Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалардың күш және оқпен ататын қаруды қолдануының негізгі қағидалары

Жаңа

БҰҰ-ның Қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынас жөніндегі Сегізінші Конгресімен қабылданды, Гавана, 1990 ж. 27 тамыз – 7 қыркүйек

      Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалар жұмысының әлеуметтік маңызының зорын, сол себепті сол лауазымды тұлғалардың еңбек жағдайын тиісті деңгейде, қажет болған жағдайда еңбек жағдайын әлде де көтеру қажеттілігін есепке ала отырып,
      тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерді жалпы қоғам тұрақтылығы мен тыныштығына төнетін қауіп-қатер ретінде қарастырылуы қажеттілігін есепке ала отырып,
      тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясында кепілдендіретін және азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде бекітілгендей адамның өмір сүруге, бостандығына және қауіпсіздігіне құқығын қорғауда ерекше маңызды рөл атқаратынын есепке ала отырып,
      қамауға алынғандармен қарым-қатынастың ең төменгі Стандартты ережелерінде түрме қызметкерлерінің өз міндеттерін орындау барысында күш қолдануына рұқсат берілетін жағдайлар қарастырылғанын есепке ала отырып,
      тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың тәртібі жөніндегі Кодекстің 3-бабында тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың өз міндеттерін орындау барысында аса қатты қажет болған жағдайда ғана күш қолдануына болатынын ескере отырып, Вареннада, Италия, өткізілген Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынас жөніндегі жетінші Конгресіне орай ұйымдастырылатын дайындық жиналысында тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың күш және оқпен ататын қаруды қолдануына шектеу қою бойынша болашақта жүргізілетін жұмыстар барысында қарастырылатын мәселелер жөнінде келісімдер өткізілді,
      жетінші Конгресс өзінің 14 қарарында әсіресе тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың күшті және оқпен ататын қаруды қолдануы адам құқықтарының тиісінше құрметтелу қажеттілігінің ескерілуімен жүзеге асу қажет деп атап өткенін есепке ала отырып,
      Экономикалық және әлеуметтік кеңес 1986 жылы 21 мамырдағы 1986/10 қарарының ІХ бөлімінде мүше мемлекеттер Кодексті жүзеге асыру барысында тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың күшті және оқпен ататын қаруды қолдануы жайлы мәселелерге ерекше назар аударуы қажет деп ұсынғанын, ал Бас Ассамблея 1986 жылы 4 желтоқсандағы 41/149 қарарында Кеңестің әсіресе осы ұсынысына жақсы қолдау көрсеткенін ескере отырып,
      тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың жеке бастарының қауіпсіздігіне мақсатты түрде тиісті назарды аудара отырып, олардың әділ сот төрелігіне қатысты, адамның өмір сүруге, бостандығына және қауіпсіздігіне деген құқықтарын қорғаумен, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыздандыруға, олардың біліктілігіне, дайындығы мен тәртібіне байланысты атқаратын рөлдерін қарастырған жөн боларын ескере отырып,
      үкіметтерге ұлттық заңнамалар мен тәжірибелер аясында мүше мемлекеттерге тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың тиісті рөлді орындауын қамтамасыздандыру және оған ат салысу бойынша алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда көмек көрсету мақсатында жасалған төменде берілген Негізгі қағидаларды назарға алып және оларды ұстану қажет; және де осы қағидаларды тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғаларға, сонымен қатар судьяларға, прокуратура қызметкерлері, загерлер, атқарушы билік пен заңнамлық билік өкілдері секілді басқа да тұлғаларға және жалпы халыққа жеткізу қажет.

Жалпы ережелер

      1. Үкіметтер мен құқық қорғау органдары тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың адамдарға қарсы күш пен оқпен ататын қаруды қолдануы туралы нормалар мен нормативтік ережелерді қабылдап, оларды іс жүзінде орындайды. Мұндай нормалар мен ережелерді дайындап шығару барысында үкіметтер мен құқық қорғау органдары негізінен әдетте күш пен оқпен ататын қаруды қолданумен байланысты этикалық мәселелерді ескереді.
      2. Үкіметтер мен құқық қорғау органдары құралдардың біршама кең ауқымын дайындап, тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғаларға күш пен оқпен ататын қаруды дифференциалды түрде қолдануға мүмкіндік беретіндей әр алуан қару мен қару жарақтарымен қамтамасыздандырады. Мұндай қарулар мен қару жарақтардың құрамына өлімге әкеліп соқпайтын, алайда өлтіре алатын немесе жарақаттандыра алатын құралдарды қолдану саласын барынша азайту мақсатында тиісті жағдайларда ғана қолданылатын бейтараптандырушы қару түрлері кіреді. Осы мақсаттарда тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғаларды қандай да бір қаруды қолдану қажеттілігін азайту мақсатында қалқан, дулыға, оқ өтпейтін көлік құралдары секілді өздерін қорғау үшін қажетті құрал-саймандармен жабдықтау мүмкіндігі болу қажет.
      3. Өзге адамдарға залал келтіру қаупін мейлінше азайту үшін өлімге әкеліп соқпайтын, алайда бейтараптандыратын қару түрлерін дайындап шығару туралы мәселені егжей-тегжейлі қарастыру қажет, және де осындай қаруды қолдануға байланысты қатаң қадағалау жүргізу қажет.
      4. Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар осындай қызметтерді атқару барысында мүмкіндігінше күшті немесе оқпен ататын қаруды қолдануға мәжбүрлегенге дейін күштеп, зорламайтын құралдарды пайдаланады. Олар күшті пен оқпен ататын қаруды осыдан басқа тәсілдер тиімсіз болған жағдайда немесе көзделген нәтижеге жетуге ешқандай үміт қалдырмаған жағайларда ғана қолдана алады.
      5. Күшті немесе оқпен ататын қаруды қолдануға қолданбасқа шара қалмаған барлық жағдайда тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар:
      a) мұндай күшті қолдануда шыдамдылық танытып, құқық бұзушылықтың қатаңдығы мен заңды мақсатқа жету үшін әрекет етеді;
      b) залал келтіру, жарақаттандыру мүмкіндігін барынша азайтады және адам өмірін қорғайды;
      c) ең қысқа мерзімде кез-келген жарақат алған немесе жапа шеккен тұлғаларға медициналық және басқа да қажетті көмектің көрсетілуін қамтамасыз етеді;
      d) жарақат алған немесе жапа шеккен тұлғалардың жақын туыстары немесе жақын достарының мүмкіндігінше ең қысқа уақыт аралығында хабардар болуын қамтамасыз етеді.
      6. Егер де тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың күшті немесе оқпен ататын қаруды қолдануы белгілі бір тұлғаның жарақаттануына немесе өліміне әкеліп соқса, олар бұл туралы 22 қағидаға сәйкес жоғары тұрған басшылыққа хабарлайды.
      7. Үкіметтер тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың күшті немесе оқпен ататын қаруды ерікті түрде немесе қасақана қолдануы қылмыс ретінде заңға сәйкес жазалануын қамтамасыз етеді.
      8. осы Негізгі қағидалардан қандай да бір жалтару ішкі саяси тұрақсыздық немесе тағы басқа да төтенше қоғамдық құбылыстар секілді төтенше жағдайлар арқылы ақтауға болмайды.

Арнайы ережелер

      9. Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар өзін-өзі қорғау немесе басқа тұлғаларға өлім қаупі немесе жарақат алу мүмкіндігі айдан анық туғанда басқа адамдардың қорғау қажет болған жағдайларды қоспағанда немесе өмірге деген айтарлықтай қауіп төндіретін аса ауыр қылмысты жасаудың алдын алу мақсатында, осындай қауіп төндіретін олардың билігіне қарсылық-көрсеткен тұлғаны тұтқынға алу мақсатында немесе ондай адамдардың қашып кетуінің алдын алу мақсатында және де тек қана осындай мақсаттарға жету үшін шешуші шаралар жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда адамдарға қарсы оқпен ататын қаруды қолдана алмайды. Кез-келген жағдайда нәтижесінде өлім әкеліп соқтырған қасақана күш қолдану өмірді қорау үшін ешқандай басқа шара қалмаған жағдайда ғана орын алуы тиіс.
      10. 9 қағидада қарастырылған жағдайларда тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар өздерін таныстырып, оқпен ататын қаруды қолдану ниеті туралы нақты ескерту жасайды, содан соң осындай ескертуге жауап беру үшін жеткілікті уақыт береді, мұндай іс-әрекеттер тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғаларға қажетсіз қауіп-қатерді тудырған немесе басқа тұлғалар үшін өлім қаупін немесе ауыр залал келтіру қаупін тудырған жағдайларды немесе оқиғаның қалыптасқан жағдайларында мұндай іс-әрекеттер орынсыз немесе қажетсіз болған жағдайларды қоспағанда.
      11. Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың оқпен ататын қаруды қолдану туралы нормалар мен ережелердің құрамына мыналарды қамтитын негізгі қағидалар кіреді:
      a) тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың оқпен ататын қаруды ұстауы қажет жағдайларды анықтайды және оқпен ататын қару мен қару жарақтардың рұқсат етілген түрлерін қарастырады;
      b) оқпен ататын қарудың тек қана тиісті жағдайларда жән де шектен тыс залал келтіру қаупін мүмкіндігінше азайтуға болатындай түрде қолданылатынын қамтамасыз етеді;
      c) аса ауыр жарақат келтіретін немесе ақталмайтын қауіп көзі болып табылатын оқпен ататын қару мен қару жарақтардың түрлерін қолдануға тиым салады;
      d) тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғаларға берілген оқпен ататын қару мен қару жарақтар үшін есеп беру шараларын қоса алғанда, оқпен ататын қару мен қару жарақтардың бақылануын, сақталуын және берілуін реттейді;
      e) оқпен ататын қарумен атар алдында тиісті жағдайларда беретін ескертулерді анықтайды;
      f) тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың оқпен ататын қаруды өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында қолданған барлық жағдайларда есеп беру жүйесін қарастырады.

Заңсыз жиналыстар болған жағдайда тәртіп сақтау

      12. Адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясында және азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде белгіленген қағидаларға сәйкес әрбір адам заңды және бейбіт жиналыстарға қатысуға құқылы болғандықтан, үкіметтер мен мекемелер, тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар күш пен оқпен ататын қару тек қана 13 және 14 қағидаларға сәйкес қолданылу қажеттілігін растайды.
      13. Күштемей жиналған заңсыз жиналыстарды тарату барысында тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар күш қолдануға бармайды, алайда ол мүмкін болмаған жағдайда оның қолданылуын қажетті минимумға дейін шектейді.
      14. Күштемей жиналған заңсыз жиналыстарды тарату барысында тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар оқпен ататын қаруды тек қана қаупі одан аздау келетін құралдарды қолдану жеткіліксіз немесе қажеттілігі өте аз шамада қолданылатын жағдайдағыдай секілді жағдайларда қолдануға болады. Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар 9 қағидада айтылған жағдайларды қоспағанда басқа жағдайларда оқпен ататын қаруды қолданбайды.

Тұтқынға алынған немесе қамаудағы тұлғаларды бақылау

      15. Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар тұтқынға немесе қамауға алынған тұлғалармен қарым-қатынас барысында түзету мекемелерінде қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау үшін аса қатты қажет болатын жағдайларды немесе жеке басының қауіпсіздігіне қауіп төнген кездерді қоспағанда, басқа уақытта күш қолданбайды.
      16. Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалар тұтқынға немесе қамауға алынған тұлғалармен қарым-қатынас барысында өзін-өзі қорғау немесе өзгелерді тікелей өлім қаупінен немесе ауыр жарақат алудан қорғау қажет болған жағдайларды немесе 9 қағидада айтылғандай қауіп төндіретін тұтқынға немесе қамауға алынған тұлғалардың қашып кетуінің алдын алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа жағдайларда оқпен ататын қаруды қолданбайды.
      17. Қамауға алынғандармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандартты ережелерінде, әсіресе 33, 34 және 35 ержелерде берілген түрмелер қызметкерлерінің құқықтары, қызметтері және міндеттеріне келтірілетін залалсыз қолданылады.

Біліктілік, дайындық және кеңес беру

      18. Үкіметтер мен құқық қорғау органдары тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғалардың тиісті түрде іріктеу іс-шараларының өткізілуі арқылы іріктелуін, өз міндеттерін тиімді атқару үшін тиісті рухани, психологиялық және физикалық қасиеттерге ие болуын, және де үздіксіз және жете кәсіби дайындығын қамтамасыз етеді. Осындай міндеттерді орындау үшін қажетті еңбекке жарамдылықтарын белгілі бір уақыт аралығында тексеріп тұру қажет.
      19. Үкіметтер мен құқық қорғау органдары тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалардың қажетті дайындықтан өтіп, күш қолдануды қажет ететін жағдайларда әрекет етуге арнайы дайындықтарға сәйкес тексерілуін қамтамасыз етеді. Оқпен ататын қаруды ұстап жүруге міндеттелген тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалар оларды қолдану бойынша арнайы курсты аяқтаған соң ғана тиісті рұқсаттамаларды алады.
      20. Тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымдық тұлғаларды дайындау барысында үкіметтер мен құқық қорғау органдары полицейлік этика және адам құқықтары туралы мәселелерге әсіресе тергеу жүргізу барысында, күш пен оқпен ататын қаруды қолдану орнына басқа да альтернативті шаралары, оның ішінде дауларды бейбіт жолмен реттеу, бұқаралық сипатта жиналған адамдардың әрекетін түсіну мен көндіру тәсілдері, келісімсөздер мен делдалдық келісімдер жүргізу, сонымен қатар күшті немесе оқпен ататын қаруды қолдануды шектеу мақсатында техникалық құралдарды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударады. Құқық қорғау органдары нақты оқиғалар бойынша тәжірибе алып, өздерінің оқу бағдарламалары мен оперативтік іс-шараларын қайта қарастыруы қажет.
      21. Үкіметтер мен құқық қорғау органдары күш немесе оқпен ататын қаруды қолдануға мәжбүрлейтін жағдайларға ұшыраған тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалар стресс алған жағдайларда олардың кеңес алуына үлкен назар аударады

Баянат беру және оны талдау іс-шаралары

      22. Үкіметтер мен құқық қорғау органдары 6 және 11 (f) қағидаларында айтылған барлық оқиғаларға қатысты тиімді баянаттарды беру және талдау іс-шараларын орнатады. Осы қағидаларға сәйкес ұсынылған баянаттар болса, үкіметтер мен құқық қорғау органдары сол оқиғалар бойынша тиімді талдануын және қажет болған жағдайларда тәуелсіз әкімшілік органдардың немесе соттық тергеу жүргізіп жатқан органдардың заңгерлік қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. Өлімге әкеліп соққан және аса ауыр жарақат алған жағдайларда немесе тағы басқа да ауыр салдары болған жағдайларда шұғыл түрде тәуелсіз әкімшілік тергеу және соттық бақылау үшін жауапты құзыретті органдарға егжей-тегжейлі баянат жіберіледі.
      23. Күшті және оқпен ататын қаруды қолданудың салдарынан жапа шеккен тұлғалар немесе олардың заңды өкілдері сот рәсімін қоса алғанда тәуелсіз жүргізілетін іс-шараларға қол жетімділігі қамтамасыз етіледі. Мұндай тұлғалардың өлімге душар болған жағдайда осы ереже тиісінше оның барлық қамқорлығындағы адамдарға қатысты қолданылады.
      24. Егер де жоғары лауазымды тұлғаларға өздерінің қол астындағы тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғаларының күшті немесе оқпен ататын қаруды заңсыз қолдану жағдайының орын алатыны немесе орын алуы туралы белгілі болған болса немесе белгілі болуы тиіс болған болса және де олар осындай оқиғалардың алдын алу, бұлтартпау немесе ол туралы хабарлау үшін қолдан келетін барлық тиісті шараларды қолданбаған болса, онда үкіметтер мен құқық қорғау органдары мұндай тұлғалардың жауапқа тартылуын қамтамасыз етеді.
      25. Үкіметтер мен құқық қорғау органдары тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексіне және осы Негізгі қағидаларға сәйкес күшті немесе оқпен ататын қаруды қолдану бұйрығын орындаудан бас тартқан немесе мұндай күшті немесе оқпен ататын қаруды қолдану туралы өзге лауазымды тұлғалар арқылы хабарлаған тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғаларға қатысты ешқандай да қылмыстық немесе тәртіптік шаралар қолданылмауын қамтамасыз етеді.
      26. Егер де тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалар күшті және оқпен ататын қаруды қолдану туралы бұйрықтың заңсыз екенін анық білсе, оны қолдану қандай да бір адамның өліміне немесе ауыр жарақат алуына әкеліп соққан болса және егер де сол бұйрықтан бас тартудың дұрыс мүмкіндігі болған болса, онда жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың бұйрықтарын орындау ондай тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғаларды ақтамайды. Кез-келген жағдайда жауапкершілік сондай-ақ заңсыз бұйрық берген жоғарыда тұрған лауазымды тұлғаларға да артылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады