Үржар ауданы әкімдігінің қаулысын жою туралы

Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 8 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы "Үржар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" № 21қаулысы жойылсын.

      2. Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңда белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Хамитовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Башимбаев

Об отмене постановления акимата Урджарского района

Постановление акимата Урджарского района области Абай от 23 января 2024 года № 8.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, акимат Урджарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Отменить постановление акимата Урджарского района № 21 от 31 января 2023 года "Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов и крыш многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Урджарского района".

      2. Руководителю Отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Урджарского района принять меры вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Урджарского района Д.Хамитова.

      Аким района А. Башимбаев