Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 24 мамыр N 3002

      Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудi одан әрi жетiлдiру, олардың интеллектуалдық қабiлетi мен талантын дамыту үшiн қажеттi жағдайлар туғызу, жастарды қоғамдық даму мiндеттерiн шешуге қатысуға жан-жақты даярлау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      - 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер туралы Ереже әзiрлеп, бекiтетiн болсын, онда дарынды балаларды анықтау мен iрiктеу, аталған оқу орындарын бiлiктi педагог кадрларымен жасақтау, жекелеген пәндердi тереңдете оқытатын жұмыс iстеп тұрған мектептер мен кластардағы мұғалiмдердiң сапалық құрамын жақсарту тетiктерi көзделсiн;
      - 1996 жылғы 1 қыркүйекке дейiн дарынды балалар мен жастарды iздестiрудiң, тәрбиелеу мен оқытудың негiзгi стратегиясын айқындайтын Қазақстан Республикасының "Дарын" жас таланттарды мемлекеттiк қолдау бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      - 1996 жылғы 1 тамызға дейiн ғылым негiздерiн зерделеуде, музыкада, кескiндемеде, басқа да өнер түрлерiнде, спортта, балалар көркемөнер шығармашылығында ерекше дарындылығы мен қабiлетiн танытқан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудiң жай-күйiн қарайтын болсын, осындай балаларға арналған мектептер мен мектептен тыс мекемелердiң жүйесiн сақтау мен кеңейтуге бағытталған шаралар жүйесiн әзiрлеп, бекiтсiн;
      - жаңа оқу жылы басталғанға дейiн бұл мақсатқа қосымша қаржыландыру көздерiн, бюджеттен тыс қаражатты, демеушiлiк жарналарды тарта отырып, дарынды балаларға арналған мекемелердi - мектептердi, лицейлердi, гимназияларды, мектептен тыс мекемелер - оқушылар сарайлары мен үйлерiн, облыстық және қалалық жас техниктер, натуралистер, туристер станцияларын жөндеудi ұйымдастыру, оларды осы заманғы жабдықтармен, компьютерлiк техникамен жабдықтауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын.
      3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысына жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады