Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 желтоқсандағы N 577 Өкімі

      "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323  өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 671-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға,

      Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі,

      Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

      мына жолдар:

      "Әбілхатаев               - Қазақстан Республикасы Президенті
      Марат Кәрімұлы              Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық
                                  басқармасы Құқық қорғау қызметі
                                  бөлімінің меңгерушісі",

      "Бектұрғанов              - Қазақстан Республикасы Президенті
      Ерсұлтан Өтеғұлұлы          Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау
                                  жұмысы және кадр саясаты
                                  басқармасы Кадр саясаты бөлімінің
                                  меңгерушісі"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әбілхатаев               - Қазақстан Республикасы Президенті
      Марат Кәрімұлы              Әкімшілігінің Құқық қорғау мен
                                  сот жүйелері мәселелері бөлімінің
                                  меңгерушісі",

      "Бектұрғанов              - Қазақстан Республикасы Президенті
      Ерсұлтан Өтеғұлұлы          Әкімшілігінің Кадр саясаты
                                  бөлімінің меңгерушісі";

      аталған комиссия құрамынан Б.Ә.Мұхаметжанов, Ғ.Р.Әбдірахымов шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады