2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 33-тарауына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Былғары және қой терісінің шикізаты қасапханадан алынған (қасапхаларда, ет өңдеуші кәсіпорындарда және осы мақсатта арнайы бөлінген басқа да орындарда сойылған жануарлардан алынған) болуы және сояр алдында ветеринариялық тексеруден өткен жануарлардан алынған, ал ұшалары мен ішкі органдары сойылғаннан кейін ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізілген және шектеулерсіз өткізуге рұқсат етілген болуға тиіс.";
б) он төртінші абзацта "халықаралық талаптарға" деген сөздер "экспорттаушы елдің талаптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) он бесінші абзац "әкелуге" деген сөзден кейін "және (немесе) мүше мемлекеттер арасында орын ауыстыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
г) он бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Құрастырылмалы елтірі және мамық-тері шикізаты сібір жарасына (түйнемеге) тексеруден өткен болуға тиіс.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |