (кадровой службой) (далее – служба управления персоналом).

      Состав Комиссии определяется уполномоченным лицом. Количество членов Комиссии составляет не менее 5 человек.";

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается службой управления персоналом и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет-портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 40 настоящей Методики.";

      пункт 42 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Таскалинского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района Б. Айтмагамбетов