Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 27 маусымдағы N 240 Өкімі

  Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
толық мәтіні және республикалық  
баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс

      1. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыртуды ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:

  Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары
мыналарға берілсін:

      Бекхожин Ерлан Қалижанұлына  - "Литер Медиа" компаниясының бас директоры, халықаралық өзекті тақырыптарға арналған жарияланымдар циклы үшін;

        Ғабдуллин Бигелді Қайырдосұлына  - "Central Asia Monitor" газетінің бас редакторы, "Астана" телеарнасында "Серезный разговор" телевизиялық хабарын жасағаны үшін;

        Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызына  - "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, отандық телевизиялық журналистикаға қосқан үлесі үшін;

        Круикшанк Дэнге  - ВВС телеарнасының тележүргізушісі және  Қыдырма Айдосқа  - ВВС телеарнасының Қазақстандағы арнайы өкілі, "Әлем архитектурасы ұлы жауһарларының хикаялары" сериясымен түсірілген, Қазақстанның елордасы Астана қаласына арналған "Армандар" атты деректі фильмі үшін;

        Разумов Ярослав Валерьевичке  - "Панорама" газетінің шолушысы, қазақстандық қоғамның саяси және экономикалық жаңғыруы мәселелерін жан-жақты көрсеткені үшін;

  Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары
мыналарға тапсырылсын:

      Әбдірахимов Нүсіпбай Додабайұлына  - Алматы облыстық "Жетісу" газетінің (Талдықорған қаласы) журналисі, аймақтық дамудың, тіл мен мәдениет саясатының өзекті проблемаларына арналған публицистикалық материалдары үшін;

        Ермекова Әлияға  және  Назарова Екатеринаға  - "АЛАУ-ТВ" телеарнасының (Қостанай қаласы) "Жаңалықтар-Новости" бағдарламасының жетекшілері, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы телевизиялық репортаждары үшін;

        Қамзанова Динараға, Қабдолданов Нұрболға, Қадырова Әселге  - "MAKHAT STUDIO" шығармашылық бірлестігінің (Астана қаласы) авторлар ұжымы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған ел тарихы мен мәдениеті туралы деректі фильмдер топтамасы үшін;

        Тасболатов Александр Зұлқарнайұлына  - "Егемен Қазақстан" газеті құқық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстандағы құқықтық реформалар процесін белсенді көрсеткені үшін;

        Түгел Сәдібекке  - публицист, "Қазанат" журналының шеф-редакторы, Қазақстанның елордасы Астананың қалыптасуына арналған публицистикалық материалдары үшін;

  Қазақстан Республикасы Президентінің
Алғысы мыналарға жариялансын:

      Жәмкенов Болат Жәмкенұлына  - журналист, ҚР СІМ кеңесшісі, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін терең көрсеткені үшін;

        Қосылбеков Дидар Амантайұлына  - "Начнем с понедельника" газетінің бас директоры және бас редакторы, "Замандастар" және "Абайтану" телевизиялық бағдарламаларын жасағаны үшін;

        Олжай Қайнарға  - "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, қоғамда қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық келісімді қалыптастыру мәселелеріне арналған мақалалар циклы үшін;

        "Мұқағали" журналының шығармашылық ұжымына  (Талдықорған қаласы) - ұлттық мәдениетті дамыту және М. Мақатаевтың шығармашылық мұрасы туралы жарияланымдар циклы үшін;

        "Алтын Орда" газетінің шығармашылық ұжымына  (Атырау қаласы) - экономикалық, әлеуметтік және құқықтық реформалар барысын кеңінен көрсеткені үшін;

        "Қазақстан-Ақтау" телеарнасының шығармашылық ұжымына -  аймақтық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін.

      2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады