Жетісу облысының Алакөл және Панфилов аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 47 бірлескен қаулысы және Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-88 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Алакөл және Панфилов аудандарының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 11 мамырдағы қорытындысы негізінде Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Панфилов ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      1) Пенжім ауылдық округі мен Пенжім ауылы – Атамекен ауылдық округі және Атамекен ауылы;

      2) Талды ауылдық округінің Лесновка ауылы – Талды ауылы болып қайта аталсын.

      2.Алакөл ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірлігі:

      1) Жыланды ауылдық округінің Әшім ауылы – Төңкеріс ауылы болып қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының және Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысы және Жетісу облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысы әкімінің м.а. Ә. Жақанбаев
      Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаева

О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Алакольского и Панфиловского районов области Жетісу

Совместные постановление акимата области Жетісу от 14 февраля 2024 года № 47 и решение маслихата области Жетісу от 14 февраля 2024 года № 14-88

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", по представлению местных представительных и исполнительных органов Алакольского и Панфиловского районов, учитывая мнения населения соответствующей территории, заключением областной ономастической комиссии от 11 мая 2023 года, акимат области Жетісу ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат области Жетісу РЕШИЛ:

      1. Переименовать следующие административно-территориальные единицы Панфиловского района:

      1) Пиджимский сельский округ и село Пиджим в сельский округ Атамекен и село Атамекен;

      2) село Лесновка Талдынского сельского округа в село Талды.

      2. Переименовать следующую административно-территориальную единицу Алакольского района:

      1) село Ашим Жыландинского сельского округа в село Төңкеріс.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата области Жетісу и решения маслихата области Жетісу возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее совместное постановление акимата области Жетісу и решение маслихата области Жетісу вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. акима области Жетісу А. Жаканбаев
      Председатель маслихата области Жетісу Г. Тойлыбаева