"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі.


  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында:

      1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін.

      2. Конкурстың лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      3. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия туралы ереже;

      2) Комиссияның лауазымдық құрамы бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Конкурсты өткізу қағидаларын бекітсін;

      2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 250 өкімімен бекітілген

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы айқындайтын оның бес мүшесінен қалыптастырылады.

      Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі - Ұлттық комиссия), сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың (бұдан әрі - өңірлік комиссиялар) қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.06.2017 № 171 өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      4. Комиссияның міндеттері:

      1) "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының (бұдан әрі – конкурс) лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі – үміткерлер) материалдарын қарау;

      2) конкурстың жеңімпазын айқындау болып табылады.

      5. Комиссияның:

      1) конкурсты өткізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуға;

      2) конкурсты ұйымдастырушылардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар;

      3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтары бар.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссия құрамына:

      1) Комиссия төрағасы;

      2) Комиссия төрағасының орынбасары;

      3) Комиссия хатшысы;

      4) Комиссия мүшелері кіреді.

      7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      Диплом мен айырым белгісінің (мүсіншені) сипаттамасын Комиссия төрағасы бекітеді.

      8. Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерінің қарауына жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды ұсынады.

      9. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.

      10. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледі:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың ресми интернет-ресурстары арқылы конкурсты өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы хабарлау;

      2) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;

      3) конкурс лауреаттарын марапаттау салтанатын ұйымдастыру;

      4) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.

      11. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жартыжылдықта бір реттен жиі өткізілмейді. Комиссия отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ол заңды деп саналады.

      12. Комиссияның конкурс лауреаты атағын беру туралы шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді және оған Комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды.

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 250 өкімімен бекітілген

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын
беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 11.04.2014 N 795; 17.09.2014 № 911; 14.03.2017 № 446; 01.06.2019 № 57 Жарлықтарымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрағасы, төраға

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның хатшысы, Комиссия хатшысы

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның 5 мүшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады