Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 443 Өкімі

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкімімен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат) құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Абдрахманов                   - Қазақстан Республикасының
Сауытбек                        Ақпарат министрі

Байділдинов                   - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Дәулет Лайықұлы                 университеті заң факультетінің
                                деканы

Қайыржанов                    - "Қайнар" университетінің
Елеген Ізтілеуұлы               проректоры

Қопабаев                      - Д.А.Қонаев атындағы университеттің
Өмірәлі Қожабайұлы              ректоры

Құлекеев                      - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдірахметұлы          және ғылым министрі

Матюхин                       - Заңтану академиясының - "Әділет"
Анатолий Алексеевич             Жоғары құқық мектебінің ректоры

Сәрсембаев                    - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Марат Алдоңғарұлы               ұлттық университеті заң
                                институтының директоры;

      Кеңестің мына мүшелерінің лауазымдары төмендегідей редакцияда жазылсын:
      Б.А.Бұлғақбаев - "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы";
      М.А.Құл-Мұхаммед - "Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі";
      З.Қ.Тұрысбеков - "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі";

      аталған Кеңестің құрамынан Қ.Ш.Сүлейменов шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады