Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің әскери қызметшілері мен Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің белгіленген тәртіппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берілген қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 қаңтар N 43. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.04. N 302 қаулысымен

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы мен "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің әскери қызметшілері мен Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің белгіленген тәртіппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берілген қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап қолдануға енгізіледі.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң 2000 жылғы         
11 қаңтардағы N 43          
қаулысымен               
бекiтiлген               

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң әскери қызметшiлерi мен Өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi лауазымдарының
Тізбесі      

I Бөлім. 

      ЕСКЕРТУ. I Бөлім - күшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29.  N 593  қаулысымен.       

II Бөлім. Өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң белгіленген
тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi 

       1. Департаменттердiң, бас басқармалардың, басқармалардың, дербес бөлiмдердiң, мамандандырылған отрядтардың, отрядтардың, бөлiмдердiң, секторлардың, бөлiмшелердің, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерінің, өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, лабораториялардың, күштердi басқару орталықтарының, автоматтандырылған байланыс жүйелерiнiң, сүңгуiр қызметтердiң, өрт сөндiру байланыстары орталық пункттерiнiң, сынақ полигонының, қарауылдардың, жеке постылардың (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда) бастықтары 
      2. Департамент, бас басқармалар, басқармалар, дербес бөлімдер, мамандандырылған отрядтар, отрядтар, бөлiмдер, секторлар, бөлiмшелер, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерi, өрт сөндiру бөлімдерi, лабораториялар, күштердi басқару орталықтары (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда) бастықтарының орынбасарлары 
      3. Ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторлар, аға инженерлер, аға анықтаушылар, ерекше маңызды iстер жөнiндегi аға анықтаушылар, аға ғылыми қызметкерлер, аға инспекторлар, аға сарапшылар, аға диспетчерлер, өрт сөндiру жетекшiсiнiң аға көмекшiлерi (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда) 
      4. Бас инспекторлар, бас мамандар (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда); экипаждардың командирлерi, оң жақтағы ұшқыштар, штурмандар, борт-техниктер, өрт сөндiру жетекшiсiнiң орынбасарлары, өрт сөндiру жетекшiлерiнiң көмекшiлерi, сүңгуiр мамандар, отрядтар бастығының көмекшiлерi (жедел кезекшiлер), инженерлер, инспекторлар, анықтаушылар 
      5. Химиялық және радиациялық барлаудың, газ-түтiннен қорғау қызметтерінің, құтқарушылардың, өрт сөндiру машиналарын жүргiзу жөнiндегi жүргiзушiлердiң, сүңгуiрлердiң аға инструкторлары 
      6. Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң, байланыстың, байланыс пен арнаулы жабдықтардың аға шеберлерi 
      7. Аға механиктер, аға жүргiзушiлер, аға шеберлер, аға респираторшылар, аға техниктер, аға радиотелеграфшылар, аға өрт сөндiрушiлер, аға прожекторшылар (кадрлықты, қаржылықты, медициналықты және шаруашылықты қоспағанда) 
      8. Радиостанциялардың бастықтары, бөлiмшелердiң командирлерi, құтқарушы-шеберлер, сүңгуiрлер, жүргiзушiлер, диспетчерлер, газ-түтіннен қорғау қызметтерінің шеберлері, кіші инспекторлар, мотористер, радиотелеграфшылар, радиотелефоншылар, өрт сөндірушілер, өрт сөндіруші-құтқарушылар, прожекторшылар.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады