Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 маусым N 215 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 312 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі N 3578 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 268-құжат):
      аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
      6-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мемлекеттік нышандарды шығаруға, таратуға, насихаттауға, олардың әскери және өзге де атрибутикада пайдаланылуына байланысты мәселелерді қарайды;";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) геральдикалық белгілер жобаларын қарайды және олар бойынша қорытынды береді.";
      2) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы" Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 өкіміне :
      аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

     Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев     Қазақстан Республикасы
                                        Президенті Әкімшілігі
                                        Қоғамдық-саяси бөлімінің
                                        меңгерушісі, комиссия
                                        төрағасының орынбасары

          Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев        Қазақстан Республикасы
                                        Мемлекеттік хатшысының
                                        кеңесшісі, комиссияның
                                        хатшысы

     Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов       Қазақстан Республикасы
                                        Білім және ғылым бірінші
                                        вице-министрі

     Керім Пірімқұлұлы                  Қазақстан Республикасы
                                        Экономика және сауда
                                        министрлігі Стандарттау,
                                        метрология және
                                        сертификаттау жөніндегі
                                        комитетінің төрағасы

     Еркін Тілекұлы Мергенов            Қазақстан Суретшілер
                                        одағының төрағасы

     Владимир Александрович Лаптев      Астана қаласының бас
                                        сәулетшісі, Астана қаласы
                                        Сәулет және қала құрылысы
                                        департаментінің директоры;

     аталған құрамнан Ақан Құсайынұлы Бижанов, Хасен Сейілханұлы Абаев, Ерлан Мұхтарұлы Арын, Байыр Фарденұлы Досмағамбетов, Сәуле Мұсақызы Жолдыбаева шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады