Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 11 ақпан N 204

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Z990422_ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - Мекеме) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      2000 жылға арналған республикалық бюджетте ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен және шектерінде Мекемені қаржыландыруды;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат саны лимитінің шегінде Мекеменің штат санын айқындауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
      1) Мекеменің Жарғысын бекітсін;
      2) Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                              2000 жылғы 11 ақпандағы
                                                  N 204 қаулысына
                                                      қосымша

           Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
               ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің
                                    ТІЗБЕСІ

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Алматы қаласы
     сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын             Көкшетау қаласы
     сынау жөніндегі Ақмола облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Ақтөбе қаласы
     сынау жөніндегі Ақтөбе облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Алматы қаласы
     сынау жөніндегі Алматы облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын              Өскемен қаласы
     сынау жөніндегі Шығыс Қазақстан
     облыстық инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Тараз қаласы
     сынау жөніндегі Жамбыл облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Орал қаласы
     сынау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын             Қостанай қаласы
     сынау жөніндегі Қостанай облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын             Павлодар қаласы
     сынау жөніндегі Павлодар облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын            Петропавл қаласы
     сынау жөніндегі Солтүстік Қазақстан
     облыстық инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын              Шымкент қаласы
     сынау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан
     облыстық инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын            Қарағанды қаласы
     сынау жөніндегі Қарағанды облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын            Қызылорда қаласы
     сынау жөніндегі Қызылорда облыстық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Астана қаласы
     сынау жөніндегі Тың аймақтық
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын              Талдықорған
     сынау жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық             қаласы
     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Семей қаласы
     сынау жөніндегі Жетісу облыстық          
     инспектурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады