“Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 109 өкімі

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған өкімге 3-қосымшада:

      "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы төсбелгісінің сипаттамасынан кейін "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы төсбелгісінің мынадай сипаттамасымен толықтырылсын:

      “Қазақстанның енбек сіңірген ұстазы” төсбелгісі диаметрі 28 мм, қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанындағы жезден дайындалады. Төсбелгінің беткі жағында екі шеңбер (қазақ даласының символы) және Руб-әл-Хизб (сабақтастық пен философияның символы ретінде) нақышталған.

      Ортада ашылған кітаптың бейнесі орналасқан, оның орта сында геральдикалық сәулелер түскен (педагогтер еңбек ететін оқу-ағартудың символы ретінде) күннің бейнесі бар.

      Төсбелгінің сыртқы жағында “Қазақстан Республикасы” деген жазу орналасқан.

      Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір және қызыл түсті қатқыл лентамен қапталған ені 25 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.”.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады