"ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 қаңтар N 72

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Фитосанитария" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуді;
      2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі комитетінің "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 мамырдағы N 649 P960649_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1999 ж., N 22, 221-құжат):
      4-тармақта:
      1) тармақшадағы "экономикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) карантиндік зиянкестерге, өсімдіктердің ауруларына және арам шөптерге қарсы іс-шаралар жұргізу;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) аумақтардың фитосанитарлық жағдайы туралы ақпараттарды жинау мен дайындау;
      2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады