Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 442 Өкімі

      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «I. Индустриялық-инновациялық даму» деген бөлімнің «1.6. Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін жедел дамыту» деген шағын бөлімінде:
      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

22

2011 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын технологиялық жаңғырту және қару-жарақ пен әскери техниканы шығаруды дамыту бағдарламасын бекіту

Үкімет қаулысы

Үкімет

2010 жылғы желтоқсан

».

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады