Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерліктің алдын алу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының жетекші принциптері (Эр-Риядада қабылданған жетекші принциптер)

Жаңа

БҰҰ Бас Ассамблеяның 1990 ж. 14 желтоқсандағы 45/112 қарары

I. Негізгі принциптер

      1. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу қоғамдағы қылмысты алдын алудың маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке қатыса отырып, қоғам мен өмірге адамгершілік көзқарастарын қалыптастыра отырып, жастар қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын принциптерде тәрбиеленуі мүмкін.
      2. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу тиімді болу үшін, олардың тұлғаларын құрметтеп, ерте жастан бастап оның қалыптасуын ынталандыру арқасында жасөспірімдердің үйлесімді дамуын қалыптастыру мақсатында тұтастай қоғамның күші салыну керек.
      3. Осы Жетекші принциптерді талқылау мақсатында балалардың қажеттіліктеріне бағдарлау жүргізілу керек. Жастар қоғамда белсенді рөл атқарып, оның толыққанды мүшелері болу керек және тек қана қоғамдағы өмірге немесе қадағалауға дайындық нысандары ретінде қаралмауы керек.
      4. Осы Жетекші принциптерді ұлттық құқықтық жүйелермен сәйкес жүзеге асыру кезінде қылмысты алдын алу бағдарламаларының кез келгенінің басты назарында жастардың ерте кезден бастап әл-ауқатын арттыру болу керек.
      5. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алудың алға басушы саясатын жүзеге асырудың қажеттілігі мен маңыздылығын, сондай-ақ шараларды жүйелі зерттеу мен әзірлеудің қажеттілігі мен маңыздылығын мойындау керек. Бұл кезде баланың өзіндік дамуына нұқсан немесе басқаларға зиян келтірмейтін тәртібі үшін баланы қылмыстандыру мен жазалауды қолданбаған жөн. Бұндай саясат пен шаралар келесілерді қарастыру керек:
      a) мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, әдетте, жастардың түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін білім беру саласындағы мүмкіндіктерін және барлық жастардың, әсіресе, қауіп төніп тұрған немесе әлеуметтік қауіпті жағдайдағы және ерекше қамқорлық пен қорғанысты қажет ететіндердің тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйелерін ойластыру;
      b) жастар арасындағы қылмысты алдын алудың арнайы теориялары және құқық бұзушылықты жасау қажеттілігі мен мүмкіндігінің себептерін қысқарту немесе оған апаратын жағдайларды шектеуге бағытталған заңдарды, үдерістер, мекемелер, қызметтер құралы мен жүйелірен қолдануға негізделген осы мәселені шешу тәсілдері;
      c) ең әуелі кәмелетке толмағанның жалпы мүдделерін ескеріп, әділ әрі әділетті түрде жүзеге асырылуы керек ресми органдардың қатысуы;
      d) барлық жастардың амандығын, дамуын, құқығын және мүдделерін қамтамасыз ету;
      e) жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін жастардың әрекеттері мен тәртібі, көп жағдайда кемелдену мен есею үдерісіне байланысты екенін және есейген сайын көптеген индивидтардың тәртібі өздігінен өзгеретінін ескеру;
      f) көптеген сарапшылардың пікірінше, жастарды «бұзушы», «құқық бұзушы» немесе «бастауыш құқық бұзушы» деп анықтау, көп жағдайда, жастарда жағымсыз тәртіптің тұрақты стереотипінің дамуына әкелетінін мойындау.
      6. Кәмелетке толмағандар арасындағы, әсіресе, ешқандай мекемелер құрылмаған жерлерде қылмыстылықтың алдын алу үшін қауымдық қызметтер мен бағдарламалар әзірлеу керек. Ресми әлеуметтік бақылау мекемелері тек төтенше жағдайларла ғана қолданылу керек.

II. Жетекші принциптерді қолдану аясы

      7. Осы Жетекші принциптер Адам құқықтрының жалпыға ортақ декларациясы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Бала құқықтары декларациясы мен Бала құқықтары туралы конвенция және Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының минималды стандарт ережелері мәтінінде, сондай-ақ барлық балалар мен жастардың құқықтары, мүдделері мен амандығына қатысты басқа құжаттар мен нормалардың кең түсінігінде талқыланады және қолданылады.
      8. Осы Жетекші принциптер әр мүше мемлекеттерде бар экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайлар контекстінде қолданылады.

III. Алдын алулардың жалпы бағыты

      9. Алдын алуды тегіс қамтитын жоспарлары басқарудың барлық деңгейлерінде қабылданып, келесілерден тұру керек:
      a) мәселелердің терең сараптамасы және бағдарламалар, қызметтер, мекемелер мен қолда бар ресурстардың тізімі;
      b) құзыретті ұйымдар, мекемелер және ескерту қызметіне қатысатын қызметкерлердің нақты анықталған міндеттері;
      c) қылмыстың алдын алу саласындағы үкіметтік және үкіметтік емес мекемелер қызметінің тиісті бағыттауы үшін тетіктері;
      d) үнемі бақылауда болуы керек және жүзеге асырылу барысында мұқият сарапталатын, болжам негізіндегі саясат, бағдарламалар мен стратегиялар;
      e) кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтарды жасау мүмкіндігін тиімді төмендету әдістері;
      g) жеке сектор, қызмет көрсетуші қауым өкілдерінің, сондай-ақ еңбек, бала күтімі, білім беру, әлеуметтік сұрақтар, құқық қолданушы және сот мекемелерімен бірлесе отырып, ұлттық, мемлекеттік, ауылдық және жергілікті басқару органдары арасындағы тығыз сала аралық әріптестік және кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыскерліктің алдын алу бойынша ортақ шаралар қолдану;
      h) жастар арасындағы қылмыстың алдын алу саясатын жүзеге асыру үдерісіне жастардың қатысуы, соның ішінде қауым мүмкіндіктерін қолану, жастардың өздерінің көмегі мен орын толтыру бағдарламалары және зардап шегушілерге көмек;
      i) барлық деңгейдегі білікті қызметкерлердің болуы.

IV. Қоғамдағы өмірге дайындау үдерісі

      10. Қоғамдағы өмірге ұтымды дайындық пен барлық балалар мен жастардың, әсіресе, отбасы, қауым, ұқсас жастағы топ өкілдері, мектеп, кәсіби-техникалық даярлық, еңбек әрекеті, сондай-ақ еркін ұйымдар арқылы кірістірілуіне жәрдемдесетін алдын алу саясатына басты назар аудару керек. Балалар мен жастардың тұлғалық дамуына тиісті назар аудару керек; бұл кезде оларға қоғам өміріне дайындық пен бірігу үдерісіндегі тең серіктестерге сияқты қарау керек.

А. Отбасы

      11. Әр қоғам отбасы мен оның барлық мүшелерінің қажеттіліктері мен амандығына бірінші кезекте назар аудару керек.
      12. Отбасы балалардың қоғамдағы өмірге алғашқы дайындығының негізгі ұяшығы болып табылатындықтан, үкіметтік және қоғамдық ұйымдарға отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасылардың тұтастығын сақтауға барлық күшті жұмылдыру керек. Қоғам отбасына балаларға күтім көрсету мен қорғанысты қамтамасыз ету және дене мен психикалық денсаулығын нығайтуға көмек көрсетуге міндетті. Тиісті шаралар, соның ішінде күндізгі уақытта балаларға көмек көрсетудің тиісті шаралары қарастырылу керек.
      13. Үкіметтерге балалардың тұрақты және жағымды отбасы жағдайында тәрбиеленуіне жәрдемдесетін саясатты әзірлеу керек. Ішкі тұрақсыздық немесе даулы жағдайларды жеңуге көмек қажет ететін отбасыларға қажетті қызметтер көрсетілу керек.
      14. Отбасында тұрақтылық пен амандық жоқ, осы орайда ата-аналарға қоғамның көмек көрсетулері нәтижесіз және бұл рөлді кеңейтілген отбасы орындайды деген сенім болмаған кезде, балама тұрғылықты орын, соның ішінде балаларды тәрбиелеуге мекемелерге немесе асырап алуға басқа отбасыларына беру мүкіндігін қарастыру керек. Бұндай жерлердегі тұрмыс жағдайы тұрақты және аман отбасы жағдайларына барынша жақындатылған және бір орыннан екінші орынға «көшумен» байланысты мәселелердің алдын алуға көмектесетін, балаларда тұрақты қамқорлық сезімін туындату керек.
      15. Ұдайы әрі балансталмаған экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістермен байланысты мәселелерге шалдыққан отбасындағы балаларға, әсіресе, тұрғылықты халықтар, мигранттар мен босқындар отбасынан шыққан балаларға ерекше назар аудару керек. Рөл мен мәдениет келіспеушіліктерінің нәтижесінде туындайтын, бұндай өзгерістер отбасының балаларды дәстүрлі түрде тәрбиелеу мен дамытуды қамтамасыз ету қабілеттерін бұзатындықтан, балаларды қоғамдағы өмірге дайындау үшін жаңа және әлеуметтік тұрғыда сарынды жағдайлар жасау керек.
      16. Ата-аналар мен балалар арасында оң қарым-қатынасты қалыптастыру, балалар мен жастарды алаңдататын мәселелер туралы ата-аналарды ақпараттандыру мен жастардың отбасы өміріне және қауым қызметіне кірістіруге жәрдемдесе отырып, отбасыларын баланың дамуы мен оған күтім көрсетуде ата-аналардың рөлі мен міндеттері туралы ақпарат алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету керек.
      17. Үкіметтерге отбасындағы бірлік пен үйлесімділікті нығайтуға жәрдемдесетін шараларды қабылдап, баланың амандығы мен болашағына кері әсер ететін жағдайлар басқа таңдау қалдырмаған кездерден басқа, балалардың ата-аналарынан айырылуына қарсы тұру керек.
      18. Отбасы және кеңейтілген отбасы атқаратын қоғамдағы өмірге дайындық қызметіне еркеше назар аудару маңызды; сондай-ақ жастардың қоғам өміріндегі болашақ рөлі, міндеттері, қатысуы мен серіктестігін мойындау маңызды.
      19. Баланың қоғамдағы өмірге тиісті дайындыққа құқықтарын қамтамасыз ету кезінде үкіметтер мен басқа мекемелер тек қана бар қоғамдық және құқықтық мекемелерге ғана емес, сондай-ақ, егер дәстүрлі мекемелер мен әдеттер өзінің тиімділігін жоғалтса, дәстүрлі емес шешімдерді қабылдауына жол беру керек.

В. Білім беру

      20. Үкіметтер барлық жастарға мемлекеттік білім беру жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.
      21. Білім беру жүйелеріне оқу мен кәсіби-техникалық даярлықтан басқа, келесі сұрақтарға назар аудару керек:
      a) негізгі құндылықтарға құрметпен қарау мен баланың өзінің өзіндік мәдениетіне және баланың тұрып жатқан мемлекетінің қоғамдық құндылықтарына көзқарастарына, өзінің қоғамының мәдениетінен өзгеше болып келетін мәдениетке, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктеріне құрметті тәрбиелеу;
      b) барынша мүмкін дәрежеде жастардың тұлғаның, дарыннның, ойлау мен дене мүмкіндіктерінің дамуына жәрдемдесу;
      с) жастардың білім беру үдерісіне тек қана оның нысандары ретінде емес, оның белсенді әрі шынайы қатысушылары ретінде тартылуы;
      d) мектеп және қоғаммен байланыс және оған қатыстылық сезімін қалыптастыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
      e) жастарда түрлі көзқарастар мен пікірлерге, сондай-ақ мәдени және басқа ерекшеліктерге түсіністік пен құрмет сезімін дамыту;
      f) кәсіп таңдау, жұмысқа тұрудағы мүмкіндіктер мен кәсіби өсу мәселелері бойынша ақпарат пен кеңес беру;
      g) жастарға моральды қолдау көрсетіп, психологиялық қысымның көрсетілуіне жол бермеу;
      h) қатал тәртіптік шараларды, әсіресе, денелік жазалауларға жол бермеу;
      22. Білім беру жүйелері ата-аналармен, жастар мәселесімен айналыстан, жергілікті қоғамдық ұйымдар және мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуге тырысу керек.
      23. Жастар мен олардың отбасылары заңнама, заңнамаға сай олардың міндеттері мен құқықтары, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтық құжаттарын қоса, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы ақпараттандырылуы керек.
      24. Білім беру жүйесі әлеуметтік тәуекелділік тобына кіретін жастарға ерекше назар аудару керек. Арнайы алдын алу сипатындағы бағдарламаларды, сондай-ақ оқу материалдарын, оқу бағдарламаларын, әдістемесі мен сәйкес құралдарды толық көлемді пайдалану керек.
      25. Жастар ішімдік, есірткі және басқа заттарды пайдалудың алдын алуға бағытталған жалпы саясат пен стратегияларға басты назар аудару керек. Мұғалімдер мен басқа мамандар осы мәселелердің алдын алып, шеше алатындай оқытып, сондай-ақ оларды қажетті құрылғылармен қаматамасыз ету керек. Студенттердің есірткі, сондай-ақ ішімдікті пайдалану мен асыра пайдалану туралы ақпаратқа қолжетімділігі болу керек.
      26. Мектептер жастарға, әсіресе, оған аса мұқтаж және қатыгез қарым-қатынастан зардап шеккен, көңіл бөлінбейтін және қуғын мен қанауға ұшырағандарға медициналық, кеңестік және басқа көмек көрсетуде негізгі және ақпараттық орталықтар рөлін атқару керек.
      27. Түрлі оқу бағдарламаларының көмегімен оқытушылар мен басқа ересектердің, сондай-ақ оқушылардың назарын жастардың, әсіресе жағдайы төмен немесе жағымсыз топтардағы, сондай-ақ ұлыстық немесе басқа азшылықтарға және табысы төмен топатарға жататындардың қажеттіліктері мен көзқарастарына назар аударту керек.
      28. Мектептерге барынша жоғары кәсіби және білімділік деңгейді қамтамасыз етіп, оқу бағдарламаларын, оқытудың әдістері мен концепцияларын жетілдіру, білікті оқытушыларды таңдау мен дайындау жолдарымен өсуіне жәрдемдесуге тырысу керек. Сәйкес кәсіби ұйымдар мен органдар қызметі нәтижесін үнемі бақылау мен бағалауды қамтамасыз еткен жөн.
      29. Қоғамдық топтармен бірлесе отырып, мектептерге оқу бағдарламасынан тыс, жастарды қызықтыратын шараларды жоспарлап, әзірлеп және жүзеге асырған жөн.
      30. Мектепке бару тәртібін сақтау қиын болып келетін, сондай-ақ мектепті тастайтын балалар мен жастарға арнайы көмек көрсеткен жөн.
      31. Мектептер әділ әрі әділетті тәртіптер мен ережелерді қолдану керерк; оқушылардың өкілдері тәртіп пен шешім қабылдауды қоса, мектеп ережелерін әзірлеуге қатысуы керек.

С. Қауым

      32. Жастардың қажеттіліктері, мәселелері, мүдделері мен қамын ескеретін және оларға, олардың отбасыларына тиісті ұсыныстар мен кеңес беретін қауымдық қызметтер мен бағдарламаларды құрап немесе барларын нығайтқан жөн.
      33. Қауымдар жастарға жергілікті деңгейде қолдау көрсету немесе қауымдық орталықтар, демалыс орындары арқылы нығайтуға және әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалардың ерекше мәселелерін шешуге қызметтер көрсетуі керек. Бұндай көмек көрсету кезінде сол балалардың құқығын сақтау керек.
      34. Жастарға, өз үйлерінде әрі қарай тұру мүмкіндігінен айырылған немесе үйі жоқ жастарға тиісті тұрғылықты үй беруге жауапты арнайы қызметтерді құру керек.
      35. Жастар есею барысында тап болатын қиындықтарды жеңуге көмектесетін қызметтер мен шаралардың кең шеңберін қаматамасыз еткен жөн. Бұндай қызметтерге басты назар күтім, кеңес пен терапевтік көмекке бөлінетін, жас нашақорларды арнайы емдеу бағдарламалары кіру керек.
      36. Үкіметтер мен басқа мекемелер жастарға қызмет көрсететін ерікті ұйымдарға қаржылық және басқа қолдау көрсету керек.
      37. Жергілікті деңгейде қауым істерін басқаруға толықтай қатысатын жастар ұйымдарын құрып, нығайту керек. Бұндай ұйымдарға жастармен ұжымдық және ерікті жобаларды, әсіресе, оған мұқтаж жастарға көмек көрсетуге бағытталған жобаларды көтермелеген жөн.
      38. Үкіметтік мекемелерге қараусыз қалған балаларға көмек көрсетіп, оларға қажетті қызмет көрсету үшін ерекше жауапкершілікті мойындарына алған жөн; жастарға жергілікті қызметтер, тұрғын үй мен жұмысқа тұру мүмкіндіктері, срндақ-ақ көмектің басқа түрлері туралы ақпарат беру керек.
      39. Жастарға аса қызықты қызметтер кешені мен бос уақытты ұйымдастыру құраладарын құрап, бұндай қызметтерді алуға еркін қол жетімділікті қамтамасыз еткен жөн.

D. Бұқаралық ақпарат құралдары

      40. Бұқаралық ақрапат құралдарын жастарға түрлі ұлттық және халықаралық көздерден ақпарат алуға қолжетімділігін қамтамасыз етуге көтермелеу керек.
      41. Бұқаралық ақпарат құралдарын жастардың қоғамдағы оң рөлін көрсетуге көтермелеген жөн.
      42. Бұқаралық ақапарат құралдарын қоғамда жастарға арналған қызметтер мен мүмкіндіктер туралы ақпаратты таратуын көтермелеген жөн.
      43. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе теледидар мен кинематографияны порнография, есірткі және зорлықпен байланысты материалдар көрсетілімін шекутеге, зорлық пен қанауды жағымсыз бейнелеуге, сондай-ақ балалар, әйелдер мен жеке қатынастарды қадір-қасиетті қорлайтын түрде және құқық теңсіздік принциптерін үгіттейтін көрсетілімдерді болдырмауға ынталандыру керек.
      44. Бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің маңызды қоғамдық рөлі мен жауапкершілігін, сондай-ақ жастардың есірткі мен ішімдікті асыра пайдалануы туралы ақпаратты тарата отырып, тигізетін әсерін, түсіну керек. Олар балансталған шешімдерінің негізінде сәйкес ақпаратты бере отырып, есірткіні асыра пайдаланудың алдын алудағы өздерінің мүмкіндіктерін қолдану керек. Барлық деңгейлерде есірткінің зияны туралы ақпаратты тарату бойынша тиімді компанияларды жүргізуге жәрдемдескен жөн.

V. Әлеуметтік саясат

      45. Үкіметтік мекемелер жастарға арналған жоспарлар мен бағдарламаларға бірінші кезекте назар аударып, тиісті медициналық қызмет көрсету, психикалық денсаулықты қорғау, тамақтану, тұрғын үй мен басқа сәйкес қызметтер көрсету, соның ішінде есірткі мен ішімдікті асыра пайдалану мен емделу саласында қажетті қаржы мөлшерін ұсына отырып, жастар осы мақсатта бөлінген қаражаттарды алып, өз мүдделерінде пайдалануын қаматамасыз ету керек.
      46. Жастарды тәрбиелік-түзету мекемелеріне орналастыруды тек қана төтенше жағдайларда, барынша аз қажетті уақытқа және ең бастысы, баланың мүдделеріне көңіл аудара отырып, жүзеге асыру керек. Бұндай түрдің ресми қатысуына рұқсат беретін критерилерді қатал түрде анықтап, оларды келесі жағдайлармен шектеу керек:
      а) балаға ата-аналарының немесе қамқоршыларының қасақана әрекеттерінің нәтижесінде дене зақымы келтірілгенде;
      b) бала немесе жасөспірім ата-аналарының немесе қамқоршыларының тарапынан сексуалды, тән немесе моральды асыра пайдаланулардың нысаны болып табылғанда;
      с) бала немесе жасөспірім ата-аналарының немесе қамқоршыларының назарынсыз қалған, тасталған немесе қанауға ұшырағанда;
      d) бала немесе жасөспірімге ата-аналарының немесе қамқоршыларының әрекеттері нәтижесінде дене немесе моральды зиян келтірілу қаупі төнгенде;
      е) бала немесе жасөспірімнің тәртібі оған ауыр дене немесе психологиялық қауіп туындатып, ал ата-аналар, ұйымдар, кәмелетке толмағанның өзі, сондай-ақ оны тұрғылықты жерінен тыс жердегі қауымдық қызметтер тәртіптік-түзету мекемелерінің көмегінсіз бұл қауіпті жоя алмағанда.
      47. Үкіметтік мекемелер ата-аналар немесе қамқоршылары жастарды қамтамасыз ете алмған жағдайда жастарға мемлекет есебінен күндізгі оқуын жалғастыруға немесе еңбек дағдыларын иеленуге мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
      48. Жастар арасындағы қылмыскерліктің алдын алу бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеу сенімді ғылыми зерттеулердің незігінде жүзеге асырылып, мерзімді түрде бақылау, бағалау мен түзетіп отырылу керек.
      49. Мамандар мен тұтастай қоғам арасында қандай тұрғыдағы тәртіп немесе жағдай жастардың дене немесе психологиялық виктимизациясына, оларға зиян келтіруге, сондай-ақ оларды қанауға әкелетіні туралы ғылыми ақпаратты таратқан жөн.
      50. Жалпы барлық бағдарламалар мен жоспарларға қатысу ерікті түрде болу керек. Бұндай бағдарламаларды құрастыру, әзірлеу мен жүзеге асыруға жастардың өзі қатысу керек.
      51. Үкіметтерге отбасындағы жастарға қатысты және оларды қоғайтын зорлықтың алдын алу және отбасындағы бұндай зорлықтың құрбандарына әділетті қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық сот төрелігі жүйесінің шеңберінде және одан тыс саясатты, шаралар мен стратегияларды зерттеуді, дамыту мен жүзеге асыруды жалғастырған жөн.

VI. Сот төрелігі, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру

      52. Мемлекеттерге барлық жастардың құқықтары мен амандығын жүзеге асыру мен қорғауға жәрдемдесетін арнайы заңдар мен үдерістерді қабылдап, олардың орындалуын қамтамасыз еткен жөн.
      53. Балалар мен жастарға қатыгез қарым-қатынасқа, сондай-ақ оларды қылмыстық әрекеттерде қару ретінде қолдануға тыйым садатын заңнамаларды қабылдап, сақталуын қамтамасыз еткен жөн.
      54. Еш бір бала немесе жастар отбасында, мектепте немесе басқа мекемелерде дөрекі немесе қадір-қасиетті қорлайтын жазаларға шалдықпау керек.
      55. Балалар мен жастардың қарудың барлық түрлеріне рұқсатын шектейтін және бақылайтын заңнама әзірлеп, оның сақталуын қамтамасыз еткен жөн.
      56. Жастардың беделін әрі қарай түсіру, виктимизация мен қылмыстандырылуын алдын алу мақсатында құқық бұзушылық ретінде қаралмайтын және оны ересектер жасаған кезде жазаланбайтын әрекеттер оларды жастар жасаған жағдайда құқық бұзушылық ретінде қаралмай және жазаланбауды қарастыратын заңнама қабылдаған жөн.
      57. Жастар құқықтары мен мүдделері мәртебесін сақтауды қамтамасыз ететін омбудсмен немесе ұқсас тәуелсіз органның құрылуы және бар қызметтерде білікті қарым-қатынас мәселелерін қарастырған жөн. Омбудсмен немесе басқа бекітілген орган Эр-Риядалық жетекші принциптердің, Пекин ережелері мен Бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты ережелерді қадағаласа. Омбудсмен немесе басқа орган белгілі уақыт аралығында осы халықаралық құқықтық құжаттарды жүзеге асыру үдерісінде кездескен қол жеткізген алға басулар мен қиындықтар туралы баяндама жариялап отырса. Сондай-ақ балалар мүдделерін қорғау қызметтерін құрған жөн.
      58. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқа сәйкес қызеткерлер, жынысына тәіуелсіз, өз жұмыстарында жастардың ерекше қажеттіліктерін ескеруге дайын болып, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың сот төрелігі жүйесімен қақтығыныс болдырмау үшін барынша мүмкін дәрежеде бағдарламалар мен көмек қызметтерін біліп, қолдануы керек.
      59. Балалар мен жастарды есірткі мен есірткі стаушылардан қорғау үшін заңнама қабылдап, оны қатаң сақтау керек.

VII. Зерттеулер, саясатты әзірлеу мен координация

      60. Экономикалық, әлеуметтік, оқу-тәрбиелік және медициналық ұйымдар мен қызметтердің, сот төрелігі жүйелерінің, жастар мен қоғамдық ұйымдардың, даму мәселелерімен айналысатын мекемелердің жұмыстарының әрекеттестігі мен үйлесімділігін көп салалық және сала аралық негізде көтермелеу үшін күш жұмсап, тиісті тетіктерді құрған жөн.
      61. Ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде жастар арасындағы қылмыскерлікпен және кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асырумен байланысты жобалар, бағдарламалар, тәжірибелік іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асыру барысында жинақталған ақпарат, тәжірибе мен білім алмасуды белсендендіру керек.
      62. Практиктер, сарапшылар мен шешім қабылдауға жауапты тұлғалардың қатысуымен жастар арасындағы қылмыскерлік, қылмыскерліктің алдын алу мен кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мен нығайту жұмыстарын жүргізген жөн.
      63. Барлық үкіметтер, Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесі мен басқа мүдделі ұйымдар тәжірибелік және бағдарламалық мәселелер бойынша ғылыми-техникалық әріптестікті, әсіресе, кадрларды даярлау мен тәжірибелік және көрсеткіштік жобаларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ жастар арасындағы қылмыскерліктің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды белсенді түрде қолдау керек.
      64. Жастар арасындағы қылмыскерліктің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолдарына қатысты ғылыми зерттеулерді жүргізу кезіндегі әріптестікті көтермелеп, бұндай зерттеулердің нәтижесін кең тарату мен бағалануын қамтамасыз еткен жөн.
      65. Сәйкес органдарға, мекемелер мен Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшелеріне балалар, кәмелетке толмағанадарға қатысты сот төрелігі мен жастар арасындағы қылмыскерліктің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты түрлі мәселелер бойынша тығыз әріптестікте болып, қызметтерді үйлестірген жөн.
      66. Осы Жетекшілік принциптер негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы мүдделі мекемелермен бірлесе отырып, зерттеулерді жүргізу, ғылыми әріптестікті жүзеге асыру, саясат нұсқаларын әзірлеу мен олардың жүзеге асырылуын көрсетіп, бақылап отыруда белсенді рөл атқарып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алудың тиімді жолдары туралы сенімді ақпараттың көзі болу керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады