Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрегей және сирек ландшафттарды сақтау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 474 өкімі

      Қазақстан Республикасының аумағындағы ерекше рекреациялық маңызы бар бiрегей және сирек ландшафттарды сақтау мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi:
      туризм және рекреацияның мәнi ретiнде ерекше экологиялық және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      ерекше рекреациялық маңызы бар бiрегей және сирек ландшафттардың табиғи экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне тұрақты бақылау орнатсын, олардың азып-тозуына жол бермесiн.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      үш ай мерзiмде Щучинск-Бурабай курорт аймағы, Медеу және Шымбұлақ шатқалы аумақтарына мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiсi мәртебесiн беру туралы мәселенi қарасын және осы аумақтардағы шаруашылық қызметiне тыйым салулар мен шектеулер белгілеу жолымен оларды қорғауды қамтамасыз етсiн;
      алты ай мерзiмде жергілiктi халықтың әлеуметтiк-экономикалық факторларын және мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану жөнiндегi түбегейлi шараларды әзiрлесiн;
      қорғау аймақтарын қоса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимiнiң сақталуын және олардың мақсаты пайдаланылуын бақылау жөнiндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігіне жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады