Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 153 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 25 қазандағы № 371 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 987 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.05.12 № 987 Жарлығымен

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 153 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 388-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Айғазиев                 - «Шығысмашзауыты» акционерлік қоғамының бас
Асқар Тәжібайұлы           директоры (келісім бойынша),

Балушкин                 - «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамының бас
Анатолий Михайлович        директоры (келісім бойынша),

Потапов                  - «VITA» акционерлік қоғамының бас директоры
Петр Михайлович            (келісім бойынша),

Тұрсынов                 - «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы»
Алмат Жанәбілұлы           жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                           бас директоры (келісім бойынша);

      «Шөкеев Өмірзақ Естайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген жолдағы «орынбасары» деген сөз «бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Кеңестің құрамынан: Т.Р. Исатаев, Р.Т. Сәрсенов, М.Қ. Сейсембаев шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады