Бурабай таулы орман алқабын қорғауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмi 1997 жылғы 27 ақпан N 3369. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.08.23. N 159 өкімімен. ~N000159

      Көкшетау облысындағы Бурабай таулы орман алқабының бiрегей табиғи кешенiн сақтау, халықтың осы ауданның курорттық-санаториялық аймағында демалу жағдайын жақсарту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) "Бурабай" орман шаруашылығын қазiргi шекарасының шегiнде "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенi етiп қайта құрсын;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасын бiрлесiп, "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiнiң Жарғысын әзiрлеп бекiтсiн, онда өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғауды күшейтудi, осы аймаққа неғұрлым етене табиғат учаскелерiн табиғи қалпында сақтауды; арнайы рұқсатсыз осы кешен аумағында әуесқойлық және спорттық аңшылыққа тыйым салуды, ғылымның озық жетiстiктерi мен осы заманғы технологиялар негiзiнде рұқсат етiлген орман шаруашылығы және орманды қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзудi көздейтiн болсын;
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасымен бiрлесiп, "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiнiң қызметiн қаржыландыру мәселесiн қарасын;
      алаңдарды орман орналастыру бойынша нақтыланғаннан кейiн "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiнiң ормандарын қорғау санаттары бойынша бөлудi бекiтсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi, Қазақстан орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институты "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiне қажеттi орман шаруашылығы шараларын

ұйымдастыру мен жүргiзуде ғылыми әдiстемелiк көмек көрсетсiн,
ормандардың жай-күйiне бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн.
     3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Iс басқармасына жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады