Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 қаңтар N 37

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес және жылқының қостанайлық тұқымын сақтау және өсіріп-өрбіту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының, өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы жылқының қостанайлық тұқымын сақтау және өсіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) уәкілетті органмен келісім бойынша Кәсіпорынға Қостанай жылқы заводын, сондай-ақ Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасын іске асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аргарлық зерттеулер орталығының "Қостанай" ҒӨБ "Заречное" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының техникалары мен көлік құралдарының қажетті санын берсін; 
      2) Кәсіпорынға жылқының қостанайлық тұқымын сақтау және өсіріп-өрбіту жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және жұргізуге жәрдем көрсетсін.

      5. Уәкілетті органға:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекіту және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
      2) осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі заңдарда көзделген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады