Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 205 өкімі

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат; 2006 ж., № 11, 101-құжат; 2007 ж., № 9, 99-құжат; 2008 ж., № 47, 525-құжат; 2010 ж., № 53, 498-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерінде:
      № 1 және № 2 нысандар осы өкімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын сатып алу, есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.».
      2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 28 мамырдағы
№ 205 өкіміне     
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы  
Президентінің 1999 жылғы 
8 қарашадағы № 90 өкіміне
ҚОСЫМША        

№ 1 Нысан

Қазақстан Республикасы
________________________
(облысы)

НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________
3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек)
_____________________________________________________________________
4. Жынысы ___________ 5. Туған жылы мен туған жері __________________
6. Ұлты _____________________________________________________________
7. Білімі ___________________________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Үйінің мекенжай _________________________________________________
11. Жалпы жұмыс өтілі ___________ 12. Саладағы жұмыс өтілі___________
13. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ________________________________
14. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:

Кандидатура
_____________________________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы
_____________________________________________________________________
            талқылау болған уақыт, хаттаманың №)_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ талқыланып, ұсынылған.
Мына наградаға ұсынылады ____________________________________________
                                       (награданың түрі)

Кәсіпорынның, мекеменің,              Облыстық, республикалық
ұйымның басшысы                       атқарушы органның басшысы
___________________________           _______________________________
      (тегі, аты-жөні)                        (тегі, аты-жөні)
___________________________           _______________________________
      (қолы)                                   (қолы)

      М.О.                              М.О.

________ жылғы «______» ___________
      (толтырылған айы, күні)

      Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

№ 2 Нысан

Қазақстан Республикасы
______________________
(облысы)

НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)___________________________________
3. Туған жылы ___________ Туған жері_________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Лауазымы мен жұмыс орны __________________________________________
6. Көп бала тәрбиелеп өсіргені үшін бұрын қандай наградалармен
наградталды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Ананың балалары жөніндегі мәліметтер:

N N
р/с

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Туған жылы

Балалары қазір қайда тұрады

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8. Соңғы баланың туған жылы мен айы _________________________________
9. Ананың үйінің мекенжайы __________________________________________
10. _______________________________________________________ ұсынылады
                  (награданың түрі)

Көп балалы ананың отбасы мен балаларына
ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ

________________________________              _______________________
Кәсіпорын, мекеме, жергілікті                    (тегі, аты-жөні)
атқарушы орган басшысының қолы          М.О.
(қатыстылығына қарай)

Атқарушы органның шешімі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

___________________________                __________________________
Аудандық (қалалық) атқарушы                      (тегі, аты-жөні)
орган басшысының қолы             М.О.

________ жылғы «______» ___________
(толтырылған айы, күні)

      Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады