"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 3 өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 3 сәуірдегі № 544 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.04.2021 № 544 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 908-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      құпия;

      2) жоғарыда аталған өкімінің 3-қосымша осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      құпия;

      3) 7-қосымша:

      "Ауыл шаруашылығы министрі, комиссия төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бас прокурордың бірінші орынбасары, комиссия төрағасы";

      "Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергетика вице-министрі, комиссия төрағасының орынбасары";

      "Бас прокурордың орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл шаруашылығы вице-министрі";

      "Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бас прокуратураның қызметкері, комиссия хатшысы";

      4) 8-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Ведомствоаралық комиссияның құзыретінің саласына кіреді:

      1) сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - мемлекеттік органдардың сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - мемлекеттің әскери ұйымының мәселелерін және даму перспективаларын қарастыру;

      3) құпия;

      4) саяси қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерін қорғау жөніндегі мәселелерді қарастыру;

      5) ақпараттық кеңістік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі — елдің ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін қорғау жөніндегі мәселелерді қарастыру;

      6) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау жөніндегі мәселелерді қарастыру;

      7) экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын мәселелерді қарастыру;".

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комиссияның хатшысы ведомствоаралық комиссияның жылдық жұмыс жоспары мен кезекті отырысының күн тәртібін дайындауды қамтамасыз етеді, олар Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен келісіледі.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комиссияның хатшысы ведомствоаралық комиссия отырыстарының дәлжазбасының жасалуын қамтамасыз етеді. Дәлжазбалар мен сөз сөйлеушілер баяндамаларының көшірмелері Қауіпсіздік Кеңесіне ақпарат ретінде жіберіледі.".

      2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады