Мемлекеттiк ресурстан реттелмелi баға бойынша құрамажем босатуды реттеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 19 шiлде 1993 ж. N 1298. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Мемлекеттiк ресурстан реттелмелi баға бойынша құрамажем босатуды реттеу мақсатында қаулы етемiн:
      1. 1993 жылғы 20 шiлдеден бастап Құс шаруашылығының өнiмдерiн өндiру және ұқсату жөнiндегi "Құсөнеркәсiбi" ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк бiрлестiгiнiң, Өнеркәсiптiк негiзде мал шаруашылығының өнiмдерiн өндiру жөнiндегi "Малөнеркәсiбi" ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк бiрлестiгiнiң ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына, Ауыл шаруашылығында мал тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру жөнiндегi "Қазасылтұқымбiрлестiгi" Республикалық өндiрiстiк бiрлестiгiнiң және Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының асыл тұқымды шаруашылықтарына, сондай-ақ халыққа (Қазақстан Республикасы Сауда министрлiгiнiң қорлары бойынша) мемлекеттiк ресурстан құрамажем босату, үстеме құнға салықты қоса отырып, әрбiр тоннасына 30 мың сомға дейiнгi есеппен шектi босату бағасы бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi аталған қаулының 1 тармағында көрсетiлген шаруашылықтарға сатылатын құрамажем көлемiн, құрамажем кәсiпорындарының жеңiлдiктi баға бойынша құрамажем сатуға байланысты шығындарының орнын толтыру тәртiбiн белгiлесiн және осы мақсаттарға қаражат iздестiрсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республика халқын 1992-1993 жылдары азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң жағдайы мен шаралары туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 34, 510-бап) 1992 жылғы 17 қыркүйектегi N 917 қаулысының 7 тармағы құрамажемге сату бағасын айқындау бөлiгiнде күшiн жойған деп танылсын.
             Қазақстан Республикасының
                Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады