Байланыс формасы

Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртiбi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың: 
      1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды жасасудың тәртiбi туралы және Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 16, 139-құжат); 
      2) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегі" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1017 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 34, 321-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
2000 жылғы 21 қаңтардағы     
N 108 қаулысымен         
бекiтiлген            

  Жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң
Тәртібі

      Осы Тәртiп Пайдалы қазбаларды, оның ішінде мемлекеттiк меншiктегі техногендi минералды түзiлiмдерден, Барлауға, Өндiруге, бiрлескен Барлауға және Өндiруге арналған, сондай-ақ Барлаумен және/немесе Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған құқықтарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқықтарын берудiң тәртiбiн айқындайды.
      Барлық өзгерiстер мен толықтырулар ескерiле отырып Қазақстан 
Республикасы Президентiнің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы  N 2828 заң күшi бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы  N 2350 заң күшi бар Жарлығымен айқындалған ұғымдар мен терминдер осы Тәртiпте қолдануға жатады. Z100291 қараңыз

  Жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң
тәсiлдерi

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес екi тәсiлмен: 
      1) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсын (бұдан әрi - Конкурс) өткiзу және Келiсiмшарт жасасу жолымен; 
      2) тiкелей келiссөздер жүргiзу және Келiсiмшарт жасасу жолымен берiледi.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығы Келiсiмшарт жасалған сәттен бастап қана берiлген және пайда болған болып саналады. 
      2-1) егер өтініш беруші Ұлттық компания болып табылған жағдайда; 
      2-2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күші бар  Жарлығымен 73-тармағында белгіленген жағдайда. 
      Ескерту. 2-1), 2-2)-тармақшалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 894 қаулысымен. 

  Тiкелей келiссөздер жүргiзу жолымен 
жер қойнауын пайдалану құқығын беру

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай жағдайларда: 
      1) егер өтiнiм берушiнiң жасалған Барлауға арналған Келiсiмшарттың негізінде Барлау жүргiзуге байланысты Өндiруге арналған құқықты алуға ерекше құқығы болған жағдайда; 
      2) Барлаумен және/немесе Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және/немесе пайдалануға Келiсiмшарт жасалған жағдайда;
      2) үш метрден артық тереңдікте салынған тоннельдер, метрополитендер, жерасты жыл өтпелері және инженерлік құрылыстар;
      2-1) егер өтініш беруші Ұлттық компания болып табылған жағдайда;
      2-2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығының 73-тармағында белгіленген жағдайда;
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда тiкелей келiссөздер жүргiзу және Келiсiмшарт жасасу жолымен берiледi. 
      3-1. Барлаумен және/немесе Өндірумен байланысты емес Құрылысқа және/немесе жерасты құрылыстарын пайдалануға Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған Келісімшарттарды жасау жөніндегі тікелей келіссөздер объектілері болып табылады: 
      1) мұнай және газ, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерін сақтау орындары мен олардың резервуарлары үшін жерасты және топырақ қабатынан төмен тереңдетілген құрылыстары;
      3) қорды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын қотаруға арналған құрылыстар;
      4) қатты, сұйық қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен қоймаға салуға және ағын және өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызуға арналған қалдықтарды, шайындыларды сақтау орны болып табылады. 
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 894 қаулысымен. 

      4. Тiкелей келiссөздерге қатысуға арналған өтiнiмдер:
      1) өтiнiм берушiнiң атауын;
      2) өтiнiм берушiнiң мекен-жайын;
      3) мемлекеттiк тиесiлілiгiн (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығын (жеке тұлғалар үшiн);
      4) заңды тұлғаның басшылары немесе иелерi мен өтiнiм берушiнiң атынан өкiлдiк ететiн адамдар туралы деректердi;
      5) өтiнiм берушiнiң техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректердi;
      6) тiкелей келiссөздердi жүргiзудiң негiздемесiне қарай Құзыреттi орган талап еткен өзге де ақпаратты қамтуы тиiс.

      4-1. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға Келiсiм-шарт жасасу үшін тiкелей келiссөздерге қатысуға өтiнiм, сондай-ақ  мыналарды қамтуы тиiс:
      1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды көму, ағын және өнеркәсiптiк суларды ағызу орындары объектiлерiнiң жалпы сипаттамасы (объектiнiң орналасқан жерi, пайдалану мерзiмi, ұстауға арналған шығындар, жер асты сулары, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингi қадағалау желiсiнiң болуы және орналасуы);
      2) объектiлердiң физикалық сипаттамасы-оқшаулану сипаттамасы, тау жыныстарының түрлерi, коллекторлық қабаттың орналасу тереңдiгi және тиiмдi қуаты, оның алаңы, кеуектену коэффициентi, астыңғы және үстiңгi су ұстағыштардың сипаттамасы, жер асты сулары табиғи
ағынының жылдамдығы, сандық және сапалық көрсеткiштер, тау-кендiк, арнайы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық көму, қоймаға салу және ағызу шарттары;
      3) қызметi зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, ағын және өнеркәсiптiк сулардың пайда болуына әкеп соғатын ұйымдар туралы мәлiметтер (орналасқан жерi және ведомстволық тәуелдiлiгi);
      4) зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, ағын және өнеркәсiптiк сулардың сипаттамасы (өнiмнiң атауы, нәтижесінде өнiм пайда болатын техникалық өндiрiс немесе процесс, олардың физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, улы компоненттердiң
болуы, өрт-жарылғыш қауiптiлiгі, ерiгiштiгі, сақталған кездегi басқа заттармен сыйымдылығы, ластандыратын негiзгi радионуклидтер, олардың белсендiлiгі, тасымалдау жүйелерiнiң сипаттамасы); 
      5) геологиялық ақпараттың мемлекеттiк сараптамасының қорытындысы;
      6) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы.
       Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.01. N 1160 қаулысымен.

      5. Құзыреттi орган өтiнiм берушiге тiкелей келiссөздердi жүргiзудің басталу мерзiмiн қоса алғанда тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi шешiмнiң қабылданғандығы немесе тiкелей келiссөздер жүргізуден бас тартылғандығы туралы өтiнiм берiлген күннен бастап 3 айдың iшiнде жауап беруге мiндеттi.

  Барлауға, Өндiруге және бiрлескен Барлау мен Өндiруге жер
қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық
бағдарламалардың конкурсын өткiзудi ұйымдастыру

      6. Пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мемлекеттiк меншiктегi техногендiк минералды құралымдардан Барлауға, Өндiруге және бiрлескен Барлау мен Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру осы Тәртiптiң 3-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық бағдарламалардың конкурсын (бұдан әрi - Конкурс) өткiзу жолымен жүргізiледi.

      7. Конкурсты өткiзудi ұйымдастыруды Құзыреттi орган жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның құрамын Құзыреттi орган қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      8. Конкурстар өткiзудiң тәсiлi бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкiн. Ашық конкурс қатысушылардың шектеусiз шеңберiнiң арасында жүргiзiледi. Ашық конкурс өткiзу және оның шарттары туралы құлақтандыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Жабық конкурс оның ықтимал қатысушыларына құлақтандыру жолдау жолымен адамдардың шектеулi шеңберiнiң арасында жүргiзіледi. 

      9. Осы Тәртiптiң 8-тармағына сәйкес жарияланатын не жолданатын құлақтандыруларды жариялаудың не жолдаудың мерзiмiн оған қатысты конкурс жарияланатын объектiнiң (жер қойнауы учаскесiнiң) ерекшелiгiне қарай Құзыреттi орган айқындайды.
     Конкурсты өткiзу туралы құлақтандыру:
      1) өткiзудiң уақыты мен өтетiн жерiн;
      2) өтiнiмдер берудiң мерзiмiн;
      3) конкурстың негізгі шарттарын;
      4) конкурсқа қойылатын жер қойнауы учаскесiнiң (блоктың) орналасқан жерi мен қысқаша сипаттамасын;
      5) геологиялық ақпараттар пакетiнiң құнын;
      6) жазылып алынатын бонустың ең төменгi мөлшерлерiн;
      7) оны төлеуге арналған деректемелердi көрсете отырып Құзыреттi орган белгілейтiн конкурсқа қатысу құқығы үшiн жарнаның мөлшерiн қамтуы тиiс.
      Құлақтандыруда Конкурсты өткiзудiң шарттары туралы өзге де ақпарат көрсетiлуi мүмкiн.

      10. Конкурсқа қатысуға өтiнiм:
      1) өтiнiм берушiнiң атауын;
      2) өтiнiм берушiнiң заңды мекен-жайы мен негiзгi қызмет орнының мекен-жайын;
      3) мемлекеттiк тиесiлiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығын (жеке тұлғалар үшiн);
      4) заңды тұлғалардың басшылары немесе иелерi мен өтінім берушiнің атынан өкiлдiк ететiн адамдар туралы деректердi; 
      5) өтiнiм берушiнің құжаттамалық жағынан расталған техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндiктерi туралы деректi қамтуы тиiс. 

      11. Конкурсқа өтiнiмдердi қабылдауды және ресiмдеудi Құзыреттi орган жүзеге асырады. Мұндай өтiнiмдер өтiнiм берушi конкурсқа қатысу үшiн жарна төлегеннен кейiн қарауға қабылданады. Өтiнiм берушiге Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қабылданғандығы туралы өтiнiм түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде ресми құлақтандырылады. 

      12. Құзыреттi орган Конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылданғаннан кейiн өтiнiм берушiге ол бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру ұйғарылған жер қойнауы учаскесiне (блогына) арналған геологиялық ақпараттардың пакетiн бередi. Геологиялық ақпараттардың пакетiн жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган қалыптастырады және өтiнiм берушiге конкурстық ұсынысты әзiрлеу үшiн қажеттi геологиялық ақпаратты қамтуы тиiс. Әртүрлi өтiнiм берушілер ұсынатын геологиялық ақпараттардың пакетi бiрдей болуы тиiс. 

      13. Құзыреттi орган мынадай: 
      1) осы Тәртiптің талаптарын бұза отырып өтiнiм берген; 
      2) өтiнiм берушi өтiнiмде жалған немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған; 
      3) өтiнiмде өтiнiм берушiнiң Конкурсқа қатысуға өтiнiмде көрсетiлген Барлау және/немесе Өндiру үшiн қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық мүмкiндiктерге ие екендiгi немесе ие болатындығы туралы құжаттамалық куәлiктердiң болмауы жағдайларында Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудан бас тартуға құқылы. 

      14. Конкурсқа қатысуға жарна төлеу жөнiндегі шығындарды қоса есептегенде Конкурсқа қатысушы шеккен шығындар қайтарылуға не өтелуге жатпайды. 

  Конкурстық ұсыныс

      15. Өтiнiм берушi Конкурстың шарттарында белгiленген мерзiмдерде конкурстық ұсыныс жасайды. Құзыреттi органға келiп түскен және Конкурсқа жiберілген Конкурстық ұсыныс Конкурсқа қатысушыларға қайтарылуға жатпайды. Конкурстық ұсыныс осы Тәртiптiң Конкурсты өткiзудiң тәртiбi мен өтiнiм берушiнiң мiндеттерiне қатысты шарттарымен танысқандығы туралы сiлтеменi қамтуы тиiс. 

      16. Конкурсты өткiзу процесiнде өтiнiм берушi комиссияның шешiмi бойынша Конкурстық ұсынысты жақсарта алады Конкурстық ұсынысқа өзгерiстер мен толықтырулар оларды берудiң мерзiмi көрсетiле отырып қосымша ресiмделедi. Ұсыныс өзгерiстер мен толықтырулар Құзыреттi органға берiлген және оларды Құзыретті орган тiркеген сәттен бастап жақсартылған болып саналады. 

  Конкурстың қорытындыларын шығару және Конкурстың
жеңімпазын анықтау

      17. Конкурстық комиссия алынған конкурстық ұсыныстарды бағалаудың қорытындылары бойынша Конкурстық жеңімпазы туралы шешiм қабылдайды және тиiстi хаттама ресiмделедi. Аталған хаттама жеңiмпаздың конкурстық ұсынысы қоса берiле отырып конкурстық комиссияның Конкурстың жеңiмпазын iрiктеу жөнiндегi шешiмiн қамтиды, оған конкурстық комиссияның мүшелерi мен комиссияның төрағасы қол қояды 

      18. Конкурстың жеңiмпазын мынадай негiзгi өлшемдер жиынтығының: 
      1) Барлауды және/немесе Өндiрудi жүргiзудi бастаудың және қарқындылығының, Өндiрудiң рентабелдiлігi мен Өндiру жобасының түсiмдiлiгiне қол жеткiзудiң мерзiмiнiң; 
      2) бюджетке бастапқы сондай-ақ одан кейiнгi төлемдердiң ұйғарылып отырған мөлшерлерiнiң; 
      3) инвестициялардың, жобаны қаржыландырудың мерзiмдерi мен шарттарының және келiсiмшарттық аумақтың өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдарын дамытуға күрделi салымдардың мөлшерiнiң; 
      4) жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi заңдар мен нормативтiк актiлер талаптарының сақталуының негізiнде конкурстық комиссия айқындайды. 

      19. Конкурстық ұсыныстар мазмұнының салыстырмалы теңдiгi жағдайында конкурстық комиссия Конкурстың түпкiлiктi жеңiмпазын айқындау мақсатында Конкурс жеңiмпаздарының "қысқаша тiзiмiн" (аралық тiзiмiн) айқындауға құқылы. Конкурстық комиссия Конкурстың түпкiлiктi жеңiмпазын айқындау мақсатында Конкурс жеңiмпаздарының "қысқаша тiзiмiне" қатысушылардан конкурстық ұсынысқа қатысты қосымша ақпарат сұратуға құқылы. Конкурстың аралық жеңiмпаздар осы Тәртiптiң 16-тармағының шарттарын сақтай отырып өздерiнiң конкурстық ұсынысын жақсартуға құқылы. Конкурстың түпкiлiктi жеңiмпазы хаттамамен ресiмделедi. 

      20. Құзыреттi орган жабық конкурстың жеңiмпазына оның Конкурста жеңiске жеткендiгі туралы ресми түрде хабарлайды. Ашық конкурстың нәтижелерi ресми баспа органында жарияланады. Осы Тәртiптiң 20-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын, Конкурстың жеңiмпазы туралы хаттаманы ресiмдеу сәтi - Конкурстың аталған жеңiмпазының конкурстық ұсыныста көзделген шарттармен салыстырғанда Қазақстан Республикасына қатысты неғұрлым тиiмдi шарттарда Келiсiмшарт жасасуға және осы Тәртiпте айқындалған өзге де шарттарды орындауға арналған мiндеттемелерi пайда болған сәт болып есептеледi. 

                        Конкурсты өтпеген деп тану

         21. Конкурсқа қатысушылардың санына шек қойылмайды. Конкурсқа бiр өтiнiм берушi ғана қатысқан жағдайда конкурс өтпеген болып танылады. 
      Конкурс өтпеген деп танылған жағдайда конкурстық комиссия инвестициялық бағдарламалар конкурсынан объектіні алуға немесе құзыретті орган айқындаған тәртіппен қайталама конкурс белгілеуге құқылы. 
      Тек бiр өтiнiм берушiнiң болуына орай қайталама конкурс өтпеген деп танылған жағдайда конкурстық комиссия құзыреттi органға келiссөздердiң негiзiнде және Қазақстан Республикасы үшiн ол конкурстың ұсыныста ұсынғаннан тиымсыз емес шарттарда мұндай өтiнiм берушiмен келiсiмшарт жасауға құқықты.
       Ескерту. Абзацпен  толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N  894 қаулысымен. 

      22. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген басқа негiздемелер бойынша да Конкурс өтпеген болып танылады.

                      Келiсiмшарт жасасудың тәртiбi

      23. Келiсiмшарт жасасу жөнiнде келiссөздер жүргізу үшiн:
      1) Құзыреттi органның тікелей келiссөздердi жүргізуге арналған шешiмi; немесе
      2) конкурстық комиссияның Конкурстың жеңiмпазы туралы хаттамасы негіздеме болып табылады.

      24. Құзыреттi орган мен Жер қойнауын пайдаланушы Келiсiмшарттың тараптары болады.

      25. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Пайдалы қазбаларды, сондай-ақ Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң пайдалы қазбаларын Барлауға, Өндiруге, аралас Барлауға және Өндiруге арналған келiсiмшартты жасасуға қатысты Құзыреттi орган болып табылады. 
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті Барлаумен және/немесе Өндiрумен және жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және/немесе пайдалануға арналған Келiсiмшартты жасасуға қатысты Құзыреттi орган болып табылады. 
      Жергiлiктi атқарушы органдар Коммерциялық мақсатта Кең тараған пайдалы қазбаларды Барлауға және/немесе Өндiруге арналған Келiсiмшартты жасасуға қатысты Құзыреттi орган болып табылады. 
      Жеке және заңды тұлғалар Келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы болып табыла алады. Егер жер қойнауын пайдалану құқығы кейiн жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi болып табылатын бiрнеше жеке және/немесе заңды тұлғаларға берiлсе, онда Келiсiмшарт Құзыреттi орган мен осындай жеке және/немесе заңды тұлғалардың арасында жасалады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiмшарттың талаптарын орындау жөнiндегі өзара құқықтары мен мiндеттерi жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы шартпен (келiсiммен) айқындалады және Келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылады. 
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 894 қаулысымен. 

      26. Келiссөздердi мүдделi министрліктер мен ведомстволар өкiлдерiнiң мiндеттi қатысуымен Құзыреттi органның жұмыс тобы жүргізедi. Жұмыс тобының құрамын министрлiктер мен ведомстволар ұсынған кандидатуралардың негiзiнде Құзыреттi орган бекiтедi. 

                      Келiсiмшартты дайындау және келiсу

      27. Келiсiмшарттың жобасын моделдiк келiсiмшарттың қағидаларын ескере отырып жер қойнауын пайдаланушы дайындайды және конкурстық комиссия Конкурстың жеңiмпазы туралы хаттаманы ресiмдеген не Құзыреттi орган тiкелей келiссөздер жүргізу туралы шешiм қабылдаған сәттен бастап 90 күннен кеш емес мерзiмде ұсынылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды Барлауды және/немесе Өндiрудi жүргiзуге арналған Келiсiмшарттың жобасын моделдiк келiсiмшарттың негізiнде жер қойнауын пайдаланушы дайындайды және тиiстi әкiм шешiм қабылдаған сәттен бастап 30 күннен кеш емес мерзiмде ұсынылады. 

      28. Құзыретті орган жобаның экономикалық параметрлерiн айқындау мақсатында Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігімен және Қаржы министрлiгiмен, ал Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - облыстық экономика басқармасымен және аумақтық салық органымен бiрлесiп қаржы-экономикалық моделдi қарайды. 
       Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 894, 2002.11.01. N 1160 қаулыларымен.

      29. Келiсiмшарттың тараптармен келiсілген жобасы оған қол қойылғанға дейiн Келiсiмшарттың жобасы алынған сәттен бастап 30 күн мерзiмде тиiсiнше Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінде және Қаржы министрлiгінде мiндеттi экономикалық және салықтық сараптама жасауға жатады. 
       Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 894, 2002.11.01. N 1160 қаулыларымен.

      30. Келiсiмшарттың жобасы 30 күн мерзiмде Әдiлет министрлiгiмен, ал Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi аумақтық органымен, сондай-ақ алынған күннен бастап мына министрлiктермен және ведомстволармен: 
      1) қоршаған табиғи ортаны қорғау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, ал Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - оның аумақтық органдарымен; 
      Барлаумен және/немесе Өндірумен байланысты емес Құрылыс және/немесе жерасты құрылыстарын пайдалану үшін жарамды жер қойнауын пайдалану, қорғау және Қойнаулар учаскелерінің кенсіздігін анықтау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетімен, ал Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - оның аумақтық органдарымен; 
      2) денсаулық сақтау мәселелерi бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, ал Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша оның аумақтық бөлiмшелерiмен; 
      3) жұмыстарды қауiпсiз жүргізу мәселелерi бойынша - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiмен мiндеттi келiсуге жатады. 
        Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 894, 2002.11.01. N 1160, 2006.04.28. N 340, 2006.12.04. N 1164 қаулыларымен.

      31. Құзыреттi орган Келiсiмшарттың талаптарын әзiрлеу процесiнде тәуелсiз консультанттар мен сарапшыларды тартуға құқылы. Тәуелсiз консултанттар мен сарапшыларды тартуға байланысты барлық шығындарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте мердiгер өтейдi. 

      32. Келiссөздер жүргiзiлгеннен, Келiсiмшарттың жобасына сараптама жүргізiлгеннен және ол келiсiлгеннен кейiн Келiсiмшартқа бiрiншi басшы, орынбасары немесе оның тапсырмасы бойынша өзге де уәкiлеттi адам мен жер қойнауын пайдаланушының уәкiлеттi өкiлi қол қояды. 

      33. Келiсiмшарттың талабы конкурстық ұсыныстың шарттарымен салыстырғанда Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлiгі төмен бола алмайды. Конкурс жеңімпазының конкурстық ұсыныста айқындалған шарттармен салыстырғанда Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлігі аз шарттарда Келiсiмшарт жасасудан бас тартуы Конкурс жеңiмпазы мiндеттемелерiнiң айтарлықтай бұзылуы болып саналады. 

      34. Келiсiмшарт пайдалы қазбалардың Келiсiмшартта көрсетiлген түрiн ғана Барлауға және/немесе Өндiруге құқық бередi. Құзыреттi орган Келiсiмшартта қамтылған түрлердiң тiзбесiне енбеген Пайдалы қазбалардың қорлары табылған жағдайда, Келiсiмшартқа тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жолымен мұндай Пайдалы қазбаларды Өндiру жөнiндегі шарттарды айқындауға құқықты.

      35. Тараптар өзара келiсiм бойынша жазбаша нысанда келiссөздер жүргiзу жолымен Келiсiмшартқа өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзуге құқылы. Қабылданатын өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды келiсу және сараптама жасау аталған өзгерiстер және/немесе толықтырулар құзыретiне жататын министрлiктермен және ведомстволармен ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте енгізiлетiн өзгерiстер конкурстық ұсыныста айқындалған шарттармен салыстырғанда Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлiгi төмен бола алмайды. 

                    Келiсiмшарттарды тiркеу және сақтау

      36. Келiсiмшарт қол қойылғаннан кейiн оны жасасқан мемлекеттiк органда мiндетті мемлекеттiк тiркелуге жатады. Келiсiмшартты тiркеген мемлекеттiк орган Келiсiмшарттардың мемлекеттiк тiркелуiнiң тiзiлiмiн жүргізедi.

      37. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушыға беретiн белгiленген үлгiдегі сертификат Келiсiмшарттың тiркелуiн куәландыратын құжат болып табылады.

      38. Келiсiмшартқа өзгерiстер мен толықтырулар да Келiсiмшарттардың мемлекеттiк тiркелуiнің тiзiлiмiне енгiзу жолымен тиiстi мемлекеттiк органның тiркеуiне жатады. Келiсiмшарт пен оған өзгерiстер және/немесе толықтырулар олар тiркелген сәттен бастап күшiне енген деп танылады.

      39. Жасалған Келiсiмшартты сақтауды оны тiркеудi жүргiзген тиiстi мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      40. Келiсiмшарттың көшiрмесi оны Құзыреттi орган тiркегеннен кейiн мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне, Қаржы министрлiгiне жолданады. 
       Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.01. N 1160 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады