Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы Декларация

Жаңа

Декларация Москва қаласы 1998 жылғы 6 шілде. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      Біз Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясының Президентi ХХI ғасыр қарсаңындағы кең ауқымды халықаралық тұрғыда екi ел арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйi мен даму перспективаларын жан-жақты талқылай келiп,
      Қазақстан мен Ресей халықтарының тығыз достық байланыстарының тарихи қалыптасқан дәстүрлерi мен игi құндылықтарына сүйене отырып,
      Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршiлiк қатынастарды, көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайту екi мемлекет халықтарының түбiрлi мүдделерiне жауап беретiнiне, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк iсiне қызмет ететiнiне кәміл сене отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актiсiнiң және Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның басқа да құжаттарының халықаралық құқықтың жалпы таныған нормаларының, сондай-ақ адам құқығы саласындағы халықаралық өлшемдердiң мақсаттары мен принциптерiне адалдықтарын қуаттай отырып,
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде кең ауқымды ынтымақтастыққа ниеттеніп және Қазақстан мен Ресей Федерациясының Достастыққа қатысуынан туындайтын мiндеттемелерiн сақтауға бекем бел буып, осы Декларацияны қабылдаймыз және салтанатты түрде мәлiмдеймiз:
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мәңгiлiк достықпен бiрiккен. Олар ХХI ғасыр қарсаңында ұлттық қауiпсiздiктiң, саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келiсiмiнiң және екi мемлекеттiң де гүлденуiнiң кепiлдiгi болып табылатын осы достықты сақтауға және нығайтуға мiндеттенедi.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өздерiнiң адалдығын қуаттайды, осы Шартты екi бауырлас мемлекеттер мен халықтардың жан-жақты байланыстарының одақтастық өзара iс-қимылдарының қазiргi және кейiнгi дамуының және тереңдей түсуiнiң мызғымас құқықтық негiзi ретiнде қарайды.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кең ауқымды ынтымақтастықпен өзара сенiм бiлдiру, тәуелсiздiктi, егемендiктi, аумақтық тұтастықты және мемлекеттiк шекаралардың бұзылмауы, дауларды бейбiт жолмен реттеу және күш қолданбау немесе күшпен қорқытпау, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, тең құқықтың және өзара тиiмдiлiк принциптерi негiзiнде өздерiнiң қарым-қатынастарын құрады.
      Iзгi көршiлер ретiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы саяси, экономикалық, әскери және басқа да салаларда бiр-бiрiнiң заңды мүдделерiн жан-жақты ескеруге мiндеттенедi.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Еуразия кеңiстiгiнде және бүкiл әлемде ахуалды жақсартуда және бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде бiрлесе iс-қимыл жасап, сыртқы саясат саласында тығыз түрде ынтымақтасатын болады. Олар қалыптасып келе жатқан қарама-қайшылыққа толы әлем жағдайында топтық көзқарастарды еңсеру, халықаралық қарым-қатынастарда жаңа шекаралық сызықтар жүргiзуге жол бермеу қажеттiгiн негiзге алады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кез келген мемлекеттiң немесе мемлекеттер тобының тарапынан өздерiне қарсы қауiп-қатердi болдырмау немесе агрессия актiлерiне қарсы iс-қимыл жасау үшiн өздерiнiң мүмкiндiгi бар барлық iс-шараларды бiрлесiп қабылдайтын болады және қажет болған жағдайда БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес ұжымдық қорғанысқа арналған құқықтарын жүзеге асыру тәртiбiмен қолғабысты қоса алғанда, бiр-бiрiне тиiстi көмек көрсетедi.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы екi елдiң экономикалық интеграциясын тереңдетуге және ТМД шеңберiндегi уағдаластықтарды ескере отырып, бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi қалыптастыру үшiн жағдай жасауға қол жеткiзiп, сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық салаларда өзара тиiмдi ынтымақтастықты кеңейтетiн болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы екi елдiң отын-энергетика кешенiн дамытуда, сондай-ақ энергия көздерiн әлемдiк рыноктарға экспорттау саласында тиiмдi түрде өзара iс-қимыл жасайтын болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ғылымның, техниканың, жаңа технологиялардың өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн басым бағыттарында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытатын болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы еңбек көшi-қонын реттеудiң, жұмыс орындарының тиiмдi жүйесiн құрудың және кадрлық әлеуеттi дамытудың негiзiнде жұмыс iстейтiн ортақ еңбек рыногын қалыптастыру үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық және ұйымдық жағдайлар жасайтын болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы біріккен көлiк жүйесiн қалыптастыру мен дамытуға және осы мақсаттарда жүктер мен жолаушыларды кедергiсiз тасымалдау үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық және ұйымдық жағдайлар жасауға зор маңыз бередi.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы келiсiлген әлеуметтiк саясат жүргiзетiн болады, осы мақсаттарда денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қорғаудың ұлттық жүйелерiн үйлестiредi, азаматтардың әр түрлi санаттарын зейнетақылармен, жәрдемақылармен және жеңiлдiктермен қамтамасыз ету деңгейiн кезең-кезеңiмен теңестiру үшiн күш жұмсайтын болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы барлық қатысушы мемлекеттердiң мүдделерiн қатаң түрде құрмет тұтып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының әлеуетiн мейлiнше толық iске қосу мақсатында аталған құрылымды жетiлдiру үшiн табанды әрi мақсатты түрде жұмыс iстейтiн болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, сондай-ақ 1996 жылғы 29 наурыздағы Кеден одағы мен Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шарттың шеңберiнде көп қырлы ынтымақтастықты жандандыратын болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi аса маңызды мiндеттерi бiрдiң бiрi деп санайды. Олар өздерiнiң халықаралық мiндеттемелерi мен ұлттық заңдарына сәйкес табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тәжiрибесiн алмасу, экологиялық таза технологияларды енгiзу және қоршаған ортаны қорғау мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жолымен осы саладағы ынтымақтастықты ынталандыратын болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация этникалық тегiне қарамастан қандай да бiр кемсiтушiлiксiз, шектеусiз немесе артықшылық берместен өздерiнiң азаматтарының тең құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етедi. Көп ұлтты Ресей Федерациясында тұрып жатқан этникалық қазақтар және көп ұлтты Қазақстан Республикасында тұрып жатқан этникалық орыстар қазақстандық және ресейлiк қоғамдардың табиғи бөлiгi болып келдi, болып отыр және болып қала бередi.
      Олар тәуелсiздiк, демократия және гүлдену жолында екi мемлекеттiң де дамуына лайықты үлес қосып келедi және қосатын да болады, олар екi елдiң жақындасуы, стратегиялық келешекке арналған қазақстандық-ресейлiк қарым-қатынастардың беріктігi факторларының бiрi болып табылады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы екi ел халықтарының рухани және мәдени жақындығын сақтауға, мәдениет, ғылым, бiлiм беру, ақпарат саласында өзара байланысты тереңдетуге жан-жақты жәрдемдесетiн болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ғылыми, шығармашылық және өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес жұмыс iстейтiн өзге де одақтардың, қорлардың арасында кең ауқымды байланыстар орнатуға жәрдемдесетiн болады.
      Халықтардың мәңгiлiк достығы мен бауырластығы идеяларын қатаң түрде ұстанатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мәдениет пен ғылым қайраткерлерiнiң "Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгiлiк достық үшiн" атты қауымдастығын құрады.
      Тараптар бiлiм берудiң мемлекетаралық стратегиясын қалыптастыру және студенттер мен оқушыларды оқытудың бiрлескен бағдарламаларын әзiрлеу, мамандарды даярлау мен қайта даярлау, жоғары, орта арнаулы және орта бiлiм беру туралы құжаттардың, ғылыми дәреже мен ғылыми атақ беру туралы дипломдардың баламалылығын тану негiзiнде ортақ бiлiм беру мен интеллектуалдық кеңiстiктi сақтау жолымен бiлiм берудiң ұлттық жүйелерiн жақындастыруды жан-жақты көтермелейтiн болады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бiрлескен оқу орындарын (Қазақ-Орыс Университетi және Орыс-Қазақ Университетi, сондай-ақ гимназиялар) құрады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шығармашылық одақтар мен бiрлестiктердiң, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерiнiң арасында тарихи қалыптасқан байланыстар мен бiрiгулердiң, халықтардың этникалық және тiлдiк ерекшелiктерiн сақтаудың негiзiнде ортақ мәдени кеңiстiктi сақтап, нығайту үшiн жағдай туғызуды қамтамасыз етедi.
      Өз халықтарының мызғымас достығын нығайтуды өздерiнiң тарихи мақсаты мен мiндетi деп санайтын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттерi берiк бейбiтшiлiк, тұрақтылық және кепiлдендiрiлген қауiпсiздiк жағдайына ХХI ғасыр екi мемлекет үшiн де жан-жақты дамуға, экономика мен мәдениеттi көтеруге кең ауқымды перспективалар ашатынына сенiм бiлдiредi.

     Мәскеу қаласында 1998 жылғы 6 шiлдеде жасалды.

                                                      (Қолдары)

     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А.
       Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады